Отбасылық тәрбиелеу
«Өз ішіңдегі бұрын болған балалық даусыңа, ішіңдегі әлі орналасқан балалық сезіміңе құлағыңды салу керек. Егер де біз өз ішіміздегі балалық даусымызға құлағымызды салсақ, көзімізде қайтадан сәуле жанады. Егер біз бұл баламен байланысымызды жоғалтпасақ, біздің өмірмен байланысымыз да үзілмейді.»
Габриэль Гариса Маркес «Сто лет одиночества»
«Отбасылық тәрбиелеу – баланы жеке тұлға ретінде дамытудың негізі».
Тұлғаның даму үдерісінің ең ерте кезеңдерінде әдетте отбасы ықпал етеді. Жеке бала үшін отбасы өзінің туған жері, мекені және әрқашан жақын болатын ортасы болып табылады. Отбасы баланы жеке тұлға ретінде дамытып, оған белгілі бір қасиеттерді, дағдыларды, көзқарастарды сіңіреді. Сондықтан отбасылық тәрбиелеу бала үшін әрқашан бірінші орында болып тұрады.
Балаларды тәрбиелеу
Отбасылық тәрбиелеу бұл тәрбие барысындағы алынған тәжірибе, білім және тұлғаның жеке жан-жақты қалыптасуы көрсетілген ата-аналардың, олардың балаларының және басқа да туыстарымен арасында қалыптасқан өзара әрекеттестік жүйесі. Өскелең ұрпақты тәриелеудегі отбасының рөлі балалардың даралықтарын, бірегейліктерін, ерекшеліктерін терең есепке алумен айқындалады. Бала тұлғасындағы қалыптасуындағы және дамуындағы отбасышылық қатынастардың маңызы, олардың бала дүниеге келген сәттен бастап кездесетін және онда қоғамдық қатынастардың барлық байлығы шоғырланатын және өзіндік көрінісін табатын, яғни, бала туған сәттен бастап бұл жүйеге кіру мүмкіндігі жасалатын қоғамдық қатынастардың алғашқы ерекше үлгісі болып табылатындығына байланысты.
Басты тәрбие отбасында жақсы сөздер жақсы жағын көп айту керек сол кезде жақсы болады
Отбасындағы бала тәрбесі баланың өмірге деген құлшынысын нығайтып ғана қоймай жауапкегершілігін дамыту осы мақалада жазылған деректердің барлығы құнды
Қазіргі кезде отбасылық тәрбие теледидар, ұялы телефон сияқты құралдармен алмастырылып жатыр. Өкінішті, бірақ бұл факт. Сондықтан балаларыңызға отбасылық өнегелі тәрбие бергіңіз келсе, ең алдымен өзіңізден бастау қажет. Болашақта балаңыздың қандай тұлға болғанын қалайсыз, сол жайлы ой жүгіртіп, балаға үлгі болуға және онымен жұмыс жасауға көңіл бөлу керек.
Отбасыда Балалардың көзінше тек жаксы сөйлеуге тырысу керек.
Отбасындағы тәрбие ата-анадан басталатыны мәлім. Сол ата-ананың балаға үлгі болатынын, бала ата-анасынан көргенін істейтіндігін әр ата-ана білсе керек.