Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Сұлулық

 

Шашты қалай өсіруге болады


Шашты қалай тез өсіруге болады 12-кеңес

1. Шаштараздың қызметінен бас тартыңыз бірақ, шаштың ұштарын үш ай сайын реттеп отыруға болады.

2. Қолданатын тарағыңызды жиі ауыстырып тұрыңыз, тарақ табиғи материалдан жасалғаны дұрыс(мысалы ағаштан немесе пластмассадан) тек темір болмауы тиіс.

3. Күніне екі рет (жиірек) шаштың шатасып қалған тұстарын басыңызды еңкейтіп тарап тұрыңыз бұл бір жағынан бас терісінің қан айналымын жақсартатын массаж болады.

4. Шашыңызды тарағанда барынша мұқият болыңыз ешқандай асығыстық танытпаңыз. Шашты тарауды шаштың ұшынан бастаңыз шатасқан тұстарын тарақпен емес қолмен дұрыстаңыз.

5. Шашыңызды жуатын сусабынды(шампунь) дұрыс таңдаңыз шашыңызға нәр беретін маскаларды қолданыңыз.

6. Шашты жақсы қалыпқа келтіру үшін кәдімгі шикі жұмыртқаны қолдансаңызда болады. Жұмыртқаның ақ уызы майлы шашқа, ал сары уызы құрғақ және көп түсетін шашқа өте көп пайдасы бар. Сіздің шашыңызға жұмыртқаның қай бөлігі дұрыс келетініне сай стаканның 1/2 бөлігіне құйып таза жәнеде суланған шашқа жағып шығу керек. Содан соң 20 минут ұстап болған соң сусабынды(шампунь) пайдаланып бөлме температурасындағы сумен шашыңызды жуыңыз. Бұл тәсілді айына бір рет пайдаланыңыз. Егер сіз жұмыртқаның ақ уызын пайдаланатын болсаңыз, екі апта сайын қолдансаңыз болады.

шаш үлгілері фото, шаш күтімі

 

7. Шашты аптасына екі рет жууға болады бірақ одан көп болмауы тиіс. Бас терісіне ыстық су тимеуін қадағалаңыз су барынша жылы яғни бөлме температурасымен бірдей болса жеткілікті.

8. Шашты жуып болған соң ешқандай фен қолданбаңыз шаштың қалыпты жағдайда кепкені дұрыс.Шаш қыстырғыштарынан да бас тартқаныңыз жөн. Болмаған жағдайда бигудиді қолдансаңыз болады бірақ жатар алдында алып тастаңыз.

9. Шашты жуып болған соң қайда шықсаңызда бас киіммен шығыңыз бұл сізді бас терісіне түсетін зиянды микробтардан сақтайды.

10. Дұрыс тамақтануда шаштың тез өсіп, әдемі болуына ғана емес жалпы өзіңізді сергек сезінуіңізге де күнделікті тағамыңыз көп әсерін тигізеді.

11. Шашыңыздың табиғи әдемілігін қалпына келтіру үшін, күнделікті тағамыңыздың құрамында мына тағамдар тобынан тұрғаны жақсы. Олар: дәнді дақылдар, бұршақты дақылдар, сүт өнімдері, жеміс-жидектер, балық және тауық еті, табиғи шырынды сусындар.

12. Мүмкіндігінше тәтті, ащы, ұннан жасалған және майлы тағамдардан бас тартыңыз. Күнде жеткілікті мөлшерде таза суды ішіп тұрыңыз.

Шашты қалай қалыңдатуға болады

Пияз және сарымсақты пайдаланып шашты біршама қалыңдатуға да болады. Бұл екі өнім шаштың түсуінен қорғап қана қоймай шашыңыздың ұзын әрі қалың болып өсуіне өте жақсы көмектеседі. Езілген сарымсақты немесе пиязды шашыңыздың түбіне жағыңыз. Басыңызды күлеңкімен жауып, сүлгімен орап алыңыз. Жарты сағаттан соң су сабынды көптеп пайдаланып бірнеше қайталап жағылған өнімнің иісі кеткенше жылы сумен жуыңыз.

Күнделікті шаш күтімі дегеніміз тыңғылықты және ұқыпты болуды талап етеді. Егерде жоғарыда жазылған кеңестерді күнделікті әдетке айналдырсаңыз сізге шаш күтімі соншалықты ауыр жұмыс болып көрінбейтін болады. Ал сіздер өз тәжірибелеріңізге негізделген шаштың күтіміне және тез өсуіне арналған қандай кеңестер бере аласыздар? Пікір жазу формасы арқылы бөлісулеріңізді сұраймын және де сіздерге шабыт беру үшін әр түрлі шаш үлгілерінен құралған фото суреттер топтамасын көруді ұсынамын. Рахмет!

shash-ulgisi-fotolar

Shash-ulgisi

shash-ulgileri-kizdarga

shash-ulgileri--foto

shash-pricheski

shash-foto

pricheskalar-foto

kizdarga-shash-ulgileri

foto-shash-ulgisi

Егер менің мақалам ұнаса достарыңызбен бөлісіп пікір қалдыруларыңызды сұраймын.

Арнайы Еркетай сайты үшін дайындаған Сейтова Арайлым

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Арықтаудың ең оңай жолдары
  • Шашқа арналған маскалар
  • Бет күтімі

Пікірлер 34 Пікір қосу

  • Мадина 05.02.2022 күні 00:16 уақытында

    мақаланыз керемет. шашым ұштана береді. рахмет көмегінізге

    Жауап беру
  • Казна 27.01.2022 күні 08:00 уақытында

    Мақала авторына рақмет. керемет ақпараттар алдым

    Жауап беру
  • Жанар 11.08.2021 күні 13:07 уақытында

    Өте пайдалы кеңестер екен, В1, В6 витаминдері жетіспесе де шаш көп түседі екен, сондықтан соны толықтыру керек.

    Жауап беру
  • Мақпал 25.07.2021 күні 15:58 уақытында

    пайдалы кеңестер алдым. босанып алғаннан соң шашым жиі түсіп жатыр

    Жауап беру
  • Марям 12.02.2021 күні 16:12 уақытында

    Керемет,маған ұнады. Мақалаңыз күштіі

    Жауап беру
  • Мөлдір Жұмажанова 25.01.2021 күні 20:14 уақытында

    Керемет қызықты болды! Негізі шашты кезінде әжелеріміз, жұмыртқа мен айран жағып өсірген

    Жауап беру
  • Бибігүл 18.12.2020 күні 23:03 уақытында

    Өте керемет және қажетті кеңестеріңізге рахмет, қайта қайта оқып шықтым бәрін

    Жауап беру
  • Гүлнұр 20.11.2020 күні 21:25 уақытында

    Менің шашым өте жәй өседі. Қандай бальзам қолдануға болад екен

    Жауап беру
    • Усенбаева Нурила 13.03.2021 күні 17:10 уақытында

      Мен қайдан білейін де шашыңызды күныне екы үш рет тармағын аптасына шашыңызды жылы сумен 2 рет жуыныз

      Жауап беру
  • Мөлдір 20.10.2020 күні 19:31 уақытында

    шашты өсіре алмай жүрмін. кескеннен кейін өседі қайтадан тоқтап калады

    Жауап беру
  • Жанерке Ертайқызы 29.09.2020 күні 02:24 уақытында

    Негізі факт бойынша шаш айына тек 2см ғана өседі екен

    Жауап беру
  • Айдын Қанатқызы 04.09.2020 күні 00:04 уақытында

    Өзіме қажеттінің бәрі бар сайт екен. Рахмет. Сұлулық өте маңызды

    Жауап беру
  • Жолбарысхан Гүлмайран 01.08.2020 күні 17:06 уақытында

    кеңестеріңізге алғыс білдіремін. пайдалы ақпарат.

    Жауап беру
  • Салиха 01.07.2020 күні 11:11 уақытында

    Мақаладан өзіме қажетті көп мәліметтер алдым. Оңай әрі көпшілікке түсінікті жазылған Осындай сайттың барын білмеген екенмін. Рақмет сіздерге

    Жауап беру
  • Самал 11.06.2020 күні 15:31 уақытында

    Мына айтылған кеңестерді өзіме жазып алдым. Әйтпесе менің де шашым өте баяу өседі. Осы жазғандарды жасап көрмесем?

    Жауап беру
  • Orynkul 23.04.2020 күні 16:55 уақытында

    Салеметсызба
    Менын шашым тез туседы жане кургак и жука
    Мен не ыстесем болады
    Осы кенестер комек бере ала ма
    Комек береты болса жасап коремын
    Кенестерынызге коп коп рахмет

    Жауап беру
  • Ақерке 20.02.2020 күні 18:29 уақытында

    менің шашым проблемный шаш, осы сайтта жазылған мақаланы оқып, орындадым. нәтижесі күшті

    Жауап беру
  • Маржан Queen 22.01.2020 күні 01:42 уақытында

    Пияздан жасалған маска шашты қанша күнде өсіреді

    Жауап беру
  • Меруерт 04.12.2019 күні 22:46 уақытында

    қандай жақсы пайдалы кеңестер

    Жауап беру
  • Жандос 30.10.2019 күні 17:41 уақытында

    Селемтсизббе менин шашын бурында калын еді енді шашым каты сирек болып калды Жане тусе бастады шашым комектесинизши калай кап калын кылып осиру

    Жауап беру
  • Гулизат 11.05.2019 күні 19:03 уақытында

    салеметсіздерме. менің шашым қатты,бирак жиі түседі. сіздердің арқаңызда шаштың күтімін біліп алдым, сіздере рахмет.

    Жауап беру
  • Дина 21.07.2018 күні 22:13 уақытында

    Салеметсиздер!!
    Менин шашым кайратты ари калын шаш.,бирак осы жылы анам шашымды кестирди, шашым узын болатын. Содан шашымды осире алмай журмин Шашым 1 айда 1-2 см ге дейин оседи. Сосын сиздерден макала кордим. Макаланызга рахмет…..

    Жауап беру
  • Арайлым 12.01.2018 күні 10:12 уақытында

    Сəлеметсіз бе Арайлым ханым ?Менің шашым қалың жəне қайратты,көп түседі,жəй өседі ,шашым қысқа .Өте жəй өсетіндіктен шашымды өсіре алмай жүрмін,қандай кеңес бере аласыз?

    Жауап беру
  • Айдана 05.09.2017 күні 13:38 уақытында

    Сәлеметсіздерме!Калдарыныз қалай? Менде аз ғана кеңес бар!Шашыңыз әдемі жылтырап өссін десеңіз дәріханаларда қызыл ащы бұрыш тұнбасын пайдалансаңыз болады!Массаж түрінде жағып уқалайсыз

    Жауап беру
  • Шұғыла 25.05.2017 күні 16:42 уақытында

    Керемет кеңестер?Тағы қосарым бар еді.Бұл кеңестер шашы өте жұқа жəне шашы жиі түсетін қыздарға арналады.Егер сіз шашыңыздың жұқалығынан қиналсаңыз онда,табиғи су қосылмаған айранның сары суын жеке алып шашыңызды жуасыз.Қанша көп жусаңыз сонша жақсы.Нәтижесі өте керемет.Осыны 2-3ай үзбей жасасаңыз өз шашыңызды өзіңіз танымай қаласыз.Өйткені бұл табиғи маска ?

    Жауап беру
  • Асем 23.05.2017 күні 23:08 уақытында

    Жаксы пикирлер. Маган унады. Бир сурагым неге шашка тамак ішудин кажети бар.

    Жауап беру
  • Айгерим 11.07.2016 күні 00:51 уақытында

    Тричуп шампунь калындатады шашты

    Жауап беру
  • фатима 16.08.2015 күні 22:42 уақытында

    қандай сусабын шашты калындатады

    Жауап беру
  • аружан 16.08.2015 күні 22:35 уақытында

    тағыда шашты өсіруге арналған кеңестер барма?

    Жауап беру
  • Арайлым 17.05.2015 күні 18:56 уақытында

    Аяулым, өйткені шашты жуған соң бастың терісі жұмсарып тұрады сондықтан темір тарақ шаштың түбіне зиян келтіру мүмкін.

    Жауап беру
  • Аяулым 15.05.2015 күні 21:40 уақытында

    оте кушти малиметтер бирак сизге коятын сурагым Арайлым неге темир таракпен тарауга болмайды?

    Жауап беру
  • Маржан 15.05.2015 күні 14:37 уақытында

    Қажетті кеңестер рахмет. Сайт әкімшілігіне сұрағым осындай тақырыпта жазылған кеңестер жайлы мақала жіберсем сайтқа жариялайсыздарма және жарияланганын қалай білуге болады?

    Жауап беру
    • Erketai 15.05.2015 күні 14:42 уақытында

      Саламатсыз, ия жіберуіңізге болады. Мақала тексеріліп болған соң сайттың сәйкес келетін бетіне жарияланады. Егер сайт жаңалығына жазылсаңыз соңғы жарияланған мақалалар почтаңызға барып тұрады.

      Жауап беру
  • Жанар 15.05.2015 күні 05:54 уақытында

    Арайлым мақалаңыз қатты ұнады. Кеңеске келетін болсам шаштың тез өсуіне «репейное маслоның» да көмегі болады.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.