Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Аурулар

 

Сыздауық (фурункула)


Сыздауық түк қапшасының іріңдеп қабынуынан болады. Сыздауықтың негізгі қоздырушы микробы — стафилококк. Сыздауық тазалық сақтамай, дененің кірлеуінен пайда болады. Сондай-ақ сыздауықтың шығуына организмде витаминдердің жетіспеушілігі, қант диабеті, іш ағзалары ауруының да әсері бар.

Аурудың біліну белгілері. Сыздауық дене түгінің көмкерілген белгілі бір бөлігінде қышитын бөртпе түрінде пайда болады. Бөртпе теріден үшкірленіп шығады. Анықтап қарағанда, сол бөртпенің ортасында шаш түбірін көруге болады. Бара-бара сыздауық шошайып көрінеді. Сыздауық шыққанда баланың ыстығы көтеріліп, мазасызданады. Тамаққа тәбеті болмай, ұйқысы бөлінеді. Сыздауық көбіне бет, желке, шаш, құйрық терілеріне шығады.

Сыздауықтың өршу барысына қарай емдеген орынды. Сыздауықты УВЧ тоғымен, спирт, фурациллинмен компрес жасап емдейді. Вишневский майын жағады новокаинмен блокада жасайды. Блокаданы новокаинға антибиотик қосып жасаса, қабынған жерлерде микробтардың қауырт өсуін тоқтата алады. Новокаин да тканьдердің қабынған клеткаларын қалпына келтіруге көмегі бар. Сыздауықты жансыздандырып өзегін алып тастаған жөн. Өзектің алынуы, түрлі компрестер қойып емдеу аурудың тез жазылуына әсер етеді.

Егер жоғарыда айтылған емдеу жұмыстары уақытында жасалынбаса, онда сыздауықты, хирургиялық жолмен емдеген дұрыс. Ол үшін сыздауықты жансыздандырған соң тіліп, ортасынан өзегін алып тастайды. Орнында пайда болған жараны 10% ас тұзының ерітіндісімен таңады.

Тұздың жоғарғы концентрациясы жарадан шыққан сары суды — іріңді өз бойына жақсы тартып алады. Кейде сыздауықтың өзегін крестке ұқсатып тіліп алуға да тура келеді. Жараға бір күннен соң УВЧ, УФО емін берген жөн. Сыздауықты емдеу шыққан жеріне де байланысты. Егер сыздауық баланың бетіне, мойнына, желкесіне шықса, онда баланы дереу ауруханаға жатқызып емдеген дұрыс.

Ауруханада балаға күшті ем жасаған орынды. Сыздауық басқа, бетке шықса өте қауіпті, өйткені оның зардабынан ми қабатының іріңдеуі, мидағы абсцестер, мидың қан тамырларының бітелуі сияқты күрделі асқыну болуы мүмкін. Сыздауықты еш уақытта сығуға болмайды, біріншіден терең орналасқан өзекті тері бетіне толық шығара алмайды, екіншіден қанға іріңмен бірге микробты түсіруі мүмкін.

Карбункула (сом) шаш түбінің қабынуының ауруы.

Күбірткені қалай емдейді және оның қандай түрлері бар.

Ірің дегеніміз не және оның ағзаға туғызатын қауіпі.

Жас нәрестенің кіндігінің қабынуы (омфалит) себептері.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Мешел
  • Полиомиелит
  • Алыстан көргіштік және көрмеушілік
  • Ақшам соқыр
  • Бедеулік

Пікірлер 2 Пікір қосу

  • Айгерим 15.02.2022 күні 18:37 уақытында

    Сыздауықты мен салкыннан шыгады деп ойлап журсем…

    Жауап беру
    • Адлет 03.12.2024 күні 17:20 уақытында

      салкын деген себептердын быры тек

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.