Шашқа арналған маскалар

Осы мақалада берілген рецепт арқылы сіз шашыңызды тез өсіруді , көлемін арттыруды үйренесіз.

Соншалықты бұл рецептің қандай қасиеті бар, құрамына не кіреді, құпиясы қандай деген сұрағыңыз болса, мұқият оқып танысып шығуға кеңес береміз.

Рецептің құрамына желатин кіреді.Желатин-жануарлардың сіңірінен алынатын зат.Желатин белоктарға өте бай келеді ал бұл зат өз кезегінде шашпен тырнақтың  өсуіне жауап береді.

Бізге не керек:

  • 1ас қасық желатин
  • 4/1 стакан ыстық су
  • 1 шай қасығымен су сабын
  • 1 сары уыз

Дайындалуы:

  1. Дайындалып қойылған желатинді алып жылы сумен араластырыңыз.Дұрыстап араластырып тұнуына уақыт беріңіз. Түйіршіктері жоқтығына көз жеткізіңіз.
  2. Желатиннің көтерілгенін байқаған соң, су сабынды және саруызды қосыңыз.
  3. Осы дайындалған сұйықтықты шашыңызға жағып, полиэтиленмен немесе сүлгімен орап қойыңыз.

Шаш адамның көркі

Жағылған масканы шамамен 20 минутқа қойыңыз. Осы аталған уақыт өткен соң шашыңызды жылы сумен(ыстық емес) жуыңыз. Бұл әдіс көп күттірмей өз нәтижесін береді.

Шашқа арналған ашытқы маскасы (Дрожжевая)

1 ас қасық ашытқыға 1 шай қасық жылы су қосып араластырыңыз, әбден араласып болған соң тағы жұмыртқаның ақ уызын қосып араластырыңыз. Дайын болған сұйықтықты шашыңызға және бас терісіне жағыңыз.Шашқа жағылған сұйықтық кепкен соң, су сабынды пайдаланып жылы сумен жуыңыз.

Балдан жасалатын құрғақ шаштарға арналған маска

Бал дегеніміз ол көптеген пайдалы заттар мен микроэлементтердің көзі. Үй жағдайында балдан жасалатын маска шашқа нәр беріп қана қоймай, шашты жақсы жұмсартады. Мұндай масканы көп жағдайда құрғақ немесе кәдімгі шаштарға қолдануға болады.

шашқа арналған маскалар

Дайындалуы: 2 ас қасық балды буға ерітіңіз. Еріген балға 1 ас қасық айран(немесе майлы қаймақ/майонез) қосыңыз. Енді осы сұйықтыққа 4 тамшы жасмин және лаванда эфир майын қосып араластырыңыз.Осыдан кейін шашқа және бастың терісіне бір қалыпты етіп жағып, 40 минуттан соң жуып тастаңыз.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер25
  1. Аяжан

    жасап көрсе болады екен

  2. Мадина

    ендігіненшашыма әрдайым маскалар жасаймын

  3. Казна

    Керемет кеңестеріңіз үшін рақмет алдағы уақытта жасап көремін

  4. Жауқазын

    Керемет кенес екен шаш кутимин куткен адамга озине пайдасы коп

  5. Лаура

    Маған шашқа арналған маскалар ұнады оның ішінде балмен жасалатын маска нағыз керегі екен. Рахмет.

  6. Индира

    Тура осындай маска керек боп жүр еді, шаштарым өңі кетіп ,нашар болып кеткен еді.

  7. Маржан

    Маскалар өте пайдалы екен ,жасап көрдім өте нәтижелі,сіздергеде кеңес берем

  8. Меруерт

    Біз білмейтін көп дүнелер бар екен. Рахмет

  9. Рахымғалиева Толқын

    Бал дегеніміз ол көптеген пайдалы заттар мен микроэлементтердің көзі.

  10. Сауле

    Оо күшті қолдағы бар заттармен бүгін маска жасаймын

  11. Толғанай

    Мұнда жазылған шашқа арналған маскаларымен таныстым. Құрғақ шашқа арналған балдан жасалған маска маған арналған екен. Алғысым шексіз.

  12. Сауле

    Әйел адамға керекті кеңестер көп рахмет.

  13. Жанерке Ертайқызы

    менің шашым өте нәзік, тез сынғыш. осы маска көмектеседі деген ойдамын.

  14. Чеганова Мөлдір

    Қаншама шашқа арналған маскаларды қолданып көрдім. Ешқандай нәтиже жоқ.мына рецептіні міндетті түрде қолданып көремін

  15. Айдын Қанатқызы

    Рахмет. Осындай мәліметтер үшін. Әрбір қыз баласы үшін сұлулық өте маңызды.

  16. Айгерим

    Рахмет үлкен,міндетті түрде жасап көремін

  17. Маржан

    Кім осы маскалардан результат көрді?

  18. Гулайша

    Мұнда жазылған шашқа арналған маскалармен таныстым. Шашты тез өсіруге ықпал етеді. Шаш күтіміне қарау-әрбір адамның гигиеналық міндеті деп санаймын. Ақпарат үшін рахмет.

  19. Салиха

    Қазіргі таңда су сабындарды дұрыс таңдамасаң да шашқа көп зияны бар. Ал үйде осындай мас,каларды жасап отыру әрі арзан,әрі тиімді.

  20. Самал

    Маа мына маскалар жайлы бұрың соңды білмеппін. Жасап көру керек екен. Пайдалы ақпаратпен бөліскендеріңізге рахмет Еркетай ұжымы?

  21. Камалова К.Ж.

    Әйел адамдарға керекті кеңес деп ойлаймын

  22. Толқын Жұмабаева

    Менің шашым майлы әрі көп түседі.қандай маска қолдануға болатынын жазсаңыздар жақсы болар еді.ал ұсынған маскаларыңыз керемет.рахмет.

  23. Жулдыз

    Сәлеметсіз бе?! Шашқа арналған маскалар көп, бірақ оның кейбіреулерінде нәтиже болады ал кейбірінде керісінше зиянын тигізеді. Сондықтан бірінші шаш қандай жағдайда тұрғанын анықтап алу керек. Мен өзім көбіне айраннан жасалған маскаларды қолданам. Рецептеріңізге рахмет.

  24. Айнур

    Аналарға осындай тараудың болғаны қандай жақсы.

  25. Айнур

    Аналарға осындай тараудың болғаны қандай жақсы ?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ