Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бала денсаулығы

 

Көгілдір экран тәрбиелеген ұрпақ!


Бала – бар үміт пен ұрпақ жалғастығы. Әрбір ата-ана өз баласын ерекше жақсы көріп, аялап, бар тәттіні соның аузына салып өсіреді. Соңғы сәндегі киім кигізіп, жетсін-жетпесін соңғы модельдегі ұялы телефон әпереді. Сондағы ата-ананың бар ойы балам ешкімнен кем болмасын дейді. Сөйтіп көп қарызды төлеу үшін күн-түн демей, тыным таппай еңбек етеді.

Бала тәрбиесін интернет әлеміне қос қолдап тапсырып қояды. Бала үшін тыраштанып еңбек етемізде, бірақ оның тәрбиесіне көңіл бөлмейміз. Олар да өзіне қажеттісін алғасын артығын талап етпейді. Көшеде кісілердің бастары төмен салбырап, телефонға үңілуі қалыпты жағдайға айналды. Қазіргі балалар бесіктен белдері шықпай жатып ұялы телефон тілін түсінеді, техниканың тілін түсінгеніне қуанып жатамыз, бірақ түннің бір уағына дейін теріс тәрбиеге жетелейтін жын-ойыншықтарды тамашалап отыратыны алаңдатады.

Қазіргі балалар көретін мултьфильмдердің мазмұны балалар танымына сай келмейді. Екіншіден балаларды жақсылыққа емес, жауыздыққа тәрбиелейді. Оған картон нетворк (cortoon network) арнасы көрсететін барлық бағдарламалар мысал бола алады. Осы арна бар баланың миын улап алды. Басқа арнаға аударсаң, бала өзіңе шапшып, едірең-едірең ететін күйге жетті. «Құлағым тыныш болсын» деп ата-аналар балалары қалаған арнағы қойып береді. bala-urpak-tarbiesiСондықтан қазіргі таңда бақытты бала емес, агрессивті мінез-құлықты балалар саны көбейді. Себебі ата-аналар баланың тек материалдық жағын жақсартуға аса қатты көңіл бөледі де, рухани дүниесін дамытуға, дүние танымын байытуға көңілді аз бөледі немесе тіптен мән де бермейді. Соның салдарынан «Қайдан жауыз мінезді, қайрымсыз болдың?!»  деп бармақ тістейтін сәттер көбеюде.

Қазір ұсақ-түйек болып көрінген дүние, баланың болашағына, оның тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.

Өзіміз бала үшін деп барлығын істеп жатқан боламызда, негізінде балаға көңіл бөлмейміз. Баланың материалдық жағын ойлап, адамгершілікке, иманға тәрбелеуді ұмыт қалдырамыз.

Келешек бүгіннен, тәрбие – отбасынан басталады. Көңілді күйбіңі бітпейтін тіршілікке емес, ұрпақ жалғасының келешегіне бөлейік, құрметті ата-ана!

Авторы: Юсупова Гүлжайна Орынбасаровна

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Баланың ішкі сезімдері
  • Балалардың сөйлеуі, дауысы, дикциясы
  • Баланың эмоционалдық дамуындағы музыканың рөлі
  • Сәбидің мінез құлқын қалай жақсартуға болады?
  • Көзіңді сақта!

Пікірлер 15 Пікір қосу

  • Казна 27.01.2022 күні 07:56 уақытында

    Әрине балалар біздің болашағымыз. Оларға жақсы тәрбие беру біздің негізгі мақсатымыз

    Жауап беру
  • Шұғыла 23.11.2021 күні 22:40 уақытында

    Алдымен осындай құнды ақпаратар үшін рақмет! Өзім тәрбиеші ретінде айтылған ойлармен толық келісемін. Жас ұрпақ ол біздің болашағымыз ол себепті заман ағымындағы ақпараттық соққылардан балаларымыз бен бауырларымызды қорғай біліуіміз тиіс. Ол үшін әрин сіздр айтып өткендей баламен қарым қатынас орнатып жақы мінез құлық қалыптастыруға ата ана тікелей ықпал жасаса деймін.

    Жауап беру
  • Айгерім 23.09.2021 күні 07:30 уақытында

    Бала тәрбиесіне көп септігін тигізетін дүние. Ұстаздар үшін де аналар үшін де қажет

    Жауап беру
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 күні 21:47 уақытында

    Ата-аналардың құлақтарына алтын сырға! Балаларға көп көңіл бөлу керек!

    Жауап беру
  • Алма 17.08.2021 күні 13:31 уақытында

    Қазіргі кезде ең өзекті мәселе. Бала үшін деп бәрін жасаймыз, дегенмен келер зиянын көбірек ойласақ дұрыс болады.

    Жауап беру
  • Еркегул Даулетбай 08.04.2021 күні 19:36 уақытында

    өте өзекті мәселелердің бірі. бірақ өмірде қолданатындар қаншама екен?

    Жауап беру
  • САМАЛ 15.01.2021 күні 16:14 уақытында

    Бала тәрбиесін интернет әлеміне қос қолдап тапсырып қояды. Бала үшін тыраштанып еңбек етемізде, бірақ оның тәрбиесіне көңіл бөлмейміз.

    Жауап беру
  • Жанерке Ертайқызы 29.09.2020 күні 02:47 уақытында

    кейде балаға көңіл аз бөлінген кезде өзімде беріп қоям. қате екенін білем, біррақ басқа вариант жоқ

    Жауап беру
  • Аяулым 06.09.2020 күні 18:09 уақытында

    Оте магыналы такырыптаги макала! Жумыстарынызга рахмет! Казирги кезде ен улкен маселе! Бундай такырыпта макалаларыныз коп бола берсин! урпак тарбиелеу биздин миндетимиз!

    Жауап беру
  • Уміт 04.08.2020 күні 18:27 уақытында

    қазіргі кездегі проблема.Технология заманының зияны мен пайдасын ажырата алмай қалдық.

    Жауап беру
  • Самал 21.06.2020 күні 16:48 уақытында

    Толықтай келісемін. Қазіргі таңда теледидар мен интернет баланы санасын құртатын болды. Шетілдің түсініксіз мультфилімдері түк жақсы тәрбие бермейді. Баланың не көріп отырғанын қадағалап отыру қажет

    Жауап беру
  • Гулмира 08.05.2020 күні 22:39 уақытында

    өте дұрыс жазылған екен

    Жауап беру
  • Акнур 02.05.2020 күні 16:36 уақытында

    Кунды акпаратка толы материал екен. Бала тыныш болсын жыламасын деп бере салатынымыз рас, бул баланын минезине де асер ететинин биле турсак та.

    Жауап беру
  • Ляззат 06.12.2019 күні 16:38 уақытында

    Өте жақсы жазылған мақала, балаларға уақыты болмағандықтан, солар жыламасын деп қолдарына бір-бір телефон беріп қояды. Сөйтіп бала да тыныш, мамасы да тыныш. баяғыдай балаға көңіл бөліп отыру деген жоқ. осындай жағдайлардан кейін агрессивті мінез-құлық балаларда пайда болады, бұрын ата-бабаларымыз қалай өсіріп бақты екен біздерді? әлде біздер тыныш бала болдық па…

    Жауап беру
  • Оразәлі Гүлжауһар Мұхтарқызы 07.04.2017 күні 18:09 уақытында

    Менде де баламен жұмыс жасау барысында осындай келеңсіздіктер өте көп кездеседі. Қазіргі кезде көп ата-аналар бала тыныш болсын деп телефонды, ғаламторды қосып беріп, өзі алаңсыз жүреді. Осының дұрыс еместігін, кері әсерін тигізіп жатқандығын қашан түсінер екенбіз…

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.