«Ата-ананың психологиялық денсаулығы» семинар-тренинг

Мақсаты:
— «Психологиялық денсаулық», «Эмоционалды күю синдромы»
түсініктерімен таныстыру;
— Өз эмоционалды күйін және оның әсер етуін саналауға септігін тигізу;
— Өз эмоционалды күйін реттеу жолдарын игерту;
— Отбасы ішіндегі қарым-қатынасты үйлесімді ету, оң көңіл-күй тудыру, өзара қолдау
және сенімділік атмосферасын қалыптастыру.

Жоспары:
1. Семинар тақырыбымен, мақсатымен және ережелерімен таныстыру
2. «Психологиялық денсаулығы деген не?» тақырыбында ақпарат беру
3. «Жаман көңіл-күй» жаттығуы
4. «ЭКС қалай алдын алуға болады?» тақырыбында ақпарат беру
5. Эмоционалды кәсіби күюге арналған тест
6. «Достық алақаны» жаттығуы
7. Семинар-тренингтің рефлексиясы

Семинар-тренинг барысы

1. Семинар тақырыбымен, мақсатымен және ережелерімен таныстыру.

Сәлеметсіз бе, құрметті ата-аналар! Бүгінгі кездесуіміз психологиялық денсаулық тақырыбына арналмақ, мұнда «Психологиялық денсаулық», «Эмоционалды күю синдромы» түсініктерімен танысып, өз эмоционалды күйін реттеу жолдарын жан-жақты біліп, өзімізді тануға мүмкіншілік бар. Семинар-тренингте өз ойларыңызды ашық айтып, басқалардың пікіріне ой қоса аласыз, педагогтың күрделі де қиын жұмысындағы мәселелермен бөлісіп, ортақ шешім табуға тырысайық. Сіздер «психологиялық саулық» деген сөз тіркесті қалай түсінесіз? (ата-ананың ойы)
психологиялық тренингтер


2. «Психологиялық денсаулығы деген не?» тақырыбында ақпарат беру
Денсаулық — бұл физикалық дефект пен аурудың жоқ болуы ғана емес, толық физикалық, жан және әлеуметтік саулық күйі. (Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының жарғысынан)
Психологиялық саулық тұлға ерекшелігіне байланысты, ол адамның әлеуметтік өзін сезінуі мен оның өмірлік күш-қайратының маңызды құрам бөлігі болып табылады.

Психологиялық саулық критерилері:
 психикалық тепе-теңдік,
 психиканың өзгермелі ортаға тез бейімделу мүмкіндігі,
 айналаны дұрыс қабылдау және оған сәйкес саналы әрекет жасау,
 мақсаткерлік, жұмысқа қабілеттілік, белсенділік,
 толыққанды отбасылық өмір, олар үшін жауапкершілік,
 өзіне сенімділік, реніштерге берілмеу, жеке даралық,
 мінез-құлықтың тәуелсіздігі мен табиғилығы,
 әзіл сезімі, мейірімді қатынас, өзін дұрыс бағалау.
Ата-ана – спонтанды және шығармашыл, көңілді және ашық, өзін және айналадағыларды танығыш, басқаның өміріне жауап беретін, қолайсыз жағдайларды күнде басынан өткеретін, өзгені дамыту үшін әрқашан өзі даму үстінде болатын жан.

Психологиялық денсаулығын бір сөзбен «баланс» деп айтуға болады

Көз алдымызға өз пәтерімізде әртүрлі электр құрылғылары жанып тұрғанын елестетейікші. Электр санаушысының дөңгелегі зымырап, электроэнергия киловаттары өсіп жатыр. Бір сәтте қысым жоғарылап, электр сақтандырғышы сырт етіп, құрылғылар сөніп, жарық өшіп қалады. Электр сақтандырғышы – бұл өрттен қорғаныс. Дәл осындай жағдай әрқашан кәсіби және психологиялық стресс сезінетін педагогтарда болады. Психологияда мұндай эмоционалды «сөну» — «эмоционалды күю синдромы» деп аталады. Ол өсе беретін эмоционалды шаршауда көрініп, созылмалы стресс немесе көңіл қалуға жауап ретінде жұмысқа бейжай қарауда байқалады. Педагогтарда эмоционалды қысым жағдайы тұрақты байқалады. Осындай теріс эмоциядан кейін шашырау, басыңқылық, демалу тілегі пайда болады. Эмоциоанды қысым жоғары болса педагог өз-өзіне ие бола алмай, ашу мен айқай арқылы өзіне теріс әсер етеді.

ата анамен жұмысАта-ананың жүйке-психологиялық қобалжуын басуы үшін:
1. Спортпен шұғылдану.
2. Контрастық душ қабылдау.
3. Ыдыс жуу, кір жуу.
4. 10 рет терең дем алу.
5. Саусақпен сурет салу (бір қасық ұн, бір қасық су, бір қасық бояу).
6. Өзінің күйзелісін газет парағына салып бояу, барынша кішкентай етіп бүктеп, алысырақ лақтыру.
7. Газетті кішкентай бөліктерге жыртып, содан кейін өртеп, суға ағызып жіберу.
8. Тіліңмен тісіңнің ішкі жағын тазалау.
9. Өзінің жақсы көретін өлеңін қатты дауыстап айту.
10. Бірде баяу, бірде қатты айқайлау.
11. Музыкаға қосылып би билеу, жай билерді де, шапшаң билейтін билерді де билеу.
12. Жанып тұрған шыраққа қарау.

ЭКС бейім тұлғалар типі:
«Педантты тип» — жұмысқа адал, ұқыпты, кез келген істе (өзіне зиян келтірсе де) үлгілі нәтижеге қол жеткізгісі келеді.
«Эмотивті тип» — өте сезімтал және әсершіл адамдар. Елеңдегіш болу себептен басқалардың сезімдеріне жан-тәнімен ортақтасады.
«Демонстративті тип» — барлық жерде көрініп, бірінші болғысы келетіндер. Оны бірқалыпты, ұзақ жасалынатын жұмысты орындау шаршатады.

ЭКС белгілері:
Физикалық көрініс:
 Тез шаршау;
 Ұйқы бұзылысы;
 Бас ауруы;
 Тәбеттің өзгеруі (жоқ/көп жеу)
 Аурушаңдық
ата анамен жұмыс жоспарыЭмоционалды көрініс:
 Жұмысқа бейжай қарау;
 Агрессивті қатынас;
 Алаңдау, мазасы кету, кінә сезімі;
 Пессимизм, бағампаздық, мейірімсіздік;
 Жылау, истерика;
 Әділетсіздікті сезіну;
 Көңіл күйдің болмауы, әзілді түсінбеу
Мінез-құлықта көрініс:
 Жұмысқа барғысы келмеу;
 Жұмыс кезінде шаршау, жиі демалғысы келеді;
 Жұмысты кейінгіге қалдыра береді;
 Жалғыз болғанды ұнатады;
Интеллектуалды көрініс:
 Жұмысты ауыстыру немесе одан кету тілегі;
 Жұмыс пайдасына күмән келтіру;
 Шығармашылық ыңғайға қарағанда стандартты шаблон бойынша жұмыс істеу;
 Жаңаны қабылдамау;
 Қоғамдық жұмысқа қатысқысы келмеу;
Әлеуметтік көрініс:
 Қызығушылықтың болмауы;
 Әріптестерімен нашар қатынас
 Өз мәселелерінен көз ашпау;
 Басқаларды түсінбеу;
 Отбасы, достары және әріптестері арасында қолдау жоқтығын сезіну.

3. «Жаман көңіл-күй» жаттығуы.
Бірнеше минут бұрын жағымсыз оқиға болды: ата-ананың шағымы, әріптеспен келіспей қалу, отбасында кикілжің, т.б. Қалайша осындай сөйлесуден кейін бой жазуға болады?
Өз сезімдеріңіз бен эмоцияларыңызды түс арқылы қағаз бетіне түсіріп, өз қиялыңызға ерік беріңіздер.
Суретті аяқтасаңыздар, беттің келесі жағына сезімдеріңізді сөзбен жеткізіңіздер (5-7 сөз). Көп ойланбай, ойға бірінші келген сөздерді жазыңыздар.
Енді сурет пен сөздерге тағы бір көз жүгіртіп, сезімді қайта бастан кешіріңіздер. Екі қолға бетті алып ұсақ етіп жыртып тастаңыздар да қоқыс жәшігіне лақтырыңыздар.
4. «ЭКС қалай алдын алуға болады? » тақырыбында ақпарат беру.
Қазіргі заманғы ата-ана жұмыс үстінде пайда болатын стресстік қысымды алып тастау дағдыларын игеру керек. Бұл ата-ананың денсаулығын ғана емес, балалардың денсаулығын сақтайды. Стрессті алып тастаудың әртүрлі жолдары болады. Әрбір адам стрессті алып тастау дағдыларын біледі, бірақ оны қолданбауы мүмкін. 3 минут ішінде өз нұсқаларыңызды айтуды және ортаға талқылауды ұсынамын.
семинар-тренинг
Барлық айтқандарымызды жалпылап, мынандай жолдарды көрсетуге болады:
Бастысы – күліп жүріңіз. Әр күніңізді қуанышты сезіммен бастаңыз.
Әрекетте болыңыз.
Үйде және жұмыс үстелінде тәртіп болсын.
Дүкен аралап, өзіңізді жаңа бір нәрсемен қуантыңыз.
Допты немесе жастықты ұрыңыз.
Таза ауада қыдырып, табиғатпен сырласыңыз.
Бет-келбетіңізге жаңашылдық енгізіңіз. Жақсы жүрсеңіз, сезінуіңізді де жақсарады.
Жұмыстан кеткенде жұмыс туралы ойыңызды қалдырыңыз.
Уқалау, монша, сауна – демалу мен босаңсудың жақсы құралдары.
Жаңа бір қызығушылық табыңыз: сурет салу, тоқу, ән айту, тамақ пісіру және т.б.
Қозғалыс, би, музыка – бұл өмір.
Құнарлы тамақтаныңыз, жеміс-жидек, көкөністер жеп, дәрумендерді уақытылы қабылдаңыз.

РЕЛАКСАЦИЯ
• Терең әрі баяу тыныс алыңыз. Педагог стрессті сезінгенде үстіртін тыныс алады, бұл жасушалардың ауамен толық қамтамасыз етілмеуінен бұлшық еттік қысымға әкеледі. Бұлшық етті босаңсытып, бірнеше терең дем алыңыз.
• Мұрныңыздан 10-15 см арақашықтықта мамық тұр деп көз алдыңызға елестетіңіз. Тек мұрынмен тыныс алып, ол мамықты қозғалтпауға тырысыңыз.
Өзіңізді жақсы сезінетін жағдайды еске түсіріңіз, онда қазір отырғандай болыңыз.
Жақсы физикалық форманы сақтаңыз.
Дұрыс демалу – жақсы жұмысқа қабілеттілік кепілі.

Жаттығу
Стресстің жолдасы – бұлшық еттік қысым. Бұлшық еттік қысыммен жұмыс істейік.
Тік тұрып, қолыңызды дене бойы тік жіберіңіз. Сіздің төбеңізге жіп байланғанын сезініңіз, ол жіп сізді жоғары қарай ақырын тартып жатыр. Осы тартылыспен мойныңызды жазып, жоғары қарай тартылыңыз, кейін омыртқаңызды созыңыз, оның тіктелгенін сезініңіз.

«Иықтан жүк түсті» жаттығуы
Мақсаты: иық және арқа маңындағы психобұлшық еттік қысымды алып тастау. Омыртқаны тіктеуді бақылау мен сенімділік сезімі маңызды.
3 секунд қажет.
Жаттығуды тұрып не болмаса жүріп орындауға болады. Барынша жоғары иықты көтеріп, оларды артқа қарай бағыттап, төмен түсіру. Сіздің келбетіңіз әрқашан осындай болуы керек.

Отбасы ішіндегі қарым-қатынасВИЗУАЛИЗАЦИЯ
Сізді мазалайтын бар нәрсені көз алдыңызға елестетіп, ойша шарға араластырыңыз да алысқа ұшырып жіберіңіз.
Сізді мазалайтын нәрсенің түсін өзгерткенін көз алдыңызға елестетіңіз, қара болған ақ түске, не басқа ашық түске боялады.

Өзіңізді бақытты сезінуге ПОЗИТИВТІ ОЙЛАУ көмектеседі!

ОЙ – бұл адам еркін басқаратын нәрсе!!! Позитивті ойлау – бұл сіздің болайын деп жатқан өмірге, өзіңізге, өтетін оқиғаларға деген психикалық қатынасыңыз. Бұл сіздің өмірдегі сәттілік көзі болатын жақсы ойыңыз, сөзіңіз бен бейнеңіз.
Позитивті ойлау – бұл бақытты, денсаулықты, кез келген жағдай мен қабылдайтын шешімнің сәтті аяқталуын күту.

Позитивті ойлау үш негізі бағыт бар: позитивті бағдар, аффирмация, өзіндік позитивті ойлау

Позитивті бағдар.
Көз алдыңызға дұрыс бапталмаған музыкалық құралды елестетіңіз. Сізге оның дыбысы ұнай ма? Ал енді ол құрал бапталған. Қандай керемет дыбыстар шығаруда! Айналадағылар қандай ләззат алуда! Дәл осылай адам. Таңертең позитивті бағдарланып, күнді жақсы өткізіңіз! Бәрі адамның өз қолында! Айналадағылар сізбен қарым-қатынастан позитив алады! Ал енді өзіңізді еске түсіріңіз… Таңертең көңіл-күй онша емес, ұйқы басқан, жұмыса зауқыңыз соқпайды, айнаға келіп, тағы көңіл күйіңіз түседі….
Енде басқа жағдай: керуеттен тұрмай жатып, позитивті қолданыңыз, өзіңізге былай деңіз: «Күн керемет! Мен – сұлумын! Бәрі менің қолымнан келеді!».

Позитивті ойлаудың кілттік фразалары:
«Менің қолымнан келеді»,
«Менің еңбегім сіңді»,
«Бәрі ойдағыдай болады»
«Мен істеймін»

Аффирмация
Аффирмация – бұл саналанған, нақты құрастырылған позитивті ойлау, адам жаман ойды әдейі жақсымен ауыстырады. Бұл позитивті пікір. Бұл сенім мен күшке толы фразалар. Оны дауыстап айту арқылы сіздің сөзіңізге сенімділік пен күш ұялайды. Аффирмацияны әр күн қолдану керек. Әрқашан не қалайтыныңызды айтыңыз, олар осы шақта құрастырылу керек және тек Сізге қатысты болуы шарт.

Аффирмация мысалдары:
• Менің өмірім күн сайын жақсы болып келе жатыр.
• Бүгін мен эмоционалды еркіндікке қол жеткіземін.
• Мен өткенді босатамын.
• Мен өзімді және басқаларды кешіремін.
• Мен өзімен және мені қоршағандардың бәріне сәттілік тілеймін.
• Мен өз-өзімен сенемін.
• Менің ойларым менің өмірімді жасап жатыр.
• Мен сұлулықты жақсы көремін және өзімді сұлулықпен қоршаймын.
Психологиялық денсаулығы деген не?
Қазір мен Сіздерге күнделікті өмірімізден бірнеше негативті ойларды ұсынамын, топтық талқылауға сала отырып, оларды АФФИРМАЦИЯҒА айналдырыңыздар.
Жұмыс уақыты – 3 минут.

«Негативті ойлар»
1. Жұмыста мені ешкім бағаламайды
2. Менің әріптестерім мені тітіркендіреді
3. Мен … қолымнан келмей ме деп қорқамын
4. Мен айнада өзіме қарай алмаймын
5. Мен өмірден түңілдім

Топтың мүмкін жауаптары.
1. Жұмыста мені жақсы көреді!
2. Мені позитивті және көңілді адамдар қоршайды!
3. Менің бәрі қолымнан келеді!
4. Маған өз келбетім ұнайды!
5. Мен өмірді жақсы көремін!

Позитивті ойлау – өмірге дұрыс қарай алу, көзқарасты минустан плюсқа өзгерту.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Өзін сендіру позитивті бағыттылықтағы қарапайым және қысқа ойларды айту
Позитивті ойлаймын дегендерге кеңес:
1. Ешқашан мына ойларға жабысып қалмаңыз: «Өмір ауыр», «Мен бақытты болмаймын», «Менің өмірімде ешқандай жақсылық жоқ», «Мені ешкім түсінбейді».
2. Оқиға маңыздылығын түсіріңіз!
3. Көп алаңдамаңыз. Кім ерте алаңдаса, көп алаңдайды! Өз эмоцияңызды басқарыңыз. Кез келген істе сіз әсер ете алмайтын факторлар бар. Сыртқы тітіркендіргіштерді ауа-райы сияқты қабылдаңыз, себебі жауын мен қарға ренжу ақымақтық қой. Негативтің өзінен позитив көріңіз. Жаман оқиғалардан сабақ алыңыз.
5. Эмоцияларыңызды айналадағыларға кесірі тимейтіндей етіп, шығарыңыз.
6.Тек көңілді, жақсы бағытталған адамдармен араласыңыздар, олар жақсы көңіл-күй сыйлап, жағымды оптимистік көзқарасты жұқтырады. Өз жағымды көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз. Егер шағымданғыш адаммен қарым-қатынас жасасаңыз, тыңдаңыз, бірақ эмоционалды қосылмаңыз.
7. Реніштеріңізді кешіріңіздер және ұмытыңыздар. Ешкім идеал емес, бәрі қолынан келгенінше өзін жасауға тырысады.
8. Өзіңізді мақтаңыз! «Жақсы сөз жарым ырыс!». Сөзбен өлтіруге де сөзбен құтқаруға да болатыны белгілі ғой. Аз жетістікке жетсеңіз де «Жарайсың!», «Күшті шықты!», «Менің қолымнан бәрі келді!» деп ойша өзіңізді мақтап қойыңыз. Күліп жүріңіз. Тұнжыраған адамға басқалары жоламайды.
9. Өзіңіздің күйіңізге зейінді болыңыз, шаршаудың бірінші белгілерін уақытылы алып тастаңыз.
Психологиялық саулық критерилері
Қорытынды
• Өз психикалық денсаулығымызға мұқият болайық.
• Психикалық жүктемені шегіне дейін арттырмайық.
• Жағымды көзқарас, көңіл-күй мен бағытта болайық.

5. Эмоционалды кәсіби күюге арналған тест.
Сізге ұсынылған тұжырымдарға келіссеңіз — «иә», келіспесеңіз — «жоқ», ал кейбір жағдайда дұрыс болса — «кейде» деген жауаптардың бірін беріңіз.

1. Педагогикалық әрекет менің тынышымды алады.
2. Менде жұмыстан кейін қарым-қатынас жасау тілегі болмайды.
3. Менің отбасымда «жаман» бала бар.
4. Егер көңіл-күйім болса – бәріне қатысып, баланың сезіміне ортақтасамын, егер көңіл-күйім болмаса – оны қажет деп санамаймын.
5. Кәсіби міндеттерді шешуді жеңілдету тілегімен мен эмоцияны кетіруді талап ететін міндеттерді қарапайым етемін.
Тест нәтижесі жасырын, алынған мәліметті басқалармен бөлісу өз еркінде.
Әрбір «иә» жауабы — 3 ұпай, «кейде» жауабы — 2 ұпай, «жоқ» жауабы — 1 ұпай.
Кілт: 5-8 ұпай – Сіз ЭКС бейім емессіз; 9-12 ұпай – эмоционалды күю түрінде кәсіби деформация қалыптасып келеді; 13-15 ұпай – ЭКС дамып жатыр.

6. «Достық алақаны» жаттығуы.
Бүгінгі кездесуімізден бір естелік қалсын. Мына ақ қағаз бетіне қазіргі көңіл-күйлеріңізді көрсететін түрлі түсті қарындаштың бірі түсімен өз қолыңыздың контурын салыңыз. Оның дәл ортасына өз атыңызды жазып, басқа ата-анаға беріңіз. Әрбіреуіміз алақан иесіне әрбір саусаққа жақсы тілектер, комплименттер жазайық. Жолдау позитивті мазмұнға ие болу керек. Бұл алақанды өміріңіздің қиын сәтінде не жабырқау көңіл-күйде болғанда оқыңыз.

7. Өткізілген семинар-тренингтің рефлексиясын жасау.
— Сіздерге осы кездесуде не ұнады?
— Не қиын болды?
— Ұсыныстарыңыз бен кеңестеріңіз

Кездесуіміз осымен тамам. Отбасында табыстар мен сәттіліктер тілеймін! Өздеріңізді күтіңіздер!

Erketai / Мар.1.2017

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!