Көңілді саяхат


Erketai / Ноя.7.2016. / Пікірлер жоқ

Білімділік; Ойын арқылы дыбыстарды сөзде анық, дұрыс айтуға үйрету.
Түзете — дамытушылық: Балалардың артикуляциялық мүшелерінің қозғалыс белсенділігін арттыру. Дұрыс тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру. Қолдың ұсақ моторикасын жұмыс жасау арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Логопедті мұқият тыңдауға, өзін — өзі баға дұрыс беруге және өз бетіншежұмыс жасай алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Айна, салфетка, суреттер,
Әдіс — тәсілі: Түсіндіру, сұрақ — жауап, музыка тыңдау
Біздің бүгінгі сабағымыз сабаққа көптеген қонақтар келіп отыр. Амандасамыз
Біз дұрыс және таза сөйлей алатынымызды көрсету керек.
Шаттық шеңбері:
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Балалар алақандарын уқалайды
Не сездіңдер? Жылулық Осы жылулықты сыйлаймыз.
Қуанамын мен де, (Өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (Жанындағы досын көрсетеді)
Қуанайық достарым, (Бір-бірінің қолдарын ұстайды)
Арайлап атқан күнге! (Қолдарын жоғары көтереді)
Олай болса, сабақты бастамас бұрын арнайы жаттығуларды жасайық.
Тыныс алу жаттығуы. Мен сендерге қарап жымиамын сендер бір-бірлеріңе қарап жымиыңдар. Сендер байсалдысыңдар, әдемісіңдер, сендер тәртіптісіңдер.
Терең терең дем алып мұрынмен сұлулықты,тазалықты,ақылды сорып аламыз да , ауызбен барлық ашу-реніштеріңді жаман сөздерді шығарып тастаймыз
Сабағымызды бастамас бұрын жаттығуларды жасайық
логопед сабағы

Артикул жаттығулар

Біздің бүгінгі сабағымызға хат келіпті.
Cәндік ашық хатты оқиын.
Сәлеметсіңдерме балалар? Мен мұз ханшайымымын. Сендерге мен сыйға таяқшамды жіберіп отырмын, ( Хаттын ішінен таяқша шығады) Бұл таяқшам маған қиындықтарда көмектескен сендерге де тапсырмалар орындағанда көмектеседі. Сендер қиындықтарды жеңсеңдер, тапсырма орындауда тырыссаңдар таяқшам жанады.
Тексеріп көреміз ба?
Сабағымыздағы 1 орындалатын тапсырма

Ақшақарлар алаңын жасау үшін қардың артында сұрақтарды оқып жауап беру.
1 Жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінің белгілерін айт?
Қар жауады, аяз болып, боран соғады. Боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді) Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
2Қыс айларын ата : Желтоқсан, қаңтар, ақпан
*Желтоқсан — жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар — жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық,
үскірік аяз болады.
*Ақпан — жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.
3Тоңбас үшін үстілеріңе қандай киімдер киесің?
Іс — қимылмен көрсетейікші Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
4Қандай ойындар ойнайсыңдар? Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
5Қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлайсыңдар? Жаңа жыл! 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін тойлаймыз!
6Аққала неден жасалады? Аққала қардан жасалады.Дөңгелек үш бөліктен тұрады
Қараңдар таяқшам біз тапсырманы дұрыс орындағандықтан жанып тұр
2 — орындалатын тапсырма
Ақшақардың ортасы тұр. Күлтелерін боран ұшырып кетіпті Мына жерде әріптер шашылып жатыр. Сендер қыста ауырмау үшін денсаулықтарыңа не керек сол сөзді тауып алуларын керек. (ШЫРЫН) Ақшақарды жинау үшін мына жерден – Р дыбысы бар жемістер мен жидектерді алу. Мынау анар. Анар шырыны деп күлтешелерді орнына жапсыру.
Анар, қарбыз, алмұрт,алхоры,бүлдірген,өрік
Бұл жемістердің құрамында А, В, С, Д, Е, Р – дәрумендері (витаминдер) бар. Бұл витаминдер сендердің ағзаларынызға өте пайдалы. Жеміс- жидектерді көбірек жесеңдер, әрқашан көңілді болып жүресіңдер. Тістерін ауырмай, берік болып өседі. Денсаулықтарын мықты болады. Тез өсесіңдер. Тамаққа тәбеттерін жақсы болады.
Қараңдар таяқшам сендер тапсырманы дұрыс орындағандықтан жанып тұр
Сергіту сәті
Лақты байладым
Лақты ақ қайыңға байладым
Сүзбе лағым тоқта
Тоқта ағашты шайқама
Теле,теле,телефон лақтың үйі өртенді
Лақ шықты атып
Көзін бақырайтты
Тауық шелекпен жүгірді
Лақтың үйін сөндірді
4 -орындалатын тапсырма Конверт ашамыз
Не көріп тұрсыңдар?
Мұз ханшайымын көріп тұрмыз
Нешеу? Мен сөздер айтамын сендер мұз ханшайымына таяқшасын қою арқылы
Ш дыбысы сөздің қай жерінде тығылып тұрғанын табасыңдар
1-мұз ханшайымы сөздің басы.
2-мұз ханшайым сөздің ортасы.
3- мұз ханшайым аяғы
Шана, таяқша, ша-па-лақ, пеш,көшір,көгершін,ашық .
Қараңдар таяқшам сендер тапсырманы дұрыс орындағандықтан жанып тұр
5-орындалатын тапсырма *Суреттермен жұмыс. Дыбысты әртүрлі көңіл күйде айтып көрсету.
А — қыз айғайлап жылап жатыр
А — тамағын дәргерге көрсетіп жатыр
А — бөпені әлдилейміз
А — саусағыңа ине кіргізіп алдың
О — таң қалу
О — әже күрсінді
О — ән айтуда
О — әкеміз тартылып жатыр
Қараңдар таяқшамыз сендер тапсырманы дұрыс орындағандықтан жанып тұр
6- орындалатын тапсырма Кім жаксы естиді екен деп аталады?
сөздерді тыңдау дауысты дыбыс естілсе қызыл текшені дау-сыз дыбыс естілсе көк текшені көтереміз
Қараңдар таяқшамыз сендер тапсырманы дұрыс орындағандықтан жанып тұр
7-орындалатын тапсырма
Сурет бойынша сөйлем құра: (сюжеттісуреттер) Құмар алмұрт жеді. Бауырсақ терезеден домалап түсті. Шорман шортан ұстады. Шынғыс сәбіз жинады. Жанар қолшатырды көтерді. Жарас гитарада ойнады.
Қараңдар таяқшамыз сендер тапсырманы дұрыс орындағандықтан жанып тұр
Міне біздің тапсырмаларымыз аяқталды
Рефлексия Сабақта не қызықты болды? Неден қиналдыңдар?
Енді сабақты өздерің бағалаңдар қызықты, жақсы болса қызылды көтереміз
Кішкене қиналсаңдар көкті көтереміз
Балалар тапсырмаларды орындағанда таяқшаның жанбай қалған кезі болды ма?
ҚОРТЫНДЫ
Шеңбер құру таяқшаны беріп сенде бәрі жақсы болады
Соңында бізде бәрі жаксы болады. Сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар

Абишева Алмагул Жумановна логопед-мұғалім
 ЖББОМ №25 Қарағанды қаласы

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!