Мұрат- капитан. Б. Калистратов.


Erketai / Мар.12.2014. / Пікірлер жоқ

Сабақтың тақырыбы. Мұрат- капитан. Б. Калистратов.

Аударған Қ Найманбаев. 2- сынып

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу, оқушылардың таным қабілеттерін арттыру.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтижие: Мәтін мазмұнын балалардың армандарымен, өмірмен байланыстыра отырып түсіну.

Жүйелі іс-әрекет- нәтижесі: оқушылардың ой- өрісінің дамуына, еркін сөйлеуге, оқуға деген жауапкершілігінің  артуына, қорытынды жасай білуге жағдай туғызу.

Тұлғалық нәтижие : мамандыққа  тәрбиелеу, табиғатты, туған жерді білуге құштарлыққа тәрбиелеу.

2- сынып, оқушыларына, мамандыққа  тәрбиелеу, табиғатты, білуге, үйрету

Сабақтың әдісі : топтық тергеу, болжау әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:  Қазақстан картасы, теңізші, теңіз жағалауының көрікті жерлерінің суреті.

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру бөлімі

« Қала салу» ойыны.Оқушыларға қағаздан жасалған кірпіштер беріледі. Кірпіштерде қала аттарының  буындары болады. Кірпіштерді қалай отырып,  буындардан қала аттарын шығарады.

Ал- ма- ты, Екі- бас- тұз, Шым- кент, Қа- ра-ған-ды, Ақ- тау, Та- раз. Осы қалалардың ішінен біз қай қала туралы оқып келдік?

Үй тапсырмасын тексеру. «Екібастұз» мәтінін топтық тергеу әдісі арқылы талқылау.

Баяндап беруші-  Нұрдәулет

Зерттеуші-  Айна

Сұрақ құрастырушы- Айлыбек

Сілтеме табушы- Альбина

Бейнелеуші- суретші- Аян

Дәнекерлеуші- Жарқынай

Қызығушылықты ояту

Қазақстанның қандай қалаларына, табиғаты әсем жерлеріне қыдырып барғыларың келеді?

Картадан жұлдызшаларды алып, жұлдызшалардың түстеріне қарай топтарға бөліну.

Тірек сөздер әдісі арқылы мәтіннің тақырыбын, мәтіннің мазмұнын балжау.

Тірек сөздер: ата, немере, кеме капитаны, арман, қой бағу,Қапшағай су қоймасы.

Мағынаны тану.

Авторы Қалдарбек Найманбаевтың өмірдерегіне  тоқталу.

Мәтінді болжау әдісі арқылы түсіндіру.

Мәтінді «Күндер зымырап өте берді»- деп басталатын сөйлемге дейін оқып, әрі қарай не болатынын, әңгіменің қалай өрбитіндігін болжату.

Сөздік жұмысын жүргізу. Су электр станциясы дегенді түсіндіру.

«Екі жақты түсініктеме кұнделік» әдісін пайдалану арқылы

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар Әсер еткен үзінділер жайлы пікір
Судың арнасын бұрып, Қапшағай су қоймасын жасауы.Судың толқынын пайдаланып электр жарығын алуы.

Мұраттың арманының орындалуы

Адамдардың  күн- түн демей жұмыс жасауы, ерен еңбегі. .Іле өзені суының  деңгейіне әсер етпейді ме?Мұраттың бала кезінде алған тәрбиесі,еңбекқорлығы, жігерлігі, табандылығы арманының орындалуына  жетеледі.

.

Ойтолғау. «Сенің қандай арманың бар?» тақырыбына эссе жазу.

Топтағы ең сәтті шыққан эссе оқылады.

Мәтіннің соңындағы сұрақ тапсырмалар орындалады

Өзің тұрған жердегі электр жарығы қайдан алынады?

Теңізшіге қандай мінез- құлық керек деп ойлайсың?

Мәтіндегі оқиға мөлшермен қанша жылды қамтиды? Дәлелде.

Үйге тапсырма : Мәтінді оқу, мазмұны бойынша сурет салу.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!