Тірі табиғатта мөлшері әр алуан неше түрлі ағзалар тіршілік етеді. Соның ішіндегі көлемі жағынан ең кішкентайы — өте шағын, бір клеткалы микробтар. Бұларды тек микроскоппен ғана көруге болады. Микробтарға тірі микроорганизмдердің өте көп әр алуан тобы жатады.
Олардың өздерін: бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және көктеу деп бөледі. Кейбір микроорганизмдер адамдар мен жануарларда әр түрлі аурулар тудырады. Әдетте, микроорганизмдердің басым көпшілігі адамға қауіп туғызбайды. Тірі табиғатта микроорганизмдердің атқаратын қызметі әр алуан. Табиғаттағы зат алмасу осы микроорганизмдердің арқасында іске асады, солардың әсер етуінен өлекселер және әр түрлі күрделі химиялық қосындылар ыдырайды. Кейбір микробтар, әсіресе саңырауқұлақтар мен көктеу, витаминдер мен өте бағалы дәрілік заттар — антибиотиктер түзеді.
Мұндай заттар көптеген ауру тарататын бактериялардың дамуын тежеп, тіпті оларды жойып та жібереді. Жер бетінде микробтар өте көп. Оған дәлел — бір грамм топырақтың құрамында бірнеше миллиард микроб болады. Микробтардың өндірістік қолданыста маңызы зор. Олардың көпшілігін нан пісіруде, сүт қышқылы тағамдарын өндіруде, лас суларды тазартуда, жанар газ — метанды түзуде пайдаланады. Микробтарды алғаш рет ашқан голланд ғалымы А.В.Левенгук.
Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:
Бактериялар және Бактериофаг дегеніміз не екенін оқыңыздар!
Иммунитет туралы не білеміз және оның қанша түрі болады?
Ағзадағы вирус дегеніміз не және оны алғаш кім ашты?
Тіршілік немесе өмір қалай пайда болды?