Серуен


Erketai / Мар.19.2014. / Пікірлер жоқ

Балалар, жұмбақтың шешеуі, жануарлар, жайлы, түсінік

БақылауМысықты бақылау Мақсаты: Балаларды тірі табиғат иесімен таныстыру, мысықтың  түсімен, оның ерекшеліктерін таныстыру;Бақылау барысы: Жұмбақ:

Пеш үстінде біреу отыр,

Жаймен көзін қысып отыр

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр?

—          Балалар бұл жұмбақтың шешеуі қандай? Бұнда кім туралы айтылған?

—          Мысық

—          Дұрыс айтасыңдар, балалар, міне балабақша ауласында мысық жүр екен, біз қазір осы мысықты бақылаймыз. Бұл мысық нестеп жүр екен?

—          Қыдырып жүр.

—          Иә, ал балалар, мысықтың түсі қандай екен?

—          Сары

—          Иә, балалар бұл үлкен мысықпа, кіші мысықпа?

—          Үлкен мысық.

—          Балалар сендердің үйлерінде мысық барма?

—          Иә

—          Мысықты қалай тамақтандырасыңдар?

—          Сүт береміз.

—          Дұрыс айтасыңдар, балалар!

Қимыл – қозғалыс ойыны

«Мысық пен тышқан»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа үйрету;Құралдар: Мысық пен тышқанның маскасы;

Ережесі: Балаларды шеңберге тұрғызып, араларынан мысық пен тышқанды белгілеп, мысық тышқанды қуады, ал тышқан мысықтан қашады, егер тышқан ұсталып қалса, балалар ауысып , ойын басынан бастап жалғасады.

Дидактикалық ойын

«Даусыңа қарай ажырат»

Мақсаты: Балалардың үй жануарларының дауыстары жөнінде білімдерін тексеру және жетілдіру;-          Балалар, мен сендерге әр түрлі дауыстарды саламын, ал сендер сол дауыс қай жануардың даусы екенін табасыңдар.

—          Мияу – мияу?

—          Мысық.

—          Аф – аф – аф?

—          Күшік.

—          Ку – ка – ре – ку?

—          Тауық.

—          Мәқ – мәқ?

—          Қой.

—          Мө- ө – ө – ө?

—          Сиыр.

ЕңбекОйын алаңын тазалау Мақсаты: Балаларды білесіп жұмыс істеуге, тазалыққа үйрету;Құралдар: Сыпыртқы, күрек, қап;

Ережесі: Қыздар ойын алаңын сыпырады, ал үлдар қоқысты күрекпен қапқа салады. Тәрбиешінің басшылығымен қапты қоқысқа төгеді.

Жеке жұмыс Камиллаға қазақша қыс туралы тақпақты жаттату:Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша, бауды, тауды да

Бояған аппақ түспенен.

Еркін ойын Мақсаты: Балаларды бірлесіп, ұқыпты ойнауға үйрету;Құралдар: Қуыршақ, ыдыс – аяқтар, доп, машиналар.

 

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!