Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балалар ауруы

 

Баланы улы жәндік шақса не істеу керек?


Улы жәндіктерге жылан, шаян, қарақұрт, бүйі, тағы басқалар жатады. Бұлар қыс бойы ұйықтап, көктем шығып, күн жылына бастаған кезде оянады да сыртқа шығады. Улы жәндіктер адамды өздігінен шақпайды, көрсе тез арада тығылып қалуға тырысады. Олардың уларының құрамы да әр түрлі.

Сондықтан да удың құрамына және оның мөлшеріне, жыл мезгіліне, қай жерді шаққанына, удың денеге қаншалықты тарағанына байланысты бала да әр түрлі күйге душар болады. Жаз айларында бұл жәндіктердің улары күшейе түседі. Бет пен басты, мойынды шаққанда у тез таралып, орталық нерв жүйесін улайды, ең бастысы — орталық нерв жүйесі өз жұмысын нашарлатады, ал бұл өте қауіпті.

Өмірде көріп жүргеніміздей, ауыр жағдайда тынысы тарылып, қан қысымының төмендеуіне қарамастан жүрек бірнеше минутқа (15—20) дейін соғып тұрады. Бұл науқастың халін жақсартуға мүмкіндік береді. Себебі, жүрек-қан тамырының жұмысын жақсартатын дәрілерді қолдана отырып, уға қарсы сыворотканың тиісті мөлшерін тамыр арқылы жіберіп, баланың өмірін сақтап қалуға болады.

Жылан шаққан жер әдетте қанталап ісінеді, жайылып ұлғая түседі. Іскен жерді сипасақ жылтыр әрі ыстық екенін көреміз. Ересек бала жылан тістеген жердің ауырғанын айтып көрсетсе, ал жас бала беталды шырылдап жылай береді. Уақыт өткен сайын баланың халі нашарлап, ентігуі күшейе түседі. Жүрегінің соғысы жиілейді, басы айналып құсады. Лимфа бездері ісінеді, реңі бозарып, есінен ауық-ауық танып қалуы мүмкін.

Қарақұрт уы зәрлі жәндіктердің бірі. Ол шаққан кезде адамның бүкіл тұла бойы ауырады, аяқ- қол еттері тартылады, қалтырап-дірілдеп тоңғандай болады да артынша денесінің ыстығы көтеріледі, ісініп терлейді. Қатты терлеп, ентігеді, дем алысы нашарлайды. Өкпесі ісінеді, жүрек соғысы жиілейді, тамыр соғысы әлсірейді, көзінің қарашығы үлкейеді. Сілекейі шұбырып, тілі аузына сыймайды. Көзінен жас ағады. Қан қысымы көтеріледі.

Бүйі шаққанда — бала үнемі жылай береді. Себебі бүйінің уы нерв жүйесін улап денеге жайыла түседі. Сондықтан бүйі шаққан бойда бала қатты жылайды, бірте-бірте ауыру да күшейе түседі. Ал жарты сағат өтер-өтпестен баланың тілі күрмеліп, сөзі бұзылады. Жұтына алмайды, дем алысы нашарлайды, саусақтары құрысып, дене еттері тартылады. Ыстығы күрт төмен түсіп, денесінен мұздай тер шығады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, улы жәндіктер шаққанда бүкіл организм уланады. Сондықтан да тез арада көрсетілетін медициналық жәрдемнің маңызы зор. Дәрігерлік көмекке дейін мына төмендегідей жәрдем көрсете білген дұрыс.

Баланы жатқызып, улы жәндік шаққан жерін қимылдатпайтындай ету қажет, сусынды мейлінше көп берген жөн. Шаққан жерге марганцовка ертіндісіне малынған таза шүберек немесе дәке қоюға болады.

Кейбіреулер улы жәндік шаққан жерден жоғарырақ қатты қысып байлап тастайды, күйдіреді немесе сорып түкіреді. Кейде шаққан жерді тіліп жібереді. Бұл негізінде дұрыс емес. Оның пайдасынан зияны көп.

Емдеу мекемелерінде әрқашанда жеткілікті мөлшерде улы жәндіктердің уына қарсы сыворотка болады. Сыворотка екі жауырынның арасына, тері астына жіберіледі. Егер баланың жағдайы өте ауыр болса, онда сыворотканы тамырға жайлап жібереді, улану дәрежесіне байланысты және жас мөлшеріне қарай сыворотканың да дозасы әр түрлі болады. Сыворотка денеге жайылған уды залалсыздандырады. У денеге өте жылдам тарайтын болғандықтан, сыворотканы мейлінше ертерек қолданған дұрыс.

Сывороткамен қатар басқа да дәрілер қолданылады. Мысалы, қан тамырына тамшылатып глюкоза, гемодез, рингер ертіндісі, полиглюкин, реполиглюкин, тағы басқа да ертінділер және жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартатын дәрі-дәрмектер, витаминдер, димедрол, пиполфен, АТФ, кокарбоксилаз, ауыр жағдайда гормонды дәрілер — преднизолон, гидрокортизон, контрикал, т. б. қолдануға тура келеді.

Сонымен қатар асқазанды жуудың пайдасы зор. Сұйық затты мейлінше көп ішкізе беру керек. Себебі организмде қалған улар тер бездер, үлкен, кіші дәрет арқылы шығуы тиіс. Улы жәндіктер шақпау үшін ұқыпты да сақ болу қажет. Далалы жерлерде ұйықтар алдында еденді, көрпе-төсекті қарап, қағып-сілкіп жатқан жөн.

Таңертең киімдерді киер кезде қарап киген дұрыс, себебі улы жәндіктер түнде, таңға жуық жүреді, өздеріне қорек іздейді. Сондықтан да түнде қорек іздеп жүріп киімдердің арасына кіріп кетуі ықтимал. Далалы жерде жатқанда шатырдың айналасын топырақпен көміп, хлорлы әк, гексахлоран, хлорамин, т. б. дезинфекциялық дәрілерді шашып тастаған жөн Қалың шөптің арасымен жүрген кезде, шөп орғанда резеңке немесе былғары етік киген дұрыс.

Себебі, жыланның тісі опырылғыш келеді. Резеңке былғары етікке тигенде тісі сынып кетеді де, адам денесіне тісі дарымай қалады. Улы жәндіктерді орынсыз қырып-жоя беруге болмайды. Себебіі олардың табиғатқа, адамға тигізетін пайдасы мол. Жыландар ауыл шаруашылық зиянкестерін, егеу құйрықтарды, тышқандарды, тағы басқаларын құртады.

Улы жәндіктердің кейбіреулері медицинада дәрі-дәрмек үшін де кеңінен қолданылады. «Сақтық та қорлық жоқ» дегендей, адам өзіне-өзі әрқашан ұқыпты да сақ, ал табиғатқа қамқоршы бола білуге тиіс. Мұны біз жас жеткіншектердің бойына үнемі сіңіріп отыруға міндеттіміз.

Жылан шаққанда не істеу керек?

Жарақат алғанда ағзада қандай процестер жүреді.

Инфекциялық монопуклеоз ауруы және оның белгілері.

Улы өсімдіктердің гүлінен немесе жеміс-жидектерден улану.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Кеңірдек тармағындағы сілекей қабығының қабынуы
  • Өкпе деструкциясын рентгенмен тексеру
  • Остеомиелиттің созылмалы остеомиелитке ауысатын түрлері
  • Демікпе немесе бронхты астма
  • Суға батқанда немесе найзағай соққанда көрсетілетін көмек

Пікірлер 4 Пікір қосу

  • Казна 27.01.2022 күні 08:03 уақытында

    Авторға мағлұматтар үшін рақмет. Пайдалы ақпараттар көп

    Жауап беру
  • Меруерт 11.08.2021 күні 22:45 уақытында

    мағлұматтар көп жақсы осындай сайттар көп болсын!

    Жауап беру
  • Айгерим 01.02.2021 күні 23:53 уақытында

    Осы мақаладан көп пайдалы ақпарат алуға болады. Бәрі дұрыс жазылған әрі түсінікті

    Жауап беру
  • Майра 19.12.2020 күні 10:54 уақытында

    Жазғы мезгілде жанұямызбен қыдырып ауылға, пикникке, дачаға көп барамыз. Сол кезде бала үшін қорқасың улы бірдеңе шағып алмайма деп. Бірақ бұл мақаланы оқи отырып, көп нәрсені біліп түйіп алдық, рахмет көп.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.