Мен өз құқығымды білемін

«Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталықтың бейнелеу пәнінің мұғалімі Майкова Асел

Тақырыбы:Мен өз құқығымды білемін
Мақсаты:балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру, ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі:құқық туралы суреттер, буклет, плакат, заңдар.
Құрал–жабдықтар: қарындаш, акварель бояулары, қылқалам, су, сүлгі.

Барысы:
Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі өтілетін «Мен өз құқығымды білемін» атты байқауымызға қош келдіңіздер. Ендеше ортамызға қатысушыларымызды шақырайық.
І.«Ақкөгершін» тобы: Үрістем Інжу
ІІ.«Тұлпар» тобы: Рүстембай Зерде
ІІІ.«Балапан» тобы: Ертай Рахман
ІҮ.«Қуаныш» тобы: Асан Кәусар
Ү.«Қарлығаш» тобы: Қанатбек Абдулла

балалардың құқықтық білімдерін жетілдіруЖүзден жүйрікті мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар–намысына қол сұқпауы керек. Адамдардың қолынан не келеді және не келмейді? Неге құқықтары бар және жоқ. Келісімді және бейбітшілік өмір сүру үшін «Адам құқықтарының жалпы Декларациясы» атты заңы пайда болды. Бұл заңды үлкендер өздеріне арнап жазған. Ал балаларға қамқорлық жасай отырып, бақытты өмір сүру үшін керемет заң «Бала құқықтары туралы Конвенцияны» жазып шығарды. Сонымен бүгін осы заңдағы құқықтарымыз жайында сөз қозғаймыз.
Байқау кезеңдері
1.сұрақ – жауап
2.сурет салу
3.салған суретін қорғау

Ойын «Гүл тереміз»

Шарты:үстелдің үстінде гүл күлтешеге басылған суреттерді әр бала бір – бірден таңдайды. Күлтешенің артында сұрақтар бар. Мұғалім сұрақтарды оқып береді, балалар сұраққа жауап беріп, күлтешені тақтаға іледі.
Балалар ойын ойнағыларың келеме?
— Иә, ойнаймыз.
Ал, ендеше ойынымыздың аты «Гүл құрастыр».Суреті бар гүлдің күлтешелерінің арқасындағы сұраққа жауап берулерің керек.

Балаларға сұрақтар:
1.Қандай пішіндерді білесің және түстерін ажырат.
2.Қандай үй жануарларын білесің оның қандай пайдасы бар?
3.Біздің президентіміздің аты кім?
4.Жылдың неше мезгілі бар, атап айтып бер?
5.Күз мезгілінің айларын айтып бер?
Жарайсыңдар балалар өте жақсы жауап бердіңдер, сендер өз бақыт гүлдеріңді құрадыңдар. Міне сендердің құраған бақыт гүлдеріңде сендердің құқытарың жайында сурет бейнелепті.
1.Бала толық отбасылы болуға құқылы
2.Бала емделуге құқылы.
3.Бала білім алуға құқылы.
4.Бала демалып ойнауға құқылы.
5.Бала қорлық пен жамандық көрмеуге құқылы .
Мен қаламды аламын,
Көкке сурет саламын.
Жұлдыздарды уыстап,
Нұрлы аспанға шашамын – дей келе сурет салу бөліміне кезек берейік.

Қауіпсіздік ережесімен таныстырып өту.
а)бояуды қолмен ұстауға және ауызға салуға болмайды.
ә)қылқаламды көзден алшақ ұстау керек.
б)қолымыз бояу болған жағдайда көзімізді уқалауға болмайды, қолымызды сүлгімен сүту керек.
Біздің бүлдіршіндер сурет салып болганша сіздерге ән шашуымыз бар. Ортаға балдәурен тобының бүлдіршіні Жасымбекова Талшынның орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.
Әділказылар алқасы қорытынды бағасын шығарамын дегенше
Біз өнерлі балдырған,
Өнерімен таң қалдырған.
Ортаға шығып көрсетсін,
Бәріне таңдай қақтырған – деп «Жауқазын» тобының бүлдіршіні Иса Кәусардың орындауында «Ботақаным» әнін қабыл алыңыздар.

Байқаудың қорытындысын шығару
Әділқазылар алқасы байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапаттайды.
Құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер. Балалар сендер кішкентайсыңдар, біз сендерді қорғаймыз. Ал , сендер үлкейген кезде өз балаларыңды қорғайсыңдар. Осымен біздің бүгінгі ұйымдастырып отырған «Мен өз құқығымды білемін атты» байқауымызды аяқтаймыз.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Тогаева Гулжайна Қайратқызы

    Сабақ жоспары тақырып өте жақсы. Ауқымды болсада,ықшамды әрі түсінікті. Жаңартылған бағдарламаға сай материалдар алынған. Өте сапалы. Ал көтеріп отырған мәселеңіз бойынша айтарым: Адамның жеке бас құқығы оның ар-ұжданы. Әр адам өзінің құқығын білуге және оны қорғауға міндетті.

  2. Жансия

    Байқауға араналған жоспар қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған екен. Жаңа әдіс- тәсілдерді қолданып жатса тиімді болар еді.

  3. Сауле Жары

    Сабақ жоспары маған ұнады. Балаға қызықты , әрі түсінікті болған. Сонда да сабақ жоспарына жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану керек сияқты.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ