Ерекше қарауды қажет ететін баланың отбасы

Ата-аналар реакциясы.

Ата-аналарда көп кездесетін реакциялардың даму этаптарын қарастырайық.
Мойындау-дәрігерлердің балаға қойған диагнозына бастапқы ата-аналар сенінкіремейді. Отбасы мүшелері дәрігерлердің сөзіне күмәнданып, басқа дәрігерлерден көмек сұрауға жүгінеді. Ата-аналардың мұндай мінез көрсетуі бұл балаға қойылған диагноздың қате болуы деген ой. Ата-аналардың осылайша мойындамауы балаға сол кезде қажетті емнен және педагогикалық көмектен айыруы мүмкін. Бұл кезде педагогтармен мен психологтар ата-аналарға кризистік жағдайда тұрақтамай, кемістікті мойындап, қажетті іс-шараларды қолдануға көмектесуі керек.
Ыза-бұл ата-аналарда жиі кездесетін қорғаныс реакциясы. Бұл ата-аналардың көмексіз қалған және тығырыққа тірелген кездерінде пайда болады. Мамандар ата-аналардың осындай ызалы кездерінде оны сәлде болса жеңілдетуге және осындай проблемалары бар отбасымен таныстыруға ұмтылады.
Кінә сезімі-бұл да баланың даму ерекшелшіктері туралы дәрігердің хабарламасында кездесетін ата-аналардың реакциясы. Ата –аналар балалардың осындай кемістікпен туылуына өздерін кінәләйды.
Эмоцияналды адаптация. Бұл ата-аналардың өзіндік бейімделуінің қорытынды кезеңі. Осы кезеңде ата –аналар баланың ауруымен келіседі.

 

Ажырасудың дамуында ауытқуы бар балаға әсері.

Ажырасу науқас балаға ғана емес, сонымен қатар дені сау балаға да жағымсыз әсер етеді. Бұл балаларда эмоционалды бұзылыстың ауыр түрі байқалады. Ажырасуға деген көз қарас қызға қарағанда балада қатты байқалады. Әкесіз өскен ер балада талаптану деңгейі төмен болады.ер балада уайымдау қайғысы жоғары болады, невротикалық симптомдар кездеседі. Ер балалар өздерінің қатарластарымен қарым-қатынасқа түсуде қиналады, ер адамның роліне кіруі қиындайды.

Қауіп қатер тобының отбасылары.

erekshe-bilimdi-kerek-etetin-balalar-1
Отбасылық олкоголизм және ұрықтың алкогольдік синдромы.(АСП).
Ұрықтану кезіндегі маскүнемдік жағдай, болашақ нәрестенің денсаулығына әсер етуі мүмікн. Жеңіл бұзылыстар болуы мүмкін, сонымен қатар ауыр органикалық бұзылыстар болуы мүмкін.
АСП-ның негізгі белгілері дамуында артта қалушылық, ОЖЖ бұзылуы, бет сүйегінің дамуындағы аномалия, жүрек ұстамасы, бүйрек қабырға аномалииясы болып табылады. 95 пайыз балада бойының өсуі кешеуілдейді. ОЖЖ функционалды және органикалық бұзылысы 80пайыз балада кездеседі. Олар ЭЭГ өзгерістерінде, микроцефалияда,гидроцефалияда, қимыл–қозғалыс бұзылыстарында байқалады.
Маскүнемдердің балаларының арасында 29 пайыз психикалық ауру, 5 пайыз ақыл-есі кем, 8пайыз мектеп үлгере алмаушылар тобын құрайды. 9 жасқа дейін оларға астеникалық тип реакциясы тән, бұл 10-14 жаста тұлғаның патологиялық дамуымен, агрессиямен ауысуы мүмкін.

Қауіп-қатер тобының отбасылары.

Отбасылық алкоголизм және ұрықтың алкогольдік синдромы АСП.
Ұрықтану кезіндегі маскүнемдік жағдай, болашақ нәрестенің денсаулығына әсер етуі мүмкін. Жеңіл бұзылыстар болуы мүмкін.
АСП-ның негізгі белгілері дамуында артта қалушылық, ООж бұзылуы, бет сүйегінің дамуындғы аномалия, жүрек ұстамасы, бүйрек қабырға аномалиясы болып табылады. 95 пайыз балада бойының өсуі кешеуілдейді. ОЖЖ функционалды және органикалық бұзылысы 80 пайыз балаада кездеседі. Олар ЭЭГ өзгерістерінде, микроцефалияда, гидроцефалияда, қимыл-қозғалыс бұзылыстарында байқалады.
Маскүнемдік балалардың арасында 29*пайыз психикалық ауру,5пайызақыл-еі кем, 8пайыз мектепте үлгере алмаушылар тобын құрайды. 9 жасқа дейін оларға астеникалық тип реакциясы тән, бұл 10-14 жаста тұлғаның патологиялық дамуымен, агрессиямен ауысуы мүмкін.

Шизофрениясымен ауыратын баласы бар отбасы.

Мұндай отбасыға «псевдо қарым-қатынас» яғни «псевдотүсінушілік» және «псевдо» тән.
Шизофрения кезінде тұлғалық бұзылыстың ерекшелігі-бұл аутизм, шындықтан бөліну, эмоцияналды бұзылыстар болып табылады.
Шизофрениясы бар балалардың ата –аналарын зерттеу барысында оларға тән тәрбиелеу стилі баланың белсенділігін кемітеді.

Отбасындағы асыранды бала.

erekshe-bilimdi-kerek-etetin-balalar-5

Бала асырап алған отбасы арнайы оқытуға мұқтаж болады. Мұндай оқыту баланы асырап алғанға дейін жүргізілуі керек. Бұл отбасылар дәрігерлермен, психологтармен жұмыс істей білуі керек. Бөтен біреудің балаласын тәрбиелеу ата-аналардан үлкен арнайы жұмысты қажет етеді. Алдымен оның баланың денсаулық жағдайын ффинанстық есеп, яғни баланың мемлекеттен алатын жәрдем ақысы және оның өзінің туған ата-анасымен араласу жағдайын білу керек.
әрбір бала басқа отбасыға белгілі бір есепке байланысты түсуі мүмкін және олардың әрқайсысы техникалық жарақат калуы мүмкін. Асырап алған ата-аналар баланың тек қана физикалық қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар балада өздеріне деген жақсы көрушілік сезімін қалыптастыру керек. Баланы жақсы көріп тұрып оған жылы қабақ таныту, оған қарап күлу өте маңызды.
Асыранды бала өзін қауіпсіз сезінуі керек. Балада егер мен бір қателік жасасам бұл адамдар мені қуып жіберуі мүмкін деген ой болады. Ата-аналар осыны ескеріп қандай жағдай болмасын,олар баладан бас тартпауға сөз беруі керек.

Аутист баланың отбасы.

Ата-ананың тәжірибиесі жоқ болғандықтан, олар баланың ерекшеігін байқамаайды. 3 жас ата-аналарға критикалық кезең болып есептелінеді,себебі дәл осы кезеңде баланың дамуындағы ауытқушылық байқала бастайды. Ата-аналардың реакциясы уайымдаушылықтан көрінеді. Отбасы арасында ұрыс пайда болып, бірін-бірі кінәләу сезімі бола бастайды.
Ата-аналардың көзқарасы әртүрлі болады. Олардың кейбіреулері баланың мүмкіндіктері мне жетістіктерін бағаламайды. Олар баласы үшін ұялады. Тәрбиелеу қатаң принціптер негізінде іске асады. Ал кейбір ата-аналар керісінше баласының кемістіктерін асырып айтады. Ата-аналар баласына ешнәрсе істетепей, барлығын балалары үшін өздері істейді.
Аутист баламен жұмыс істейтін маман, баланың жақын туысның жараланғыш және сезімтал болып келетінін білуі керек.
Диагнозды қою кезінде отбасылар ауыр стресті басынан өткізеді. 3-4 кейде 5 жасқа келгенде бұрын баланың дені сау деп ойлап жүрген ата-ана оның оқуға жарамсыз екенін естиді. Отбасы көлікте, дүкенде, көшеде немесе басқа мекемелерде адамдардың агрессивті реакциясына ұшырауы мүмкін.Бүкіл әлемде аутист бала тәрбиелеп отырған отбасы, басқа кемістігі бар баласы бар отбасыға қарағанда ең бақытсыз отбасы болып есептеледі. Көбінесе ең көп қайғыратын ол әрине-шеше.бала ерте жастан бастап анасының көзіне қарамайды, кейде анасы бөтен адамдар арасынан танымайды. Мұндай бала анасына еш қуаныш сыйламайды. Анасы өзін нашар күтуші ретінде сезінеді. Аутист баланың ағасы мен әпкесі белгілі бір қиыншылық көреді. Себебі анасы оларға жеткілікті көңіл бөлмейді. Аутист балалары бар отбасының қайғысы баласы жас ерекшелік дағдыларын басынан кешкенде күщейе түседі, яғни баланың мектепке деінгі мекемеге, мектепке баруы кезінде. Бала жасөспірімдік шаққа өткен кезде отбасында үлкен стрес туындайды.

erekshe-bilimdi-kerek-etetin-balalar-2
Отбасында балалармен қатал қарым-қатынас жасау мәселесі.

Бала мен жұмыс істейтін педагогтарға, психологтарға баланың психикасы мен физикалық денсаулығына кері әсер ететін дұрыс емес тәрбиклеудің түрлерін білу қажет.
Бұзылыстың және ауытқушылықтың себебі балалалық шақта көрген зорлық болып табылады. Бірақ басқада себептнр болуы мүмкін. Мысалы анасының, анасының өгей екесінің көңіліне қарауы, бұл еркектің қатал мінез –құлқын елемеуге, байқамауға мүмкіндік береді. Кейде анасы қызыныңөгей әкесінен көрген зорлық-зомбылығын байқамауға тырысатын жағдайлар да болған. Кейде балаға зорлық көрсетуде әкесі мен шешесі де қатысады.
Балаға көрсетілетін зорлық отбасылық проблемаларддан туындауы мүмкін.

Отбасының әлеуметтік проблемасы.

Қауіп-қатер факторы болып мыналар табылады:
-көп балалы отбасы, сонымен қатар үлкендер арасында үнемі қақтығыс туындайтын отбасылар.
-асыранды балалары бар отбасылар.
-отбасында маскүнемдік пен немесе нашақорлықпен зардап шегетін адамы бар отбасы.
-жұмыссздықтың, қаражаттың жетіспеушілігінен туындайтын стресс.
-білімсіз ата-аналар.
-жазалау ретінде психикалық немесе физикалық зорлықты қолдану.
Ата –ананың және отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы мен мінез-құлқы:

erekshe-bilimdi-kerek-etetin-balalar-4
-психикалық ауру
-ақыл-есі кемдік
-өзін-өзі бақылай алмаушылық.
Зорлықтың құрбаны болған балалардың ерекшеліктерін сипаттайтын қауіп-қатер факторы:
-қаламаған бала
-балада физикалық кемшілік пен ақыл есі кемдіктің бар болуы
-туылу кезіндегі жетілмегендік
-отбасы сүймейтін бала
-қиын бала
-талантты бала

Балалармен қатал қарым- қатынас формалары.

Балалармен қатал қарым- қатынас жасудың 4 негізгі формалары бар:
1.физикалық зорлық
2.сексуалды зорлық
3.психикалық зорлық
4.баланың қажеттілігін менсінбеу
Балаға және оның ата-анасына көмек көрсету үшін баламен қатал қарым-қатынас жасаудың формаларын және оны қалай анықтау керектігін білу қажет.

Физикалық зорлық.

Бұл балаға ата-ана немесе олардың орнын ауыстыратын адамдар тарапынан көрсетілген физикалық жарақат. Бұл жарақаттар өлімге, сонымен қатар медециналық көмекті талап ететін ауыр физикалық және психикалық бұзылыстарға әкелуі мүмкін.

erekshe-bilimdi-kerek-etetin-balalar-3

Физикалық зорлықты баланың мінез-құлқынан, психиканың ерекшеліктерінеғн, сыртқы келбетінен анықтауға болады.

Сыртқы келбеті:
-әртүрлі жарақаттар(саусақ іздері, белдік іздері және шылымның күйіктері)
-физикалық дамудың тежелуі(бойы мен салмағының өсуінде артта қалушылық)
-балаға дұрыс емес қараудың белгілері (сырт келбетінің нашарлығы,сепкіл)

Жарақаттың негізгі түрлері:
-денесінде-көгерулер жаралар. Күйдірулердің іздері, ішкі мүшелердің жарақатттануы.
Басында-ретиналды геморрагия (көз алмасына қанның құйылуы), ерін немесе ауыз жырығы, басындағы таз аймақтары.

Психикалық зорлық.

Балаға үлкендермен ата-аналардың ұзақ уақыт немесе үнемі психикалық әсер етуі.
Мұндай зорлық түріне мыналар жатады:
-балаға үнемі сын көзбен қарау;
-баланы кемсіту;
-баланы қорқыту;
-баланы шектеу;
-баланың мүмкіндіктері мен жасына сай емес талаптар қою;
-үлкендердің сөздерін орындамау.

Авторы: Логопед: Байкеева У.О

   
Пікірлер2
  1. Инкарим

    Баланы жан жақты қадағалап оның дұрыс дамуына ата ананың рөлі өте маңызды. Сол себепті бала кандай болса да оны жетілдіру соларға міндет.

  2. Гулмира

    сіздердің сайттарыңыз керемет іздеген нәрселердің барлығын табуға болады керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ