Ойлы болсаң, озып көр


Erketai / Ноя.7.2016. / Пікірлер жоқ

«Ойлы болсаң,озып көр»
«Тапқыр достар» интелектуалды ойынның мақсаты: бастауыш сынып оқушыларында білім негізін қалыптастыру,теория мен практиканы ұштастыра отырып,пәндерге деген қызығушылығын ояту,сөздік қорын дамыту,ауызша логикалық ойлауға дағдыландыру.
Әдісі:сұрақ жауап
Көрнекілігі: кеспе әріптер,сұрақтар жазылған плакат.
Өту барасы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды топқа бөлу: «Алғырлар», «Достар»
2. Топ басшыларын сайлау.
3. Қазылар алқасын сайлау
4. Жеребе тастап,қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.
5. Жарыс ережесін таныстыру.
II. Екі топтың өздерін таныстыруы
1) Кезең. «Кім көп біледі?»(«р топқа 10 сұрақтан қойылады.)
1 топқа:
 Сан есім дегеніміз не?
 Сөз таптарын ата.
 Зат есім дегеніміз не?
 Ы.Алтынсарин деген кім?
 Сөз дегеніміз не?
 Тұрлаусыз мүшелерді ата?
 Септіктің неше түрі бар?
 Қоян,ноян сөздерінде неше дыбыс бар?
 Болымды және болымсыз етістік деген не?
 Етістіктің неше шағы бар? Мысал келтір.
интелектуалды ойындар

2 топ:
 Сөйлем мүшелерін ата.
 Сын есім дегеніміз не?
 А.Құнанбаев кім?
 Сөз дегеніміз не?
 Тұрлаулы мүшелерді ата?
 Сөйлем дегеніміз не?
 Етістік дегеніміз не?
 Дыбыс деген не?
 Тұрлаусыз мүшелерді ата?
 Қалам,дос сөзін тәуелде.
2) Кезең: «Кім жылдам?»(Әріптер таратылады)

1-топ:
 Ертегі оқисың ба?
 Сумкаңда не бар?
 Бөлме қандай?
 Досың кім?
 Тәтті берсе жейсің бе?
 Қандай ән орындайсың?
 Анаңа еркелейсің бе?
 Аспанда не бар?
 Бүгін не оқыдың?
 Қандай тілек айтасың?
2-топ:
 Жасың нешеде?
 Кеше не істедің?
 Қалтаңда не бар?
 Шашың неге алынбаған?
 Досың кім?
 Нені жақсы көресің?
 Қандай кітап оқисың?
 Түнде түс көрдің бе?
 Алма берсе жейсің бе?
 Кімге сәлем жолдайсың?

3) Кезең. Сөз құрау. «Жолдастар»сөзінен бірнеше сөз құрау.
4) Кезең. «Сен білесің бе?» он ұяшық. Қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың артында сұрақтар бар.
1 2 3
4 5
6 7
8 9 10
Сұрақтар:
1. Мәтіннің неше түрі бар?
2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Неше сөз таптары бар?
4.Келер шақ дегеніміз не?
5.Қай уақытта бастауыштан кейін сызықша қойылады?
6.Қандай сөйлем мүшелері бар?
7.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
8.Гүл сөзін септе.
9.Жұп дауысты дыбыстарды ата.
10.Біріккен сөздерді ата.
5) кезең. «Кім тапқыр?» үйде дайындап әкелген сұрақтары бойынша білімдерін байқау. Бір біріне сұрақ қою.
6)кезең. «Қолқа салу» Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады. (ән,би,өлең т.б)
Қорытынды:

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!