Тәуелсіз ел-Қазақстан


Тәрбиеші:Құрметті балалар,әріптестер «Ақбота»топ бүлдіршіндері Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел-Қазақстан»атты ертеңгілігімізге қошкелдіңіздер!
-Балалар,біз бүгінгі үлкен мерекені қарсы алудамыз.Ол қандай мереке?
-Балалардың жауабы:Қазақстан Тәуелсіздік күні.
Тәрбиеші: 1992 жылы 16 желтоқсан күні біздің елдің тәуелсіздігі жария етілді.Міне көп жылдар бойы осы мерекені достық,бейбітшілік пен татулық күні деп тойлаймыз.Балалар,қазір біз Қазақстанның гимінін орындаймыз,біздің елдің салтанатты әнін орнымыздан тұрып орындайық.
Гимн орындалады.
Балалардың тақпақтары
1)Нұрасыл
Көгінде нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
2)Назира
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
3)Ілияс
Түлігі өскен алуан-алуан,
Төс,алқабы малға толған
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
4)Еркеназ
Ер еңбегі шалқып,тасқан
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
Ән: «Отан»
тәуелсіздік сценарий

Тәрбиеші:Балалар,мерекелі күндері барлық қараларда мемлекеттік рәміздерін безендірген.Осы мерекеміз өтіп жатқан ортамызды біз де жалаушалармен безендірейік.(Құмыраға жалаушаларын салады)
Біздің халық тәуелсіздікке жету үшін көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді.Басқа мемлекеттер сияқты біздің еліміздің де өз рәміздері бар.Қәне өзміздің рәміздерімізді атап беріңдерші.
Балалардың жауабы:Гимн,Елтаңба,Ту.
Тәрбиеші:Бұл мемлекеттік рәміздер сияқты біздің еліміздің қасиетті белгілері біздің республикамыздың азаматтары оны біліп,сақтап,құрметтеу керек.Қазір мен сендерге ту туралы аңыз әңгіме айтқым келеді.
(Хан кіреді)
«Ерте,ерте,ертеде бір хан болыпты.Ол өте ақылды және даңышпан болыпты.Оның еліндегі адамдар бейбітшілік пен татулықта өмір сүріпті.Бір күні хан данышпандарды отырысқа шақырыпты».
Хан: (Әділхан) патшалығымда адамдар жақсы өмір сүреді.Сол мені қуантады.Енді менің елімнің рәміздерің белгілейтін уақыт келді.
Данышпан:(Қ.Ерасыл)Менің ойымша тудың түсі көк болуы керек.Бұл мөлдір судың белгісі.Сусыз тіршілік жоқ.Су болмаса жердің бетін құрғақшылық басады.Көгілдір түс ,ол таза,ашық аспанның белгісі.Аспан бұл көп адамдар тұратын үйдің шатыры сияқты.Ол бәрімізге ортақ.
Хан:Рахмет сендерге,ақсақалдар.Мен сендермен келісемін.Бұл көглдір түс адам бойындағы әділдік пен адамдықтың белгісі.
(Осы кезде бүркіт ұшып келеді)
Бүркіт:(Диас)Мен ең күшті,ең ірі дала құсының бірімін.Бүркіттер өздерінің балапандарын қорғайды және биікке ұшып алыстағының бәрін көреді.
Хан:Бүркіт мен сенімен келісемін.Сен халқымның күштілігі мен қырағылығының бір белгісісің,тудың бір белгісі болуға сен лайықтысың.
(Бүркіт ұшып кеттеді)
Данышпан:(Әмірхан)
Сусыз әлемде өмір жоқ.Ендеше күнсіз де жер бетінде тіршілік жоқ.Күн-тіршілік иесі.
(Күн кіреді)-Дана
Күн:О,данышпан Хан ием,күні бойы жер бетін аралап жүремін,менсіз жер бетінде тіршілік жоқ.
Хан:О,құдыретті күннің көзі,сен қайда болсаң қуаныш та,бақыт та сонда.Сенде тудан орын алуға лайықтысың.Ендеше осылай болсын:Көгілдір түстің ортасында күннің көзі жарқырап тұрсын.Күннің ортасында қалықтап,сам,ап бүркіт ұшсын.Ол-бостандықтың белгісі.Ол-өрнек көп ұлтты халықтың бірлігі мен достығын рәміздесін.
Тәрбиеші:Осылай біздің мемлекетіміздің туы пайда болды.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Осымен балалар біздің Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз ел-Қазақстан»атты ертеңгілік кешіміз аяқталды.

Erketai / Дек.19.2016. / Пікір қалдыру