Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бала денсаулығы

 

Балалардың бәрі бірдей жүрсінші!!!


О, тәңірім бала біткен күлсінші,
Қайғы көрмей қамсыз өмір сүрсінші!
Мұндай дерттің бір дауасы табылып,
Балалардың бәрі бірдей жүрсінші!…

Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Ауытқушылығы бар баланың үйінде ата-аналар психологиялық күйзеліске ұшырайды.

Ал, бұл жағдай шешімі табылмай отырған мәселелердің бірі. Отбасы – бала өмір сүретін, ойнайтын, ата-ананың мейірімділігін, ұйымшылдығын,қамқорлығын шын мәнінде түсініп, оларға жақсы көңілмен, махаббатпен жауап қайыратын туған үйі. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысады. Барлық отбасының басты міндеті баланы тәрбиелеу болып табылады.

Ата-ана және отбасы мүшелері мүмкіндігі шектеулі нәресте дүниеге келген күннен бастап оның өміріне қамқорлық жасап, болашағына алаңдап, басқа сау балалармен бірдей тең тәрбиелеуге міндетті екендерін түсінеді. Мұндай баланың өмірге келуі ата-ананың терең күйзеліскетүсіреді. Ата-аналардың бір бөлігі мұндай оқиғаны үміттің үзілгені деп қабылдайды.

Бәрі ақылды, дені сау, әдемі, он екі мүшесі түгел балалы болғысы келеді, баласының сәтті болашағын армандайды. Бірақ ата-ана мүмкіндігі шектеулі баласын сол қалпында қабылдай білуге тиіс. balalar-bari-birdei-zhursinshiМұндай балалардың өмірін ұйымдастыру тек қана педагогикалық емес, дәрігерлікте міндет. Мүмкіндігі шектеулі баланың ой-өрісін, зейінін дамыту үшін дефектолог-мұғалім де, ата-ана да, тәрбиеші де баланың ішкі жан дүниесін түсіне білуі керек.

Тіптен отбасында мүмкіндігі шектеулі баланың өмірі, дамуы, жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолайлы жағдайдың болғаны өте маңызды.Сондықтан қолдан келгенше бала дәрігеріне, мамандарға ертерек хабарласып, көруді, естуді, қимыл өрісін т.б. түзетуге бағытталған нақты көмектер мен пайдалы кеңестер алған жөн.

Қорыта келегенде, отбасында мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуге бүкіл қоғам ат салысуымыз керек. Олардың өмірден өз орындарын табуға, өз-өзіне қызмет көрсетуіне, дұрыс мінез-құлықты қалыптастыруына ықпал етуіміз керек. Дегенмен, ата-ана баласының болашағына бейжай қарамайды деп үміттенеміз.

«Жылап келіп, келмейді жылап кеткім,
Ол ғұмырды келеді бір-ак тепкім.
Жамандықты жақсартып, жақсылықты,
Онан сайын келеді қуатты еткім» – деп Мұқағали Мақатаев ағамыз айтқандай, балаларымыздың болашағына аса көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі балаларды сау балалармен бірге тәрбиелеп,оқытуға бел буайық. Балаларымыздың бәрі бірдей жүрсінші деген оймен үмітімізді үзбейік!
Арал аудандық психологиялық – педагогикалық
 түзету кабинетінің дефектолог – олигофренопедагог
маманы Аширбекова Бахыт Нурсултановна

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Сәбидің мінез құлқын қалай жақсартуға болады?
  • Бір жасқа дейінгі сәбилердің жаттығулары
  • Көгілдір экран тәрбиелеген ұрпақ!
  • Сәби денсаулығы мен денесінің шынығуы
  • Нәресте күтімі

Пікірлер 4 Пікір қосу

  • Еркегул Даулетбай 08.04.2021 күні 19:49 уақытында

    Өте жақсы жазылған мақала екен. Осы тақырып арқылы 12 мүшесі сау балалардың без бүйрек ата-аналарға баланың қадірін түсінуге, бала деген алланың аманаты екенін жеткізуге, қолындағы алтынның қадірі барда жоғалтып алмай, сындырып алмау үшін осы бастан жақсы ата-ана болуға талпынуға ой салар деген үміттемін.

    Жауап беру
  • Ақмарал 11.11.2019 күні 14:05 уақытында

    Өте керемет мақала екен. Кішкентай бүлдіршіндер дүние есігін ашқан соң, бақытты балалық шақта өтсе екен, ата-анасының көз қуанышы болса екен!!!

    Жауап беру
  • Насиева Фая Хисметуллаевна 09.04.2017 күні 12:39 уақытында

    Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірің алаңдатқан қандай керемет мақала.
    «Балалардың бәрі бірдей жүрсінші» тақырыптың өзі ата-анаға баланың денсаулығына бей жай қарамайық,көмек қолын созайық деп айқай салып тұрғандай.Мына мақаланы оқыған оқырман сәбиінің болашағына бей жай қарай алмайды деген үміттемін.
    Дені сау балалардың ата-анасына қарағанда мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасына оңай емес,сондықтан мақалада айтылып өткендей бүкіл қоғам болып ат салысу керек.Дүние есігін ашқан әрбір сәбидің дені сау,ата-анасының қуанышы болсын. Ата-ананың басына түскен қиындығын жеңетін,алға деген үміт отын жағатын мақалаларыңыз жалғасын таба берсін деген ойдамын.

    Жауап беру
  • LAZZAT 12.03.2015 күні 21:37 уақытында

    мақала жақсы деп ойлаймын

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.