Қарапайым отбасындағы бір күн


Erketai / Ноя.8.2016. / Пікірлер жоқ

Әкесі жұмыс бабымен ұзақ сапардан оралады. Шәй ішіп отырады. Анасы үй тірлігімен жүгіріп жүреді, тамақ пісіріп, үй жинап жүреді.

Мектептен 1-ші баласы келеді:
О, көкем келіпті, амансыз ба?- деп 1-ші баласы жүгіріп, әкесіне келеді.

Әкесі: Кел, қарағым, жағдайың қалай?-деп басынан сипайды.
Иә, сабағың қалай, қанша алдың? -деп сұрайды.

Ұлы: Көкешім, анашым, мен 5 алдым.

Әкесі: Жарайсың, ұлым, осылай оқи бер, үлкен азамат бол!

Анасы: Жарығым сол, осы құлынымнан үлкен үміт күтемін. Бар, киіміңді ауыстырып кел.

 отбасы жайлы көрініс

Мектептен 2-ші қызы келеді:

О, көкешім келіпті, амансызба, қалай жеттіңіз? Жағдайыңыз қалай? Маған не әкелдіңіз? -деп сұрақты жаудырады 2-ші қызы.

 Әкесі: Жаным-ау барлығы жақсы, өзің қалайсың, сабағың қалай? -деп маңдайынан иіскейді.

Анасы: Қызым, кішкене деміңді бассаңшы, айтшы қандай баға алдың?

Қызы: 4 алып қалдым, анашым.

Анасы: Ештеңе етпейді, көңілің түспесін, бұдан да жақсы оқы, бар киіміңді ауыстырып кел.

Әкесі: Бар балам, бөлмеңе бар, сендерге әкелген сыйлықтарым жатын бөлмеде тұр.

Мектептен 3-ші баласы келеді.

Басы салбырап, өтіп бара жатады.

 Әкесі: Әй, балам, басың салбырағанынан мені де көзге ілмейсің. Аман-саулық сұрамайсың ба?

 Анасы: Келе ғой, еркетайым, қанша алдың?

Көкешім, анашым, маған апай 2 қойды.

 Әкесі ашуланады, дауысы қаттырақ шығады:

ей, балам, еркелігің қалмайды сенің, сабақты оқып бармайсың ба?

Ей, шешесі, мына бала неге екі алады?,
қалғаныма қараусыз- дейді шешесіне қарап, өктем дауыспен.

 Анасы:

Үй тірлігімен күйбеңдеп,
күнде жүрем күйбеңдеп.
Пісіріп тоқаш сатамын,
балама керек тиын-тебен деп
өзіңде болмайсың үйде,
көпке кетесің түзге,
асыраймын бізді деп.

 Әкесі:

Айналайын, балам-ау!
Түсінбейсің сен неге?
«Білімдіге дүние жарық,
білімсіздің күні қаріп»,
оқымадық бізде,
оқымасаң сенде,
қаламыз елден көш қалып.

 Баласы:

Көкешім, анашым, кешіріңіздерші, енді оқитын боламын.

 Анасы мен әкесі қорытынды ретінде:

Еш болса да, кеш жақсы. Әлі де оқи бер, алдыңа мақсат қойсаң, озатта боларсың- дейді кезектесе.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!