Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балабақша

 

Денсаулық саған рахмет


Мерекеліктің барысы:
Спорттық киім киген балаларға залға кіріп, орындықтардың қасында қатарға тұрады.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым –Денсаулық. Адамдар сәлемдескен кезде бір-біріне денсаулық тілейді. Қәне, біз де сәлемдесейік.

Балалар жұптасып тұрып зал бойы жылжиды. «Сәлеметсәң бе!» коммуникативтік ойыны.
Денсаулық:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Мен барлық балаларды, ұлдар мен қыздарды «Денсаулық саған рахмет» саяхатқа шақырамын. Өздеріңмен бірге шапшаңдық, батылдық, ептілік пен тапқырлықты, сонымен қатар жанкүйерлердің шыдамдылығын алуды ұсынамын.
Ал қазір бой сергітейік.

1-бала: Біз жолда жылдам ж үруіміз үшін музыканың екпінді және көңілді болуын қалаймыз. Күшіті, епті болу үшін күнмен дос болу керек. Таңертең ерте тұрып, жаттығу жасаймыз.

2- бала: Денешынықтыруды біз сүйеміз,
Асыр салып жүгіріп, ойнағанды білеміз.
Жуынуды, ән айтып, ойнағанды сүйеміз.

денсаулық туралы.Сергіту жаттығулыры: «Көңілді адымдар» музыкалық әуенмен орындалады.

Денсаулық:
Күн шуағын шашады,
Біз дайынбыз арқашан.
Спорттық ойынға жарысқа дәрігер айболит жүгіріп кіреді:
-Тұра тұрыңдар, тұра тұрыңдар! Ой, балалар! Мен сендердің мерекелеріңе әзер дегенде жетіп үлгердім. Дала, орман, шалғын, шабындық арқылы жүгіріп, тек қана екі сөзді «балабақша, балабақша» деп сыбырладым.
Міне мен осындамын!

Сендердің тамақтарың ауыра ма? Ангина ма?
Балалар: Жоқ, жоқ, жоқ.
Айболит: Ой балалар, қараңдаршы қандай жақсы!(балалар қарайды)
Айболит: Ешқандай ауру жоқ, барлығың көңілдісіңдер. Бұл неткен құпия!
Бала: Мен сізге бір құпияны ашайын. Әлемде одан жақсы тәсіл жоқ.

Денсаулық: Дәрігер Айболит, сізді біздің жарысымызға шақырамыз. Қараңдаршы, біздің балалар батыл, күшті және епті.
Алаңға «Спутник» және «Зымыран» командаларының спортшылары шақырылады. Музыкамен командалар өз капитандарымен сапқа тұрады.

Жетекші төрешілер алқасымен таныстырады.
Денсаулық: Капитандары екі адым алға!
Командаларға бір-бірін құттықтау сөзбен қошеметтеу!
«Спутник» командасының капитаны:
Ғаламшарға ұшуларына тілектеспіз.
Команда хормен:
Батылдық пен өжеттілік,
Ал ойында көрсетіңдер ептілік!

«Зымыран» командасының капитаны:
-Құрметті «Спутник» командасы, Сіздерге «жақсы болсын нәтижесі ойынның» деп шын көңілден тілейміз.

Команда хормен:
Бүгін шаршауды білмеңдер,
Барлығымызға қуаныш сыйлаңдар!

Денсаулық: Міне, команалар кездесіп, бір-бірін құттықтады. Олардың алда өтетін жарыста үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдіреміз.
Жатып алмай төсекте!
Ерте тұрып жүгірсең,
Шынықтырып денеңді,
Күш-қуат жинап бойыңа
Өзіңді нағыз спортшы деп есепте.
Спортшыларға сәтті қадам!

«Аюдың үйшігі» эстафетасы

Эсстафетаны бірінші ойыншы бастайды, ол мәре шығыршық- үйшікке қарай барады. Мәреге жетіп, шығыршықты бойынан өткізіп, орына қойып, қайтарда «бақа» қимылымен секіріп келу.

«Жұптасып жүру» эсафетасы

Енді, олар жұптасып, қол ұстасып жүгіріп барып екеуі шығыршықтан өтеді. «Бақаша» сеікріп қайтады.
Айболит:
-Менімен көжектер сияқты секіргілерің келе ме?

«Топ-топ секіру» эстафетасы

Балалар үлкен гимнастикалық допқа отырып, белгілі арақашықтықты өзіп, өз орындарына оралып, допты келесі ойыншыға береді.

«Кедергі жол» эстафетасы

Қос аяқтап жүгіріп келіп доға асынан өту.
Айболит:
-Иә, сендер ынтымақтастық көрсеттіңдер. Шаршаған шығарсыңдар. Үйлерімізге тарайық. Ауруханаға әлде дәрігерге барайық па?

Денсаулық:
Жоқ, біз шаршаған жоқпыз,
Тәртіп үшін, күлкі үшін.
Жасырайын бір жұмбақ.
Ұшып-қонып тынбайды,
Қанша соқсаң, сынбайды.
Суға салсаң, батпайды,
Түскен жерде жатпайды.

«Ең мерген» эстафетасы

Ойыншылар допты еденге соғып, себетке түсіреді.
Айболит: Мен өте қуаныштымын, енді балалардың ешқайысыауырмайды, әр баланың денсаулығы, көңіл күйі жақсы болады.
Денсаулық: Міне, біз «Денсаулық саған рахмет» болдық. Сендер нағыз спортшыларсыңдар. Үнемі осылай спортпен шұғылданыңдар! Ал енді біздің төрешілер алқасы жарыстың қортындысын жасап, жеңімпаздарды атайды.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ертегілер еліне саяхат
  • 2014 жазбаша есеп
  • Тігінен тұрған нысанаға лақтыру
  • Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау
  • Астана-әсем қала

Пікірлер 25 Пікір қосу

  • Германова Домна 31.07.2023 күні 14:05 уақытында

    Балаларға денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін, оның біздің өмірімізде қандай үлкен рөл атқаратынын түсінуі үшін өте жақсы материал. Денсаулықты сақтауға арналған ойындар өте жақсы таңдалған, өйткені бұл ойындар балалардың дене белсенділігін өте жақсы дамытады. Материал үшін рахмет.

    Жауап беру
  • Ләззат 29.06.2022 күні 09:16 уақытында

    керемет оқу қызметі екен,ішінде жарыста бар балалар қызығады осындай оқу қызметтеріне
    рахмет сізге

    Жауап беру
  • Анар Жауышева 13.03.2022 күні 19:00 уақытында

    Эстафеталар керемет екен.алдағы уақытта осыны да өткізсем.сіздерден талай нарсе үйреніп жатырмын.рахмет

    Жауап беру
  • Нұрсипәт Аяулым Олжақызы 02.01.2022 күні 11:17 уақытында

    Дени саудың жаны сау!

    Жауап беру
  • ЖАДЫРА 25.12.2021 күні 13:01 уақытында

    Әрбір баланын дені сау болсын

    Жауап беру
  • Тоқтасынқызы Альбина 08.12.2021 күні 22:50 уақытында

    Денсаулықты күткен дұрыс, ұзақ әрі әдемі өмір сүресің. Денсаулық адам өмірінің бір бөлшегі, денсаулық ешқашан сатып ала алмайсың. Кішкентай балаларға денсаулықтың қандай маңызды роль атқаратынын түсіндіруміз керек. Біздің міндетіміз баланың денсаулығын мықты шынықтыру. Ден саулық зор байлық.

    Жауап беру
  • Нағима 03.11.2021 күні 15:21 уақытында

    Маған нағыз керекті ашық оқу қызметі екен. Рахмет. Өзіме керекті жерлерін жазып сызып алдым.

    Жауап беру
  • Бибигуль 07.09.2021 күні 20:20 уақытында

    Адамның басты байлығы денсаулық. Дені сау адам ең бай адам. адам денсаулығын кішкентай кезінен күткен дұрыс. Бала денсаулығына мән беруде балабақшада осындай салауатты өмірге бейімдейтін шаралардың көп болғаны өте жақсы. Өте құнды жұмыс. еңбегіңіз биіктен көрінсін

    Жауап беру
  • Назира 18.08.2021 күні 13:38 уақытында

    Денсаулық зор байлық денсаулықты кутейік

    Жауап беру
  • Меруерт 18.08.2021 күні 13:12 уақытында

    Денсаулық зор байлық. Салауатты өмір салтын бала кезден қалыптастыру керек . Бала ойын арқылы дамиды, көңіл күйі көтеріледі

    Жауап беру
  • Акерке 11.08.2021 күні 14:25 уақытында

    эстафеталық ойындар керемет екен. Балалардың жылдамдығын, аңғарымпаздығын дамытуға арналған.

    Жауап беру
  • Алтынай 23.04.2021 күні 18:10 уақытында

    Өте керемет Балалардың тәрбие беру жолдары арқылы байланысады,Қоғамның басты құндылығы — адам және оның денсаулығы болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымның басты міндеті — балалардың өмірі мен олардың қауіпсіздігін сақтау. Балабақшада балалардың денсаулығын сақтауға ерекше назар аударылуы тиіс, ол үшін денсаулық сақтау технологияларын кеңінен қолдану қажет. Әсіресе жазғы сауықтыру шараларының ұйымдастырылуына көп көңіл бөліну керек.

    Жауап беру
  • Сауле 28.03.2021 күні 14:28 уақытында

    Денсаулық зор байлық. Салауатты өмір салтын бала кезден қалыптастыру керек . Бала ойын арқылы дамиды, көңіл күйі көтеріледі

    Жауап беру
  • Оразамбаева Айжан 12.03.2021 күні 15:40 уақытында

    Өзекті тақырыптардың бірі. Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өз жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық белсенділік, қасеттер қалыптасады.

    Жауап беру
  • Айгуль 30.01.2021 күні 18:38 уақытында

    Маған эстафеталык ойындар өте қатты ұнады. Мерекелік шара қызықты ұйымдастырылған

    Жауап беру
  • Алия 29.01.2021 күні 17:16 уақытында

    Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы. Халықтың денсаулығының негізгі – қоршаған табиғи орта. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.

    Жауап беру
  • Алия 29.01.2021 күні 14:36 уақытында

    Денсаулық тақырыбын менгерте отырып, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру үшін жасалған екен. рахмет коп

    Жауап беру
  • Майра 26.01.2021 күні 12:03 уақытында

    Дені саудың жаны сау, керемет

    Жауап беру
  • Майра 07.12.2020 күні 00:12 уақытында

    Деңсаулық – зор байлық. Өте керемет

    Жауап беру
  • Алия 06.08.2020 күні 09:45 уақытында

    Ең басты байлық-денсаулық! Балаларымызға кішкентайынан осыны үйретсек, болашақта дені сау ұрпақтар көп болмақ. Өте жақсы жазылған.

    Жауап беру
  • Кулаш Ергазиева 29.07.2020 күні 20:42 уақытында

    денсаулық зор байлық

    Жауап беру
  • Мухаметкалиева Кенжегуль Акановна 15.07.2020 күні 14:07 уақытында

    Қоғамның басты құндылығы – адам және оның денсаулығы болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымның басты міндеті – балалардың өмірі мен олардың қауіпсіздігін сақтау. Балабақшада балалардың денсаулығын сақтауға ерекше назар аударылуы тиіс, ол үшін денсаулық сақтау технологияларын кеңінен қолдану қажет. Әсіресе жазғы сауықтыру шараларының ұйымдастырылуына көп көңіл бөліну керек.

    Жауап беру
  • Айгүл 09.02.2020 күні 19:15 уақытында

    Жұмыс ұнады. Қазіргі заман талабына сай. Салауатты өмірге бейімдеу мақсатында таптырмас дүние болмақ. Жарайсыз!

    Жауап беру
  • Гулжайна 07.02.2019 күні 01:18 уақытында

    Қазіргі кезде өзекті мәселе – балалар денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын ерте кезден қалыптастыруда аталмыш ертеңгіліктер маңызды екені анық

    Жауап беру
  • Әлибек 17.04.2017 күні 04:07 уақытында

    Ең өзекті тақырыпты қозғаған екенсіз.Еңбегіңіз жаңа берсін .рахмет.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.