«Әже» Фариза Оңғарсынова

Пәні: Ана тілі 2 сынып

Тақырыбы: Әже . Фариза Оңғарсынова.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Фариза Оңғарсынованың өмірі шығармашылығымен таныстыру. Ең қымбат адам –әже  екендігін түсіндіріп, оның мейірімі мен жақсылығын түсіну, үлкенді, қарттарды сыйлай білу.

Дамытушылық: Сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, қиялын, өз әжесіне, отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, мейірімділікке, әжені сыйлауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер

takhiribi-azheСабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: түсіндірме , сұрақ – жауап

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, құрал –жабдақтарын түгендеу, сабаққа әзірлеу, зейідерін аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
— Үйге қандай тапсырма берілді.

  • Ф. Оңғарсынованың Жылу өлеңін  жатқа  айту
  • Ана туралы  эссе  жазып  келу
  • Ана туралы  мақал  — мәтелдер  жаттап келу

ІІ. Өлеңді  жатқа  сұрау  .
Психологиялық дайындық.
Күннің  шуағы  —  жылы Ананың  құшағы  -жылы.
— Қане, есімізге түсірейікші бұл не?
-мақал  — мәтел
Біздің өтіп жатқан тарауымыз «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым» деп аталатынын білесіңдер. Бүгінгі сабақта біз Фариза Оңғарсынованың аналарымызға арналған «әже » атты өлеңімен танысамыз. Мақсатымыз біз үшін  қымбат адам – әже екендігін түсініп, оның мейірімі мен жақсылығын түсініп оған қамқор болу.
Кіріспе сөз:
(Интерактивті тақта арқылы Фариза Оңғарсынова жайында суреттер көрсетіледі.)
Фариза Оңғарсынова 1939 – жылдың 25- желтоқсанында қазіргі Атырау облысына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961- жылы педагогикалық институтты біріп, мұғалімдік қызметті атқарып, газеттерде тілші, журналдың бас редакторы болған. Бүгінде ол халық жазушысы, парламент депутаты болған адам. Биыл 70 жылдық мерей тойы атап – өтілді. Еңбектері:»Сөз сыры», «Дауа» т.б.

Тірек сызбамен жұмыс.
— Балалар, айтыңдаршы, әже деген кім? Ол қандай жан?

  • Мейірімді жан
  • Қадірлі жан Сүйікті адам
  • Жылылықтан жаралған Үйге қуаныш сыйлайды
  • Ең қымбат адам
  • Тәттісін біздер  үшін тығады
  • Кеміздің анасы

Оқулықпен жұмыс:
Бүгінгі сабақта «әже» атты өлеңімен танысамыз.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
2. Оқушыларға тізбектей оқыту.

zz1

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Бахтыгуль

    Сабақ керемет жазылған. Өзіме керекті деген жерін алдым. Рақмет.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ