Үсік шалу

Тоңу

Жалпы суық адам ағзасына жаман әсер етеді. Адам қатты тоңғанда, алғашқыда ағзаға суық тиюдің белгілері байқалса, бара-бара қолдың саусақтары, құлақ немесе мұрын ұшының үсуі мүмкін. Көп жұмыс жасап шаршаған немесе ішімдікті көп ішіп ағзасы әбден қажыған адам қатты тоңса, үсіп немесе өліп кетуі де мүмкін.

Адам ұзақ уақыт қатты тоңып, жатып қалса, ол бірте-бірте санасынан айырылып, терең ұйқыға кетеді. Тыныс алуы мен қан айналуы әлсіреп, бірте-бірте жүрегінің соғысы да тоқтайды. Қатты тоңып, әбден әлсіреген адамды қайтадан тіршілік қалпына келтіру өте жай жүретін процесс.

Үсітіп алу

Егер қатты аяз кезінде ұзақ уақыт далада қалып қойсаң, біраздан кейін құлағың, мұрының, аяқ-қолың қатты тоңғаннан ұйып, тіпті жансыздана бастайды. Мұндай жағдай үсудің белгілері болып саналады. Бұл кезде мүмкіндік болса, жылы жерге бару керек. Адам денесі белгілі бір суықтық деңгейіне дейін ғана шыдай алады. Терінің үсіген жері ағарып, жансыздана бастайды. Бұдан кейін тері мен тері асты тіндерінде қан айналу процесі бұзылады.

Төменгі температураның әсерінен қан тамырының қабырғалары зақымданып, сол жерден тіндерге қанның сұйықтығы — плазма ағады. Ол терінің сыртқы қабаты — эпидермисте қабатталып, үсіген жерде іріңді жара пайда болады. Егер төмен температураның әсері жалғаса берсе, үсіген жер біртіндеп жансыздана береді. Сондықтан, қыста қатты суық болғанда, далаға басыңа құлағыңды жауып тұратын бас киім, қолыңа жылы қолғап, аяғыңа жылы етік киіп шығу керек.

Аязды күндері жолда тоңған балалар көбінесе мұрнын, құлағын, беті-қолын, аяғын үсітіп алады. Үсітіп алу да қауіпті. Сондықтан алдымен үсіген жерді спиртпен сүртіп, таза қолмен сипап массаж жасау арқылы қан жүргізу керек. Қолда спирт те, арақ та болмаған кезде денесін қолмен жайлап уқалай отырып, баланы жылы суға салуға болады. Тегінде үсіген жерге май, йод жағуға болмайды. Кейбіреулер суықты суық қайтарады деген теріс ұғыммен үсіген жерді мұздай нәрсемен, қармен, мұзбен ысқылайды. Мұндай әрекет үсікті одан бетер асқындырып жібереді.

Суық күндері баланы киіндіргенде киімдері құрғақ, денесін, аяғын қыспай еркін жүретіндей жеңіл болуы керек. Желді, аязды күндері бетке, қолға сары май мен балық майын жағып алуға болады, ал вазелинді және басқа кремдерді пайдаланбау қажет.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ойылу (пролежни) ауруының себеп салдары және оның алдын алу.

Күйік дегеніміз не, түрлері мен дәрежелері қалай аталады?

Тілме дегеніміз қандай ауру?

Ісіну дегеніміз не оның адам ағзасына себеп салдары қандай.

   
Пікірлер2
  1. Seiil

    аязды кундері жылы кинип жур деп бекерге урыспайды екен

  2. Elenа

    Өте дұрыс жазылған мақала! Менде суықтан аллергия, барлық сөзбен толықтай қосыламын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ