Оқу іс–әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы

Сәбилер  тобы    «__» _________________________ 201__  ж

Тәрбиеші:   Даметова Г.Ш.

Білім  беру  саласы:  «Қатынас»

Бөлімдері:   Көркем  әдебиет

Тақырыбы:   Орыс  халық  ертегісі: «Шұбар  ала  тауық»

Мақсаты: 

Балаларды  «Шұбар  ала  тауық»  ертегісімен  таныстыру.

— Ертегіні  мұқият  тыңдауға,  онда  болып  жатқан  оқиғаларға  сезімталдықпен  үн  қосуға  үйрету.

— Зейінін, есте  сақтау  қабылетін  дамыту.

— Ыждағаттылыққа   және  кітапқа  қатты  қызығушылығын  танытуға  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Осы  ергегі  бар  және  әдемі  суреттері  бар  балалар  кітабы,  жұмсақ  ойыншық  тауық, жұмыртқа.

көркем әдебиет, көркем әдебиет балабақшада, технологиялық карта көркем әдебиет , технологиялық карта балабақшада көркем әдебиет, балабақша көркем әдебиет

 

Іс-әрекет  кезендеріТәрбиеші  әрекетіБалалардың   іс — әрекеті
       

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші  жұмсақ  ойыншықты  немесе  оның  суретін  көрсете  отырып, балаларды  Шұбар  ала  тауықпен  таныстырады.Тауық  қыт-қыттап  жүр, балалар  оның  тапқан  жұмыртқасын  көреді.- Ой  қараңдар,  мынау  не?Сендер  қуырылған, пісірілген  және  салатқа  қосылған  жұмыртқаны  жегенді  жақсы  көресіңдер ме?Тәрбиеші  әңгіме  барысында  суреттерді  көрсете  отырып, ертегіні  айтуға  кіріседі.Балалар,  қуана, қызыға  ертегіні  тындайды.
Ұйымдастыру  іздестіру       

 

 

 

 

 

 

 

— Ертегі  қалай  аталады?- Жұмыртқаны  тапқан  не?- Кімнің  есінде  бар, тауық  қайда  тұрды?- Алғашында  ол  қандай  жұмыртқа  тапты? Неліктен  оны  ата  да  әже  де  жара  алмады?- Оны  жарған  кім?- Есімізге  түсірейікші, тауық  ата мен  әжені  қалай  жұбатты?Тәрбиеші  балаларға  «Ата  жылама, әже  сен  де  жылама, мен  сендерге  жаңа  жұмыртқа  тауып  беремін»  деген  сөздерді  өзімен  бірге  айтып  шығуды  ұсынады.Балалар   бір – бірімен  жарыса  сұрақтарға  жауап  береді.
 Рефлексивті — түзетушілік Тәрбиеші  балаларға  «Ата  жылама, әже  сен  де  жылама, мен  сендерге  жаңа  жұмыртқа  тауып  беремін»  деген  сөздерді  өзімен  бірге  айтып  шығуды  ұсынады.Жұмбақ:Ішіне  тамақ  салынған,Есігі  тастай  жабылған.(жұмыртқа)Сабақ  бойынша  алған  әсерлерін  балалар  айтып  береді

Күтілетін   нәтиже: 

Білу: Ертегінің  мазмұнымен  толық  танысты.

Өзіне үйренгені:  Тауықтың  пайдасын  біледі.

Үйрену: Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.

 
Erketai / Май.16.2014

Пікір жазылды 21 Пікір қосу

  • Сіздің сайтыңыз ең пайдалы сайт! Рахмет сіздерге!

  • Сиздерге коп коп рахмет!

  • Сіздерге көп рахмет! Табыс тілеймін

  • сіздердің сайттарына тіркелгенмен кіре алмай қойдым

  • Рахмет сіздерге!

  • Сәлеметсіздер ме. сіздердің сайттарыңызға тіркеле алмай қойдым. Көмектесуді өтінемін.

    • Сайттың оң жақ төменгі бөлігінде тіркелу формасы орналасқан.

  • Өте жақсы сабақтар менің тәрбиешілеріме қажет жерлері бар екен. Табыстар тілеймін!

  • Өте жақсы.Табыс тілеймін!!!

  • Өте жаксы сабак унады маган

  • Jaksy

  • Өте жақсы

  • жақсы

  • Рахмет сіздерге!

  • Рахмет

  • тақырыбы «ермексаздық ертегі» вариативтік компанент 2 кіші тобына арналған керек еді

  • сәлеметсіздерме сіздерден көмек 2+ ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барма

  • Саламатсыздарма? Сайтқа қалай тіркелуге болады

    • Саламатсыз, сайттың бүкіл жаңалығынан хабардар болғыңыз келсе біздің әлеуметтік желідегі https://vk.com/erketailar тобымызға қосылсаңыз жеткілікті.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!