Шашқа арналған маскалар


Erketai / Апр.29.2016. / Пікірлер жоқ

Осы мақалада берілген рецепт арқылы сіз шашыңызды тез өсіруді , көлемін арттыруды үйренесіз.

Соншалықты бұл рецептің қандай қасиеті бар, құрамына не кіреді, құпиясы қандай деген сұрағыңыз болса, мұқият оқып танысып шығуға кеңес береміз.

Рецептің құрамына желатин кіреді.Желатин-жануарлардың сіңірінен алынатын зат.Желатин белоктарға өте бай келеді ал бұл зат өз кезегінде шашпен тырнақтың  өсуіне жауап береді.

Бізге не керек:

  • 1ас қасық желатин
  • 4/1 стакан ыстық су
  • 1 шай қасығымен су сабын
  • 1 сары уыз

Дайындалуы:

  1. Дайындалып қойылған желатинді алып жылы сумен араластырыңыз.Дұрыстап араластырып тұнуына уақыт беріңіз. Түйіршіктері жоқтығына көз жеткізіңіз.
  2. Желатиннің көтерілгенін байқаған соң, су сабынды және саруызды қосыңыз.
  3. Осы дайындалған сұйықтықты шашыңызға жағып, полиэтиленмен немесе сүлгімен орап қойыңыз.

Шаш адамның көркі

Жағылған масканы шамамен 20 минутқа қойыңыз. Осы аталған уақыт өткен соң шашыңызды жылы сумен(ыстық емес) жуыңыз. Бұл әдіс көп күттірмей өз нәтижесін береді.

Шашқа арналған ашытқы маскасы (Дрожжевая)

1 ас қасық ашытқыға 1 шай қасық жылы су қосып араластырыңыз, әбден араласып болған соң тағы жұмыртқаның ақ уызын қосып араластырыңыз. Дайын болған сұйықтықты шашыңызға және бас терісіне жағыңыз.Шашқа жағылған сұйықтық кепкен соң, су сабынды пайдаланып жылы сумен жуыңыз.

Балдан жасалатын құрғақ шаштарға арналған маска

Бал дегеніміз ол көптеген пайдалы заттар мен микроэлементтердің көзі. Үй жағдайында балдан жасалатын маска шашқа нәр беріп қана қоймай, шашты жақсы жұмсартады. Мұндай масканы көп жағдайда құрғақ немесе кәдімгі шаштарға қолдануға болады.

шашқа арналған маскалар

Дайындалуы: 2 ас қасық балды буға ерітіңіз. Еріген балға 1 ас қасық айран(немесе майлы қаймақ/майонез) қосыңыз. Енді осы сұйықтыққа 4 тамшы жасмин және лаванда эфир майын қосып араластырыңыз.Осыдан кейін шашқа және бастың терісіне бір қалыпты етіп жағып, 40 минуттан соң жуып тастаңыз.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!