Армысың, алтын күз!


Erketai / Ноя.15.2016. / Пікірлер жоқ

Жаз мезгілі кіреді. (Гүл киімін киіп, билеп жүреді)
(Төбеден көбелек түседі)
Көбелек –ау, көбелек
Әдемісін керемет.
Гүлге келіп қона ғой,
Өзінде гүл бола ғой
Кенеттен күн күркіреп, бұлттанады,жауын жауады. (Төбеден бұлттар түседі) Жаз жүгіріп шығып кетеді.
Қолшатыр кіреді:
Мен ақпын, сары, қызылмын
Қолшатырмын көңілді.Күз бен жаңбыр егіз ұғым. Сары күзбен бірге көп ұзамай жауынды күндер басталады.

Бақшаға қарай көшемен,
Нөсерге қарсы төпеген,
Қолшатыр астын тасалап,
Асыға келеді балалар. (Шығып кетеді)

Айым мен Нұраликіреді.
Ән: «Жау-жау жаңбыр»
Барлық балалар музыка залына екі — екіден қолшатыр ұстап кіреді (әнге қимылдар жасайды)
Нұртас:
Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам.
Дариядай шалқып жүр.
Мейірлі күз, мырза күз
Сыйлығына ризамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз.
Асанали:
Если на деревьях
листья пожелтели,
Если в край далекий
Птицы улетели,
Если небо хмурое,
Если дождик льется,
Это время года
Осенью зовется.
Нұрдаулет:
Fall is fun.
I like to run.
I see the sun.
Fall is fun!
Александр:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Айша:
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Алтын күз ханшайымы кіреді. (Төбеден күн түседі)
Алтын күз:Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгінгі біздің топтың «Армысың, алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған,
Бірге: Ертеңгілікті бастайық!
Ән:«Алтын күз тамаша» (Балалар отырады)
Құстардың дауысы естіледі. Төбеден құс түседі
Алтын күз:
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып
ертеңгілік Алтын күз


Би: «Құстар қайтып барады»
Айлин, Айша, Айсана, Ақерке, Диана, Дильназ

(Сән үлгісіне киінеді Айлин, Айша, Айсана, Ақерке, Диана, Дильназ, Дария, Айым, Адия, Амира)
(Кукарэлла биіне киінеді:Асанали, Нұрали, Нұрали, Нұрдаулет, Нұршуақ, Сұңғат)
Дымқылбек:
Шалпылдатып кір суды
Аралаймын жер көкті
Мен, Дымқылбек батырмын
Дымқыл, әрі келбеті
Суықбек:
Тоңдырып бар баланы
Аралаймын даланы
Суықбекпін –суықпын
Қоңыр күзде туыппын
Дымқылбек: Әй, Суықбек бері қара бізді күз мерекесіне шақырған ба?
Суықбек: Әп-чхи,Әп-чхи (қолында үлкен орамалы) Осы жасқа келгенше мені ешкім мерекеге шақырған емес. Ешкім ешқашан күткен де емес!
Дымқылбек: Иә, дұрыс айтасың. Мені де ешкім сағынып отырған жоқ.
Суықбек: Ой, мынау кім? Сап-сары ғой өзі (күзге таңдана қарайды)
Дымқылбек: Бұл мереке ханшайымы. Оның аты-Алтын күз.
Суықбек: Алтын күз!
Дымқылбек: Иә, Алтын күз! Адамдар күзді жақсы көреді. Оны жаз бойы күтеді. Оған арнап балалар ән шырқап би билейді. Солай.
Суықбек: (жылайды) Қарай-гөр, шынында барлық балалар жақсы көреді екен. Көңіл күйім болмай тұрғанын қарашы. (көзін сүртіп, жылайды)
Дымқылбек: (дірілдейді)Бізді ешкім сүймейді. Аяуды да білмейді.
Суықбек: Әй, Дымқылбек неменеге жылап тұрсың. Сенсіз де қалтырап тұрмын. Онанда күзді қалай мазалаудың амалын ойлайық. Қарашы бізді менсінбей тұрғанын!
Дымқылбек: Қанеки, күзді сиқырлап тастайық. Алтын күзді, балшық күзге немесе шалшық күзге айналдырып жіберейік.
Суықбек: Мен бойымдағы бар суығымды шығарайын у-у-уф! у-у-уф!(үрлейді)
Дымқылбек: Қазір мен Алтын күзді жаңбырлы желді суық күзге айналдырып жіберейін.
Дымқылбек, Суықбек: жүр саған шырын береміз. «Эликсир красоты» Күз ішіп, ұйқысы келіп кетеді.
Алтын күз:балалар маған көмектерін керек. Бұл сиқыры эликсирдын күші алма жесем кетеді.
Амира:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Бәрі:Шақырады біздерді

Ойын: «Аспазшы»
І топ ІІ топ
Аружан Айла
Жанәділ Муслим
Даниал Азамат
Бердібек Саша
Дымқылбек: Әли ұйықысы келіп тұр ма?.
Суықбек: Егер күз оянбай қойса, не істейміз.
Дымқылбек: балалар көп ән, өлең айтса оянады . Тссс естип қоймасын ешкім.
Алтын күз: Балалар енді бәріміз тамаша тақпақ айтайық.
Жанәділ:
Біреу астық түсіріп
Біреу бидай ұшырып
Жатқан мезгіл күз
Алдым соны түсіріп
Аружан:
Біздің дала -бай дала
Алтын астық айнала.
Астық дала сәулеті,
Астық –Отан дәулеті.
Бердібек:
Осень, Осень золотая,
Хорошо, что ты пришла!
Ты и яблок, ты и меду,
Ты и хлеба принесла!
Рысжан
Rain, rain go away
Came again, another day
Little Tommy wants to play
Ермұхамед:
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей.

Сән үлгісі
(Кукарэлла биіне киінеді Амира, Адия, Дария, Айым, Аяла, Дильназ)

Ән: «Бұл алтын күз»
Ойын: ата-аналармен «Кім шапшан?»
Би: «Кукарэлла»
Амира, Адия, Дария, Айым, Аяла, Дильназ,
Асанали, Нұрали, Нұрали, Нұрдаулет, Нұршуақ, Сұңғат

Муслим:
Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты.
Сары даланы сәндетіп,
Думандатып, әндетіп.
Нұрбеков Нұрали:
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Нұрланұлы Нұрали:
The sunflower children
Nod to the sun.
Summer is over,
Fall has begun!
Ақерке:
Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз…
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз…
Нұрислам:
Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды.
Куз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Рысжан
Как красиво все кругом,
Золотым осенним днем
Листья желтаые летят,
Подногами шелестят
Дымқылбек:балалар бақшасын жинай алмай үстілері батпақ болсын деп батпақ, шалшық су жолдарына тастайды.
Ойын: «Бақшаны егеміз, күтіп –баптап тереміз»
Нұртас Аяла
Айлин Бердібек
Рысжан Даниал
Азамат Ермұхамед
Алтын күз: Кел дос болайық, сендер халыққа жайлы болындар. Оданда көніл көтеріп балалармен ән салындар.
Ән: «Чудо осень»
Бердібек:
Down, down
Yellow and brown
The leaves are falling
Over the town.
Диана:
Любим свеклу мы, морковку
И капусту тоже есть,
Потому что витамины
В овощах и фруктах есть!
Айсана:
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Сұңғат:
Алақай – алақай
Шаттанды балақай
Береке – салты күз
Мереке – Алтын күз.
Адия
Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі.
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Дария:
Осень – времечко сырое,
Дождик льется с с высоты.
Люди чаще раскрывают
Разноцветные зонты!
Дымқылбек пенСуықбек балаларға рахмет айтып, күз сыйынан тарту жасап қайтады.
Ән: «Күз келді»
Жүргізуші:
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекелі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Бірге: Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келді.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!