Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ана мен бала

 

Заманауи ертегілер


Бие мен құлын

Ерте, ерте, ертеде ғұмыр бойы қорадан шықпаған сауын бие құлындапты. Маңайындағы жылқы атаулының бәрі жүк тасып, ауыр жұмыс істеп, қамшының астынад жүргенін көрген бие құлыным нағыз бәйге аты болса, бабы мен бағы күшті болса деп тілепті. Құлыншағы мықты болып өсу үшін ол көп сүтін адамдарға бермей, баласына алып қалатын. Құлыншақ сәл өскен соң  анасы өзіне әкелген бар дәмді асты тағы да жалғыз қуанышына  беретін болды. Құлыншақ ет алып, өсіп әдемі тайға айналды. Оның сұлу пошымына қызыққан адамдардың бір кешкентай  баласы ертоқым салып мініп көргісі келетін. Бірақ, бие өз перзентін ондай ауыр азапқа салғысы келмеді. Құлдыраңдап жүгіріп, адамдармен ойнағанды жақсы көретін құлынына:

– Сен әлі жассың. Буының қатаймаған. Адам баласы мінсе болдырып қаласың. Сондықтан біреу ер-тоқым салам десе қашып кет, түсіндің бе?!

Тай өсіп құнан болды. Құнан өсіп дөнен болды. Бірақ бие үшін ол бәрібір құлыншақ еді. Балам нағыз бәйге аты болсын деп тілейтін ана оған ешбір ауыр жұмысты тапсырмады. Адамдар арбаға жегетін мал іздесе, құлынын жасырып өзі шығатын. Өріске шықса да ең құнарлы шөпті теріп баласының аузына тосатын.  Адамдар арқасын жүк артса бір шетін өзі көтеріп жүретін.

Бие баласының ең жақсыны жеп, ең жаман жұмыстан қашық жүргеніне қуанышты еді. Алайда, арғымақ жасына келген жылқы өзі қар астынан қай шөпті жеу керегін білмейтін, қасына адам жоласа үрке қашатын, сәл ауыр жүк көтерсе құлай беретін әлсіз болып өсті. Тіпті тұяғына шегемен таға қақса да жаны шыдамайтын нағыз әлжуазға айналды.

– Бұл ат шаруаға жарамайды. Енді қолдан жем беріп қорада ұстай тұрайық.

Адамдардың осы сөзін естіген бие, оны өзіне жорып күллі қораға мақтанып шыға келді:

– Менің балам енді қорада қалмайды. Адамдар оны уақытша осырда ұстап кейін бәйгеге дайындайды. Бәрің қараңдар да тұрыңдар. Мен шабандоз сәйгүліктің анасы болам.

Аттың  жағдайы барлық қораға белгілі еді. Осыған дейін бауырын жазып, енесінен алысқа шауып көрмеген аттың сәйгүлік болуы екіталай еді. Биенің айтқаны келіп адамдар енді атты жұмсамайтын болды. Ас-суын алдына әкеліп атты барынша баптап бақты. Бие болса іштей бәйге күнін күтіп, тақымын қысып жүрді. Арада айлар, өтіп күн суытты. Баяғы бала құлын жардай болып семіріп алды. Алғашқы қар жауып, айнала аппақ көрпе жамылған бір күні адамдар қорадағы атты шығарып, ішін жарып соғымға  сойып тастапты. Баласының мықты болғанын қалап, оны бейнеттен сақтап жүрген қайран бие, өз құлынына жақсылық емес қастандық жасағанын сонда түсініпті.

зумунауи ертегі

Үзілген достық (ертегі)

Ертеде бір тігіншінің шеберханасында мата мен жіп болыпты. Киімнен артылған әрі әбден жұқарған мата мен тігінге жарақсыз қалың кендір жіп бір-біріне серік болып, кейін айырылмас адал досқа айналыпты. Бір күні жұқа мата шеберханадан қашып, еркіндікке шығуды ойлайды. Кендір жіп болса досының бұл ойын құптай қойған жоқ. «Мата мен жіп далада қалай күн көреді? Бізді тігінші іздеп қалса ше?» деп уайымға салынады. Бірақ, мата өз дегенінен қайтпапты. Қатты жел тұрған бір күні ол кендір жіпті байлап алып терезеден шығып кетеді. Екпінді жел екі досты көкке көтеріп, биікке ұшырып билете жөнелді. Қанша қорқып қобалжыса еркіндіктің самалына тербеліп көргені үшін екеуі де қуанышты еді.

Үш бұрышты қиық мата мен оған оратылған жіптің көк жүзінде қалықтап жүргеннін көрген балаларға жаңа ермек табылды. Жел басылған бойда балалардың бірі жерге түскен жіп пен матаны қағып алып одан лезде батпырауық жасап алады. Екі дос осылайша бір-бірінен ажырамайтын болды. Жел тұрған күні балалар батпырауықты көкке ұшырып ойнайтын. Мата бұлттардың үстін шарласа, жіптің бір ұшы оны демеп балалардың қолында жүрді. Бақыттан басы айналған мата өзінің батпырауық болып ұшып жүргенін мақтан тұтты. Ал жіп болса досының осы бақытына себепші болып тұрғанына риза еді. Әр жел болған сайын бала батпырауығын биікке ұшыруды әдетке айналдырды.

Бір күні  бұлт арасын бойлай қалқыған батпырауыққа айналған мата құстарға кезігіпті. Ұшып жүрген матаны көрген қанаттылар:

— Недеген сұлулық… Сен қандай құссың? Сенің қауырсындарың қайда? – деп сұрады тамсанып.

Жылы сөзге масаттанып кетіп:

– «Мен ерекше құспын!» – деп тіл қатты мата.

– Ендеше, бізден  да биік ұша алатын шығарсың?

Бұл сөзді естіген мата масаттанып, өзіне жалғанған жіпті үзуге ұмтылады. Жіп пен бала  матаның бұл қылығын түсінбей оны өзіне тартады. Мата «Маған бостандық беріңдер!» деп бұлқынып қалғанда, жіптен босап жел ырғағымен алысқа ұшып кете барыпты. Жіптен құтылған мата  өзін еркінмін деп ойлады. Бірақ көп ұзамай  жел де басылды.  Мақтауды көтере алмай көкке ұмтылған мата сол сәтте-ақ төменге құлдилай жөнелді. Адал досынан айырылған «батпырауық» жіпсіз ұзақ ұша алмасын сонда ғана түсінген деседі.

Авторы: Махаева Айым Алтайқызы

 2001 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. 2017-2021 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде оқыды. Қазір Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистранты.Поэзия, проза жазумен бала кезінен айналысады. 2020 жылы «Шабыт»қаламгерлер клубы ұйымдастырған «Жасқаламгер» сайысында 2-орын иеленді.  «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармашылығы байқауының лауреаты. Заманауи мәселелерді қозғайтын ертегілері көптеген басылымдарда жарық көрді.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Емізулі анаға банан жеуге болама?
  • Ана болудың өзі…
  • Анама хат
  • Отбасы және бала психологиясы
  • Балаңыз жылай берсе

Пікірлер 6 Пікір қосу

  • Туктыбаева Ляззат 05.12.2024 күні 15:47 уақытында

    Бұл ертегі ана мен бала арасындағы махаббат пен қамқорлықтың көрінісі. Бие өз құлыншақтарын барлық қиындықтардан қорғап, оған тек жақсы өмір тілейді. Әрбір іс-әрекеті арқылы ол баласының денсаулығын, күш-қуатын сақтап, мықты бәйге аты болуын қалайды. Бұл ертегі балаларға ананың баласына деген шексіз махаббатымен, оның болашақ үшін алаңдаушылығын және қамқорлығын жеткізеді. Алайда, оның үлкен өмірге дайындағаны да бар — құлыншығы өскен сайын, оның болашағына жауапкершілік артатынын білдіреді.

    Жауап беру
  • Тусупова Гулнар Кырыкбаевна 14.11.2024 күні 22:05 уақытында

    Өте тамаша жұмыс алғанымыз түсінгеніміз көп рахмет сіздерге жұмысыңызға табыс тілейміз

    Жауап беру
  • Исмаилова Алма Ораковна 07.02.2024 күні 10:34 уақытында

    Тамаша

    Жауап беру
  • Аяжан 22.08.2023 күні 09:07 уақытында

    Қызықты тақырып, маған қатты ұнады

    Жауап беру
  • Орынгуль 09.03.2023 күні 16:32 уақытында

    достықтың 2 түрі бар

    Жауап беру
  • Орынгуль 09.03.2023 күні 16:31 уақытында

    жақсы

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.