«Н» дыбысы және әріпі


Erketai / Окт.29.2014. / 1 пікір

Ересек «Балауса» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Тәрбиеші:Кукенова Нурзинаш.

Білім беру салалары:Қатынас.Денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті:Сауат ашу және жазу негіздері.

 Тақырыбы: «Н»дыбысымен және әріпімен таныстыру.

Мақсаты: «н»дыбысын дұрыс дыбыстату, «н»әрпімен таныстыру;буындарды оқу дағдысын дамыту;балаларды мейірімділікке,имандылыққа тәрбиелеу.

n-dibisi

 

Қолданылатын көрнекі құралдар;жұмыс дәптері. Сөздік жұмыс: обал,сауап. Билингвальды компонент:нан-хлеб,сөз-слово,буын-слог,дыбыс-звук. Оқу іс- әрекетінің кезеңдері. Педагогтің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті. Мотивациялық қозғаушылық Педагог балалардың назарын өзіне аударады. -Қолымызды иектің астына қойып сөздер айтайық,қолымыз төмен қарай неше рет түссе,сонша буынға бөлінгені. Мысалы:а-та,а-па,ә-теш,тек-ше-лер, Ше-міш-ке. Балалар назарын педагогке аударады. Қолдарын иектің астына қойып сөздер айтады да ,неше буыннан тұратынын анықтайды. Ұйымдастыру- шылық-ізденістік. -Балалар сендер қолдарыңды иектің астына қойып сөздер айтып,буын санын анықтадыңдар. Енді тақтаға суретке қараңдар,ненің суретін көріп отырсыңдар? -Ендеше «нан» деп бірнеше рет қайталайық. -Бірінші қандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр? -Дұрыс айтасыңдар,бүгінгі өтетін жаңа дыбысымыз- «н». Балаларға нанның суреті бойынша әңгіме құрауға тапсырма беріледі.Нанның пайдасы айтылып, «обал», «сауап»сөзднріне түсінік беріледі. Тыйым сөздер: Нанды бір қолмен үз бе! Нан уағын тастама! Жұмбақ. Өзі үлкен жануар, Үстінде бір тауы бар. -Бірінші тұрған қандай дыбыс? Кірш-кірш етеді, Ішіне кіріп кетеді. -«Н»дыбысы қай жерде тұр? -«Н»дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынандай;ерін сәл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы,жоғары көтеріледі де,үстіңгі тістің үстіне тиеді,тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен «н»дыбысы жасалады. «Н»-дауыссыз дыбыс. — «Н» дыбысын ауада жазып көрейік. Педагог «н»дыбысының баспа,жазба әріптерін балаларға көрсетеді. Сергіту жаттығуы. Нан уағын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып,қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Педагог кеспе әріптермен тақтаға буын жазады.НА,НҰ,НО,НЫ. А-на,нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізіп, «нан»сөзінің бір буын екенін түсіндіреді. Билингвальды компонент: нан-хлеб,сөз-слово,буын-слог,дыбыс-звук. Дәптермен жұмыс. Дәптердегі 7-тапсырма бойынша орындалады. Жеке жұмыс жүргізіледі. -Нанның. -нан. -«Н»дыбысы. Балалар суретке қарап әңгіме құрайды. Тыйым сөздердің мағынасын түсініп қайталайды. -Нар. — «Н» -Сөздің ортасында. «Н»-дыбысын ауада жазып көреді. Балалар өлең мазмұнына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды. Балалар педагогтің көмегімен буындарды оқиды. Ана сөзін шапалақтау арқылы буынға бөледі. Сызба бойынша буынға бөледі.а-на,нан. -қайталайды. Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. Рефлексикалық-түзетушілік -Қандай дыбыспен таныстық? «Н»-дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба? -Сонымен,балалар,үйде,мейлі көпшілік арасында болсын,нан қоқымын көргенде басуға болмайды екен.Осыны өздеріңнің іні-қарындастарыңа да үйретулерің керек. Балалар өткен дыбыс туралы түсініктерін айтады. Күтілетін нәтиже: Орындайды:Суретке қарап әңгіме құрауды,жұмбақ шешуді,жаңа дыбысты ауада жазуды,кеспе әріптермен тақтаға буындар жазуды.

Түсінеді:тыйым сөздердің мағынасын.

Қолданады:Сөздер

smile

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Saitka kalai tirkelemin aitip jiberesizderma otiniw

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!