Дені саудың-жаны сау!


Erketai / Мар.10.2015. / 1 пікір

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс арқылы сымбатты болып өсуіне, ыстық-суыққа төзімді, шыныққан, шымыр болып өсуіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күн,су, жаттығуға арналған әуен, «денсаулық»жайлы ширма.
Оқу іс-әрекет барысы:бір-таңертең тұр,
екі-шынығып бекі,
үш-тазала тіс,
төрт-сабындап жу бет,
бес-сүртін тез!
Балалар, осының өзі шынығу.Күнделікті таңертеңгілік жаттығу біздің денсаулығымызға өте қажет екен. Дене бітіміздің сымбатты болып өсуіне көмектеседі.
Шынығудың бірнеше түрі бар: ауамен шынықтыру, күнмен шынықтыру, сумен шынықтыру.
Сумен шынығудың ең бір жеңіл түрі: суық сумен жуыну.
Суық ванна, тұзды су, бассейнге түсу, шомылу.
deni-saudin-jani-sau-sabak-jospari

Су- ең күшті шынықтырғыш фактор. Оның ауамен шынықтырғанда, жылу өткізгіштігі жоғары. Су процедурасын сақтықпен жүргізу қажет.Денеміз төмен температураға дағдылану керек. Денені үйрету үшін бет пен қолды, мойынды жууды жылы сумен бастап, бірте-бірте суық сумен жуылу керек. Аяқ 25-28 градуста жуылады, одан кейін 1 градусқа төмендетіліп 18 градусқа дейін жеткізіледі.Денені дымқыл сүлгімен ысқылайды.Алдымен қолды,кеудені, содан кейін ішті,арқаны, аяқты ысқылайды,шынықтырады.Суық тиюден болатын алдын алудың тиімді жолы.Жазды күні кунге қыздырынғанда пайдалы екен. Ас ішуі мықты болады. Денемізде D витамині көбейеді. кун астында қыздырыну уақыты 1 сағаттан аспауы керек.Жалан аяқ журү денсаулыққа пайдалы. тас үстінде жалан аяқ жүргенде табанымыздан күннің жылуы өтеді. Осының бәрі денсаулық үшін қажет.
Бой сергіту жаттыгуы.
Кәне-кәне шынығуды,
Айналдырайық әдетке!
Шынығамыз, қорықпаймыз,
Денемізді шыңдаймыз!(қимыл-қозғалыста орындайды)

Оқу іс-әрекетті қорыта келе сұрақтар қою.
1.Денені шынықтыру деген не екен?
2.Қалай шынықтырамыз?
3.Шынықтырудың қандай турлерін білесіңдер?
4.Шынығу не ұшін қажет?
(жауаптар алынад
Балалардан бақшамызда жүргізілетін денсаулыққа байланысты мерекелер,жарыстар туралы өз ойларын айтуды тапсырылады.

smile

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Сіздерден сабақ алу қалай

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!