Саңырауқұлақ саясында


Erketai / Авг.13.2013. / комментариев 12

Достық, татулық, бірлік, жанашырлық, жайлы, туралы, ертегі

Бір күні құмырсқа жаңбыр астында қалды. Қайда тығылуға болады?
Қараса, алқапта кіп-кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр екен. Жүгіріп барып саңырауқұлақтың әдемі қалпақшасының астына тығылды. Жауын сіркіреп жауып тұр.
Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып Көбелек келеді:
— Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы!
— Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сиып тұрмын, — дейді ол.
— Түк те етпейді, көңіліміз кең болса, жер тарлығы оқа емес. Құмырсқа Көбелекті саңырауқұлақтың астына кіргізді.
Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады. Осы кезде саңырауқұлақтың қасына ентіге жүгіріп Тышқан келеді.
— Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сорғалап тұр! — дейді Тышқан жалынып.
— Сені қайда кіргіземіз?! Көрмейсің бе, өзімізге де орын жетпей тұр!
— Сығылысып көрейікші?!
Үшеуі сығылысып, саңырауқұлақтың астын паналайды. Жаңбыр болса, тоқтар емес, шелектеп құйып тұр. Саңырауқұлақтың қасына секіріп Торғай келді.
— Қауырсындарым су болды, қанаттарым шаршады! Жаңбыр біткенше саңырауқұлақтың астына кіруге бола ма? Демалып, қанаттарымды, үстімді кептіріп алайыншы! — деп жылап жіберді кішкентай Торғай.
— Орын жоқ қой, сені қайда кіргіземіз?
— Өтінемін, жылжып көріңдерші!
— Жарайды, кіре ғой!
Құмырсқа, Көбелек, Тышқан жылжып, саңырауқұлақтың астына Торғай ды да кіргізді.
Алқапқа осы арада ырғып шыққан Қоян саңырауқұлақты көріп айқай салды.
— Құтқарыңдар! Менің артымнан Түлкі қуып келе жатыр, қай тесікке тығыламын, қай жерге жасырынамын? Көмектесіңдер!
— Тағы қысылысып көрейікші, Қоянның түрі сондай аянышты! — деді Құмырсқа.
Қоян да тығылып үлгерді, дәл сол кезде Түлкі жүгіріп келді.
— Қоянды көрдіңдер ме? — деп сұрады.
— Жоқ, көрмедік. Түлкі саңырауқұлаққа жақындап, тұмсығымен түрткілеп иіскей бастады.
— Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқ па?
— Ол бұл жерде қалай тығылады, өзіміз сығылысып зорға сидық!
Түлкі сары құйрығымен әрі-бері бұлаңдатып кетіп қалды.
Жаңбыр осы кезде тоқтап, күннің көзі жарқырай ашылды. Саңырауқұ¬лақтың астындағылардың бәрі қуана-қуана алқапқа жүгіре шықты. Құмырс¬қа ойланып қалды:
— Бұл қалай болды? Алғашында саңырауқұлақтың асты менің өзіме тар еді, ал енді бесеумізге де орын табылып, кішкентай жерге сыйып кеттік!
— Бақ-бақ! — деп бақылдаған Бақаның дауысы естілді. Бәрі қараса, саңырауқұлақ үстінде Бақа күліп отыр.
Әй, сендер! Саңырауқұлақтың… — деп сөзін аяқтамастан ол секіріп кете барды.
Бәрі саңырауқұлаққа қарап ойланып қалды. Басында біреуінің өзі әрең сыйып, келе-келе бірнешеуіне пана болған саңырауқұлақтың сырын ұға алмай бәрі дал болып қалды.
— Ал, сендер қалай ойлайсыңдар?

smile

комментариев 12 Пікір қосу

  • керемет ертегі

  • Ертеги кызыкты

  • көңіл сыйса бәрі де болады тамаша ертегі

  • өте қызықты ертегі

  • ертегілеріңіз шынымен де қызықты екен. көп жаңа ертегілер таптым

  • керемет ертегі

  • жақсы ертегі

  • керемет

  • жақсы ертегі

  • тамаша

  • керемет ертегі

  • керемет

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!