Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бала денсаулығы

 

Нәресте күтімі


Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күту-оның денсаулығының басты кепілі. Бала ауырмас үшін ана оның денесін таза ұстап, тамағын дұрыс беріп, дұрыс ұйықтата білуі керек.

Кіндігі түсіп, орны әбден жазылғаннан кейін, қайнаған жылы суға ( + 37 С) нәрестені күн сайын кешке жақын шомылдырған жөн. Бұл жағдайда ананың тырнағы өсіңкі болмауы тиіс, ол нәрестені шомылдырар алдында қолын сабындап жуып,ваннаны ыстық сумен шайып алуы керек. Шомылдырғанда сәбидің кеудесін анасы сол қолының білегіне сүйеп, оң қолымен оның аяғын ваннадағы суға салады.

Нәрестенің құлағына, аузына, мұрнына су кетіп, көзіне сабын кіріп ашытпас үшін, ваннадағы судың деңгейі оның иығына жетер-жетпестей болғаны жөн.
Нәрестені шомылдырудан бұрын, бір ыдысқа оның бет-аузын шаятын қайнаған жылы су, екінші ыдысқа шомылдырып болған соң денесін шаятын (35—36°) су дайындап қойған жөн. Алғашқы күндері шомылдыратын суға аздап марганцовка қосады. Баланы суда 5—7 минуттан артық ұстауға болмайды. Нәрестенің терісі базданып кетпес үшін мойнына, қолтығына, шатына вазе¬лин немесе өсімдік майын жағады. Өсімдік майын 10—: 15 минут қайнатып, суытып, арнаулы ыдысқа құйып қоюы керек.

Нәрестенің қолын таза ұстап, тырнағын өсірмей алып тұрған жөн. Өйткені тырнағы өсіп кетсе бала бет-аузын тырнап жарақаттап алады. Майға батырылған таза мақтамен баланың құлағының іші-сыртын, мұрнын тазартып тұру керек.
Сәбидің киім-кешектері мен жаялықтарын жай ғана жуып қоймай, қайнатып, міндетті түрде екі жағын бірдей үтіктеу қажет.
nareste

Нәрестенің тамағы

Нәресте үшін ең пайдалы және маңызды  тағам — ана сүті болып табылады. Өйткені, оның құрамында бала организміне қажетті заттардың бәрі.бар. Сондықтан емшек сүті сәбидің дұрыс өсуін қамтамасыз етеді және оны жұқпалы аурулардан қорғайды. Нәрестенің ас қорыту ағзалары толық дамып жетілмегендіктен, ол қорегін емшек сүтінің құрамындағы ферменттер арқылы ғана қорытып, бойына дұрыс сіңіреді.

Баланы емізу ережелері

Емшек сүті баланың дұрыс өсіп-жетілуіне көмектесетін аса маңызды қоректік зат. Ана сәбиді емізер алдында қолын жуып, емшегін жылы сумен шайып, құрғатып алғаны жөн. Баланы емізіп болғаннан кейін емшектің ұшын таза мақтамен сүрту керек. Емшекке күніне екі рет ауа ваннасын жасаған жөн. Баланы емізуге ыңғайлы болуы үшін ана аяғының астына аласа орындық қойып, тізесінің үстіне таза жөргек жауып отыруы тиіс.

Аузына емшектің ұшын түгел салғаннан кейін нәрестенің мұрнын бітемес үшін, ана емшектің. ұшын екі саусағымен қысып, тартыңқырап ұстап отырғаны жөн.

Нәрестені алғаш емізгенде үш-төрт минуттан артық емізудің қажеті жоқ. Одан кейін 10 минуттан емізіп, қалған сүтті сауып тастайды. Өйткені баладан қалған емшек сүті сүтті тез қайтарады немесе емшекті ісіндіріп жібереді.

Сәбиді үнемі белгілі бір сағатта емізіп, емшекті кезектестіріп беріп отыру керек.
Емген сүт организміне жақсы сіңуі үшін, нәрестеге кемінде үш сағаттай уақыт керек. Осы уақыт ішінде ем¬шекке сүт қайта жиналып үлгіреді. Алғашқы айларда нәрестені таңертеңгі сағат алтыдан түнгі сағат 12-ге дейін әрбір үш сағат сайын, күніне 7 рет емізген дұрыс.

Ал түнгі 12-ден таңертеңгі 6-ға дейінгі уақыт, ана мен баланың жақсылап ұйықтап, тынығуы үшін қажет. Әр емізу арасында нәрестеге қайнаған су немесе сұйық шәй (30—50 г) беруге болады. Босанғаннан кейін ана міндетті түрде емшек көтергіш кигені дұрыс, өйткені емшекті жоғары көтеріңкіреп ұстаса, оған сүт көп жиналады.

Ал бос тұрған емшекке сүт жиналмайды. Жас босанған әйелдің алғашқы 2-6-шы күндері емшектерінің ұштары жарылуы мүмкін, оған басты себептер:
— бала емізудің гигиеналық шартын сақтамау;
— емшекте қалған сүтті сауу тәсілін жетік білмеуі;
— жүкті кезде емшекті бала емізуге әзірлемеу;
— баланы дұрыс емізу жолын білмеу.

Бала аштықтан емес, басқа да себептерден: мысалы, асты суланса немесе қатты құндақталып, денесіне жаялық батса, көп емгендіктен іші ауырса жылауы мүмкін. Сәбидің ішін (қарнын) жылы ұстау керек (ішін анда-санда құйрық маймен майлап қойған да дұрыс).
Бір сөзбен айтқанда, баланы жылаған сайын емізудің немесе әлдилеп жұбатудын қажеті жоқ, ең алдымен оның себебін анықтап, мазасын кетірмеу жағын ойластырған жөн.

Тақырыпқа сай мақалалар:

  • Жүктілік күнтізбесі
  • Баланың жынысын анықтау кестесі
  • Ана болғалы отырғандарды сақтаңыздар!
  • Болашақ ананың тамақтануы
  • Босанған әйелдің еңбек етуі және тамақтануы
  • Сәбидің үйдегі алғашқы күндері

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жөтелге қарсы емдік шаралар
  • Ерте солған тал шыбықтар тағдыры
  • Баланың эмоционалдық дамуындағы музыканың рөлі
  • Ерекше қарауды қажет ететін баланың отбасы
  • Қандай көкөністер қыс мезгілінде бала денсаулығына пайдалы?

Пікірлер 58 Пікір қосу

  • Нұрсәуле 15.05.2022 күні 15:32 уақытында

    Сәлеметсізбе бипантен, пурилан. Қара сабынмен жуып кептіріп маз жағыңыз

    Жауап беру
  • Улсерик 22.09.2021 күні 13:00 уақытында

    Болашак аналар ушин таптырмас маглумат керееметтт!!!

    Жауап беру
  • Асем 22.08.2021 күні 21:52 уақытында

    Баланың желтухасын калай кетируге болады? Педиатрымыз Урсофальк деген сиропты берген, комектеспей жатыр. Су берип, куннин козине жаткызамын сондада.

    Жауап беру
    • Айдана 23.09.2021 күні 01:28 уақытында

      Бізде болған,урсозим бергенбіз

      Жауап беру
  • Беспаева Айнаш 21.02.2021 күні 15:16 уақытында

    Жас аналарға жақсы түсіндірілген. Нәресте күтімі туралы өте керекмет жазылған. Сіздерге көп-көп рахмет!

    Жауап беру
  • Беспаева Айнаш 21.02.2021 күні 14:43 уақытында

    Жас аналарға жақсы түсіндірілген мақала, нәресте күтімі туралы жақсы түсіндірілген.

    Жауап беру
  • Асем 11.02.2021 күні 10:46 уақытында

    Бала емізуде осындай күтімді қолдана бермейміз өте дұрыс екен жазғаны

    Жауап беру
  • Адеми 11.12.2020 күні 11:35 уақытында

    Өте керемет әрі толық және жетімді жазылған. Ең алғашқы рет ана атанғалы жатқан жандарға керемет көмек.

    Жауап беру
  • Жулдыз 01.06.2020 күні 20:35 уақытында

    Кайырлы кун 1 айлык кызым даретин жинамайды суйык еми барма?

    Жауап беру
  • Гүлжанат 22.07.2019 күні 18:10 уақытында

    Бала дүниеге келген соң 3 ай іші ауырып жылауы мүмкін, өйткені ол сыртқы өмірге үйренбеген! Баланың іші қатса массаж жасау керек қайнаған су беру керек! Ішінде сұйықтық аз болса да іші қатады! Клизма көп жасауға болмайды, соған үйреніп алады! Іші желденуі мүмкін, тамақтандырар алдында екпетінен жатқызу керек! Дәріні Педиатрдан сұрап барып берген жөн! Арқасында тікен болуы мүмкін соны да тексеріп қою керек! Менің қызым бар 5 ай болады жақында солай іші ауырып қиналғанбыз! Мен іші қатқанда дюфалак, желденгенде эспумизан бердім! Дәрі көп бергенде дұрыс емес! Мұрны бітсе, жылы су көбірек берген дұрыс! Бізге педиатр аквамарис жазып берді!

    Жауап беру
  • Алия 25.02.2019 күні 00:05 уақытында

    Керек нәрсені алдым. Жақсы жарайсың

    Жауап беру
  • Айгерим 30.11.2018 күні 16:40 уақытында

    Сәлеметсіздер ме. Жазылған мақалаға қосар ым баланы 3 сағат сайын емес бала емшек емем дегенде беру керек. Бір емизгенде 25.30мин болу керек себебі бала жай емеди. Сосын баланы түнде жиі емизип тұру керек себеби түнде лактация көп болинеди.

    Жауап беру
  • Madina 20.11.2018 күні 16:02 уақытында

    Салем қыздар

    Жауап беру
    • Макпал 31.10.2020 күні 00:28 уақытында

      Мен кызым 2айдан асты мойнын устай алмайды не истеу керек.

      Жауап беру
  • Сая 27.06.2017 күні 10:41 уақытында

    Сәлем қыздар менiн қызыма 2 ай салмак коспай жатырмыз озимнин сутим құнары жоқ па қосымша нан тройной камфорт беремін.апетити жоқ басқа не истеуге болады?

    Жауап беру
  • Жанар 24.05.2017 күні 10:22 уақытында

    Мақалаға қатысты тағы айта кететін нəрсе алғашқы түскен суын «шілде суы» деп атайды.сол судан банкаға құйып алып қалу керек.кейін баланың денесінде шілде суы дұрыс тимеген жерлері қызарып тері іри беретін болады.сол кезде шілде суымен сүртсе жазылады.

    Жауап беру
  • Жанар 24.05.2017 күні 10:13 уақытында

    Салеметсіздерме.менің сұрағым балам кіттай кезінде емшекті тауысып ембегенсоң грудососпен сауып тастап жүрдім.енді міне емшектің үрпісі үлкейіп тесіктері де үлкейіп кетті.казірі екінші баламды емізіп отырм.екі жағы да сорғалап кетеді. Не істеуге болады?

    Жауап беру
  • Акерке 23.05.2017 күні 01:54 уақытында

    Кыздар улыма 40кун…мурны бителип тур. Не истеуге болады? Сутимди мурнына тамыздым. Как будто мурны бокка толып тургандаи боп тур

    Жауап беру
  • Адеми 22.05.2017 күні 13:28 уақытында

    Салеметсиздерме менин улыма 6 ай болды. Котенине шаттарына кып кызыл болып бориткен сиякты каптап кетипти не истесем болад

    Жауап беру
  • Куралай 18.05.2017 күні 08:08 уақытында

    Сәлеметсіздер ме? Менин 1айлык кишкентайым бар… Омырауын сыкканда ешкандай су шыкпайды. Неликтен?Миндетти турде су шыгу керекпа….әлде …

    Жауап беру
    • Акнур 25.11.2020 күні 01:48 уақытында

      Саламатсыз ба баланың омырауын никогда сыгуга болмайды. Сығылған омырауы мастит болып калуы мумкин жай гана массаж жасағанда маймен сипасаныз жетеди

      Жауап беру
  • Айман 09.05.2017 күні 16:15 уақытында

    Салематсиздарма?! Менин кызыма 3 ай болды, сурайын дегеним еки емшеги катты бурын билинбейтин, бул неден болуы мумкин? Немесе кишкентай кезинде емшек бези дурыс сыгылмаганнан болуы мумкинбе? Егер солай болса калай кетируге болады? оскенде колтыгынан Жагымсыз ис шыгама деп Коркам

    Жауап беру
  • gulzat 09.12.2016 күні 19:13 уақытында

    salem menim balam eki aylik ozi ulken daretke wigalmaydi klyzmamen wigarip alamin katti wirildap jilaganda onday barlik narestede bolama katti uayimdap jurm ozi wigip ketema uakit ote kele komektesinizderwi otinem jauap kutem

    Жауап беру
  • гүлзат 09.12.2016 күні 19:04 уақытында

    салем менімде балам үлкен даретке шығалмай қалды 2-айлықпыз уайымдап жүрм ондай барлық нəрестеде болама нестесем болады менде клизма жасап шығарып алам өзі шығатын шығар деп күтем күшенеді жел шығарады клизма жасаған зиянба жауап күтем көмектесініздерші қалай шығаруға болады өзі шығу үшін нестеуім керек

    Жауап беру
    • Жибек 12.05.2020 күні 13:32 уақытында

      Памперс кигызсеныз жиы ауыстырыныз маргансовка аз косып куныне 2,3 рет жуыныз памперс кигызер кезде котенын жуып кептырып солнышко деген крем бар под подгузник 400 тг турад соны жаксаныз болад

      Жауап беру
    • Жибек 12.05.2020 күні 13:34 уақытында

      Су берыныз

      Жауап беру
  • айгерим 01.10.2016 күні 18:06 уақытында

    Салеметсиздерме кызымнын дуниеге келгенинне 13кун болды улкен дарети шыкпай жур тек жел шыгара береди не истесем болады

    Жауап беру
  • Жазира 07.07.2016 күні 19:14 уақытында

    Сəлеметсізлерме.менің қызым 9айлық.1 ай болды оң иығына ақ жақ пайда болды.дәрігерге көрсеттім витилига яғни терісі ағарып жатыр дейді.ем жоқ дейді.кімде осындай жағдай болған көмектесіңізші.рахмет

    Жауап беру
  • Сандугаш Макул 09.06.2016 күні 16:58 уақытында

    Сәлеметсіздер ме?сіздерге сұрақтарым бар еді.
    Балам қайта-қайта ылықтай береді.
    Ол неден болады.
    Қалай ылықтаткызбасам болады.

    Жауап беру
    • Тарбие 05.07.2021 күні 15:37 уақытында

      Нервтан

      Жауап беру
  • Сандугаш Макул 09.06.2016 күні 16:56 уақытында

    Сәлеметсіз бе?менің балам жиi ыкылыктайды.
    Неге ыкылыктайды бiлесiздер ме?сұрағыма жауап берсеңіздер?

    Жауап беру
  • Кайыргали Тлеуов 13.05.2016 күні 21:51 уақытында

    Сәлеметсіздерме
    Менің балам 8 айлық бетіне,ішіне,арқасына кішкентай қызыл бөртпелер шығып кетті.Балам мазасыз,жылай береді.
    Осы жағдай таныс аналар болса, қандай кеңес бересіздер,не істесем болады?

    Жауап беру
    • Тарбие 05.07.2021 күні 15:38 уақытында

      Чередага түсіріңіз

      Жауап беру
  • Арайлым Баймерекова 24.02.2016 күні 09:23 уақытында

    Салеметсыздерме менын кызымнын тылы мен тандайы ойылып кетты кызым 1айлык не стесем болады акылдарынызды айтыныздаршы апкелер. Алдын ала рахмет

    Жауап беру
  • диана 09.12.2015 күні 19:03 уақытында

    Салем.эспумизан жаксы комектеседи.менинде кызымда солай болган.дарини берип, клизма жасау керек сабын сумен.

    Жауап беру
  • диана 09.12.2015 күні 19:01 уақытында

    Салеметсиздер ме? Мен баламды 3 ай болды емшектен шыгарганыма.енди емшегимде 2-3 туйын бар кейде ауырады.не истесем болады? Кенестеринизди айтсаныздар отиниш…

    Жауап беру
  • диана 09.12.2015 күні 18:59 уақытында

    Салеметсиздерме

    Жауап беру
  • Ару 12.09.2015 күні 17:12 уақытында

    Марфуға олай жасай бермеңіз, бала соған үйреніп кетеді, майлаңыз құйрығын маймен, олай болу сіздің жеген тамағыңызға да байланысты екен,меніңде 3 айлық балам бар, менде де сондай болған, қазір жақсы.

    Жауап беру
  • Марфуга 09.09.2015 күні 22:12 уақытында

    Салем!менин балама-1 ай болды бирак улкен дарет шыгармаганына 9 кун болды ар 3 ши куни клизма жасап отырмын,ол Неден болуы мумкин Жане не истесем болады?

    Жауап беру
  • Дана 16.08.2015 күні 23:12 уақытында

    менде бир кызым кишиси, 1айды толтырмадык,енди кеше вздутие мыкты,не истеймин?

    Жауап беру
  • Дамира 25.07.2015 күні 15:23 уақытында

    Салем! Мен кесаревамен босандым. Балаларым емшек ембей койды. 1 жагымнын кокирегинде уши бар ал 2 жок. 2 ай болды? Не истесем болады? Балаларыма хиян ештене болмай ма

    Жауап беру
  • Фариза 09.07.2015 күні 07:44 уақытында

    Менин улыма 5ай 5айлык баланын кутими кандай болу тиис?

    Жауап беру
  • Айдана 08.07.2015 күні 23:47 уақытында

    Сурак?босанганнан кеиин ишим калып койды не истесем болады

    Жауап беру
  • Актолкын 05.07.2015 күні 11:00 уақытында

    Менин он кокирегиме сут аз кабели сол жагына коп ол неден жауап кутемин

    Жауап беру
  • Актолкын 05.07.2015 күні 10:48 уақытында

    Акнур салем саган шай тамак ишип болган сон ол кокирегине бару ушин жарты сагаттай жатуын кажет демалып ,коп кимылдасан сутин тархай береди

    Жауап беру
  • Акнур 24.06.2015 күні 13:29 уақытында

    Салеметсизбе мен босанганыма 4 кун болды кесар тилиги аркылы енди кызымды емизе алмай жатырмын сутиме тоймайды сут аз жиналады не истеимин маган комек бериниздерши барынша мейырленип жатырмын не истеймин апилак деген дари иштим комек жок нарестеме обал болды. Врачтарга айтсам мейырлен дид и все кызымды тойдыра алмаганыма катты капаланамын барынша суйыктык ишип жатырмын комек жок.

    Жауап беру
  • Алмара 26.04.2015 күні 18:56 уақытында

    Салеметсізбе! Мен үш айдан асқан қызым төрт-бес күн болды іші жүрмей жатыр.Жылайды дәрі сұйық май бердім бірақ нәтиже жоқ .Не істеуге болады ішегіне зиян ба деп қорқам.

    Жауап беру
    • Erketai 26.04.2015 күні 22:52 уақытында

      Дәргерден кеңес алыңыз, өкінішке орай біздің сайтта мұндай қызмет түрі көрсетілмейді.

      Жауап беру
  • Зауре 11.04.2015 күні 12:51 уақытында

    Салем. Бір айлык баланы кулатып ягни тосектен кулап калса не болады?

    Жауап беру
  • гулмира 23.02.2015 күні 23:50 уақытында

    Баланын уикысы ауысып кетсе баланын басын есик жакка каратып 10кун жаткызнз жеидесин терис кигзинз мен балама осылаи жасагам

    Жауап беру
  • Madina 19.02.2015 күні 22:40 уақытында

    нәрестелік шақ

    Жауап беру
  • Карлыгаш 16.02.2015 күні 01:22 уақытында

    Менин баламнын уйкысы аусып кеткен не iстесем болады калай ауыстырсам болады уйкысын

    Жауап беру
  • Эльмира 19.01.2015 күні 08:07 уақытында

    Салеметсиздерме? Босанганыма 17кун болды. Баламды бесикке болесем болама?

    Жауап беру
  • Бинур 28.12.2014 күні 12:59 уақытында

    Салем менин оиымша даригерлерди тындаган жон. Себеби казирги заманмен экологияга баиланысты карастырады деп ойлаимын

    Жауап беру
  • фатима 11.12.2013 күні 04:24 уақытында

    Салем

    Жауап беру
  • зульфира 22.11.2013 күні 14:18 уақытында

    Баланы неше айдан бастап отыргызып уйреткен дурыс

    Жауап беру
  • a.mustafa 26.04.2013 күні 11:18 уақытында

    Тусиниксиз: казирги даригерлер су бермендер дейди, кезинде аналар мен ажелер су бердик берген дурыс дейди.казирги даригерлер баланы жаялыкка катты тартып орамандар дейди, ал кезинде аналар мен ажелер баланы катты тартып орадык дейди. Сонда казирги жас аналарга кимдерди тындау керек Даригерлерли ме немесе Ана-Ажелерди ме?

    Жауап беру
    • Moldir Kalikizi 22.11.2013 күні 11:56 уақытында

      Bir jaginan ata analar ozinin oindi aitadu al kazirgi zamanda doktorlar drus aitadu

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.