Сюжеттік сурет

Мақсаты: Мейірімділікке , басқа адамның жақсы қасиетін бағалауға , татулыққа үйрету. Тәрбиеленушілердің зейін, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту, эмоционалдық көңіл күйлерін қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: Психологиялық ойын, жаттығулар.

Қажетті көрнекілік құралдар: Сиқырлы қорапша, тоқуға арналған жіп, сюжетті суреттер, тұз, түрлі түсті борлар.

Жүру барысы :
— Сәлеметсіздерме балалар! Мен бүгін балабақшаға келе жатқанымда осындай сиқырлы жіп тауып алдым . Сиқырлы деп айтатыным , менің құлағыма бір дыбыс келді , қарасам бұл қолымдағы жіп екен сөйлеп тұрған.

— Балалар жіптің маған не айтқанын білгілерін келеме?
— Ия білгіміз келеді!

— Олай болса айтайын! Жіп маған бір жерде сиқырлы қорап жасырынып тұр , сол қораптың ішінде сендерге арналған сыйлық бар екенин айтты. Мен сол сыйлықты сендерге алып берейін деп едім !

psyhologyalik-oyin
— Маған оны іздеуге көмектесесіндерме?
— Ия көмектесеміз!
— Олай болса қорапқа жету үшін біздер бір неше кедергілерден өтуіміз керек , сіздер менімен бірге сол кедергіден өтуге дайынсыңдарма ?

Балалар бір шеңбер болып тұрады
1. Психологиялық жаттығу «Сенде маған үнайды…»
Жіпті шеңбер бойынша қасындағы балаға бұрылып «Сенде маған ұнайды…» деп сол баланың жақсы қасиетін айтады. Жипті бір саусағына орап алып ары қарай жалғастырып жібереді. Жаттығу аяқталғанда балалр жіп арқылы бір бірімен байланысып тұрады .

2. Психологиялық жаттығу «Жануардың жүрегі»
Балалар шеңбер жасап қол ұстасып тұрады.
— Балалар сиқырлы жіп жануарлар қандай болды деген сұрақ қойып жатыр , кәнеки көрсетейікші .
Балалар қолдарын ұстасып ұлкен шеңбер құрады
— Кейбір жануар ұлкен болады!
— Ал енді жануар қалай дем алады?
— (Балалар шеңбердің ортасына жиналып дем «у-у-у» дыбыс арқылы шығарады, шеңберді ашып «а-а-а» дыбыспен білдіреді)
— Жарайсындар балалар, ал енді жануардын жүрегі қалай соғады?
— (Балалар қолдарын ұстасып шеңбердің ортасына жиналып аяқ тарсылдау арқылы , жүрек соғысын білдіреді)

3. «Сюжеттік сурет » бойынша әңгіме құрау
( Балалар жасырынды суреттерді ашып сол суретт бойынша әңгіме құрайды)

4. « Тұрлі түсті көңіл күй» жаттығуы
Балалардың алдарына ақ А4 форматта парақтар, өздері қалаулары бойынша түсті борлар таратылады. Парақ үстіне тұз себеленеді , тұзға борды уқалау арқылы тұрлі түсті құм жасап, саусақтарымен жақсы көңіл күй салады (күн, күліп түрған смайлик).
— Балалар біздер барлық кедергіден сәтті өткесін сиқырлы қорап та табылды . (Қорап ішіндегі сыйлықтар таратылады)

— Балалар сендерге бүгінгі ойынымыз ұнады ма ? Немен ұнады?

Пікірлер2
  1. Бибигул

    Баланы қалыптасыру үшін сюжеттік ойындар қажет

  2. Молдир

    Өзім осы жұмысқа қызығып кеттім. Жарайсыз, маған ұнады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ