Төрлет, әз Наурыз


Erketai / Мар.17.2014. / Пікірлер жоқ

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Үстірт орта мектебі
Айша Айұзаққызы Жайлыханова
Төрлет, Әз наурыз!
8-9 сынып оқушылары арасында өткізілген мерекелік сахналық қойылым
Мақсаты: Ұлттық салт дәстүрлерді дәріптей отырып, отансүйгіштекке, өнерді құрметтеуге, рухани құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу.
Сахна сырытына естілетеін дауыс: Көгілдір көктем көгімде, жанымда шуақты жандар біз үшін наурыздың таңы мейірім мен жылылықты ұялатқан таң болса , бозбалалар мен бойжеткендер үшін бұл көктемгі нәзік сезімді селт еткізер шақ.
torlet-az-nauriz

1. Сахнаға «Туша, туша, қыздар-ай» әнінін орындаған бірнеше бозбала шығады.
1-жігіт -Жегіттер қыздар қайда? Бүгінгі кеште неге тосылып жатыр?
2-жігіт -Жігіттер, сабыр сақтаңдар. Қыздар да қырдан асып келеді.
2. Сахнаға «Гүлдерайым» әнін орындаған бірнеше қыздар шығады.
1-жігіт — Қыздардың дауысы қырдан естілгенде, осылармен бір Наурыздың алғашқы кешінде «Алтын сақина» ойнасақ деп ойлап тұрмын.
1-қыз — Ойнасақ ,ойнайық. Бұрыннан келе жатқан қызықты ойын ғой. 2- қыз -Айыбын өтегендердің өнерін тамашалап, мерекелік кештің сәнін келтірмейміз бе?
3- қыз — Ойынды Нұрбек бастасын .Күндізгі тойда көкпардың бәйгесін алып келіп еді, жолы да қолы да жеңіл жігіт шығар?
1-жігіт- Мен бастасам бастайын. Алақандарыңды созыңдар. Кім шапшаң, кім өнерлі сынап көрелік. «Алтын сақинам, атып шық «дегенде тосылып қалмаңдар

1- айналым (қыз ұсталып қалады)
(көпшіліктің даусы) -Ұсталған қыз айыбын өтесін,т.б.
3. Сахнада «Жорға» биі.(Эльмира, Жансая)

2- айналым (ұл бала ұсталмай ортаға шығады)
(көпшіліктің даусы ) -Жігіттер шапшаң екенсіңдер, жарайсыңдар.т,б.
3- айналым (қыз ұсталып қалады) (қөтермелеп, қоштап отыратын дауыстар, көпшіліктің даусы)
4. «Көңілді күн» әні (Анар)

4- айналым (қыз ұсталып қалады) (қөтермелеп, қоштап отыратын дауыстар, көпшіліктің даусы)
5. «Көңіл толқыны » биі (Гүлзат)

5- айналым ( ұл бала ұсталып қалады Дәулет)
1-жігіт- -Жігіттер, қыздар мен жұмбақ жасырсам қайтеді. Жұмбақ жасырып жігіттер мен қыздар болып айтысуға қалай қарайсыңдар
6. «Жұмбақ айтыс»
1-жігіт- Қыздар жұмбақты шешіп, тапқырлықтарыңды көрсеттіңдер. Енді күй тартып жарысып көрсек қайтеді «Алтын сақинаны» айтысқа жалғастырған екенбіз тосылып қалмаңдар
7 «Мереке» күйін бастайды (Азамат, Жұлдыз күй сайысы)

1-қыз –Айтыс десе тосылар жан бар ма? Біздеде бар Дина апамыздың ізбасарлары (Күйді жалғастырып, «Адай» күйін бастайды)
( қөтермелеп, қоштап отыратын дауыстар, көпшіліктің даусы)
1- Жігіт- Қыздарда осал емес екен Осы кеште әу демеген жан қалмауы керек . Кештің сәнін келтіруге Қалдыгүлдің даусы жетпей тұрған тәрізді
8. «Қош келдің ,Наурыз» әні (Қалдыгүл)

1-жігіт – Күн ұясына кіріп, ай сәулесін шашып тұрған шақта «Ақ сүйек» ойнасақ қайтеді. (қөтермелеп, қоштап отыратын дауыстар, көпшіліктің даусы)
2- Жігіт
Ақ сүйегім айдан табыл,
Ай сәулелі судан табыл,
Қалың жасыл нудан табыл,
Көк шалғынды сайдан табыл!.-деп оқушылар ақ суйек іздеуге сахнадан шығып кетеді.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!