Үй жануарлары (сабақ жоспары)


Erketai / Сен.20.2014. / 1 пікір

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімнің аты: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы:  Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік:Үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге және қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар

Пәнаралық байланыс:  Көркем әдебиет

Сабақ жоспары, үй жануарлары,бастауыш сынып

Іс -әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық І.Ұйымдастыру кезеңі:1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Қайырлы күн балалар!

-Қазір бізде «Тіл дамыту» сабағы.

— «Тіл дамыту» сабағынан суретке қарап әңгіме құрастырамыз, жануарлармен, құстармен танысамыз, ертегілерді тыңдаймыз т.б.

-Балалар, мына өлең шумақтары жылдың қай мезгіліне арналған тыңдайықшы:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің қызық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

 

 

 

-Күздің қай айы?

— Дұрыс айтасыңдар, қараша айы екен.

ІІ. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.

— Ендеше өткен сабағымызды еске түсірейік . Өткен сабақта «Жемістер» тақырыбын өткен болатынбыз.

Қазір «Ойлан тап!» ойынын ойнаймыз.

Мақсаты: жемістер мен көкністерді сипаттау арқылы атын тапқыздыру,  ажырата білуге үйрету ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Шарты: Балалар суретке қарап жемістерді бақта, көкністердің бақшада өсетінін ажыратып табады.

 

 

-Сәлеметсіз бе апай!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Күз айы

-Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Қараша айы

 

 

-Жемістер

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар белседілік танытады.

 

 

Ұйымдастыру -ізденушілік ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.-Балалар, мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?-Ия, дұрыс айтасыңдар бұлар жануарлар мен құстар, яғни бұларды үй жануарлары және үй құстары деп атайды. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда

«Үй жануарларымен» танысамыз.

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Білесіңдер ме?

 

-Дұрыс айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер деп те атайды?

-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын табайықшы.

Барлығымыз тыңдайық.

-Қай жануардың дауысы?

-Сиыр. Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?

-Сиыр төрт түліктің бірі.Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ , етінен тағам түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады. Төлін-бұзау деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Жылқы. Жылқының баласын қалай атайды?

-Жылқы салт міну, жүк тасуға, ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. Өте бағалы. Ата-бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін-құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен  қазы-қарта жасайды.

-Қай жануардың дауысы деп ойлайсың?

-Қой. Қойдың төлін қалай атаймыз?

-Қозы. Қой төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні терісі бағалы. Салмағы 20 кг шамасында. Жүні 3-7 кг-ға дейін болады. Төлі-қозы. 500-600 қойды отар деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Ешкі. Ешкіні де қоймен бірге бағады. Ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен түрлі киімдер тігеді.

-Мынау қай жануардың дауысы?

-Түйе. Түйе шөл керуені. 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады.Оның емдік қасиеті ерекше. Жүнінің жылуы өте ерекші. Төлі – бота.

-Мынау ненің дауысы?

-Дұрыс айтасыңдар, иттің. Итті де үйде тіршілік ететін жануарға жатқызуға болады. Ит-адамға дос. Осы үй жануарларын өсіруге, қорғауға иттің көп көмегі бар.

-Енді бұларды қалай күтіп-баптаймыз?

-Дұрыс, таза су береміз,  жем, шөпті уақытылы беріп тұру керек. Қорасы таза, жылы болуы керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелерін жасатып тұру керек.

Сергіту сәті

-«Маша және аю» физминутка

-Әліппе-дәптермен жұмыс

-Суреттерді сәкестендір 

 

-Жылқы, бұзау, тауық, үйрек, қой.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ия, қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе.

 

 

 

 

 

 

-Сиыр

 

 

 

 

-Бұзау деп аталды.

 

 

 

 

-Жылқы

-Құлын

 

-Қой

Қозы

Ешкі

Түйе

-Ит

 

 

 

Жем, шөп береміз. Су береміз.

 

 

 

 

-Балалар қимылмен орындайды.

 

-Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды.

 

Кері байланыстылық-түзетушілік  Сабақты қорытындылау:«Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.

Шарты: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды дыбысын салып береді.

 

 

Балалар белсенділік танытады.

Күтілетін нәтиже:Нені біледі:  Үй жануарлары туралы  жалпы түсінік алады. Олардың  қасиеттері мен дыбыстарын ажыратадыҚандай түсініктерді  игерді:  Қай жануардан қандай пайдалы өнім өндірілетінін түсінді Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Үй жануарлары туралы ойларын еркін жеткізуге дағдыланады. Жануарларды дауысынан ажыратады және өздері дыбыстай алады.

smile

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • өте керемет .4 сынып математика мен қазақ т көрнеілік кажет

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!