Жыл патшасы

ertegi jilЕрте, ерте, ертеде Уақыт атты патшалықта Жыл атты патша билепті. Жыл атты патшаның мінездері  әр түрлі төрт ұлы болыпты. Олар: Көктем, Жаз, Күз және Қыс. Осы төрт ұлының әрқайсысында үш баладан болған екен. Көктем ұлынан Наурыз, Суір және Мамыр атты үш немересі бар екен патшаның. Ал Жаз ұлынан Маусым, Шілде, Тамыз атты немерелері, Күз ұлынан Қыркүйек, Қазан Қараша атты немерелері тараса, ал Қыс ұлынан Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан атты немерелері тараған екен.
Патша өз тағына мұрагер етіп ұлдарынан емес немерелерінің арасынан тағайындауды жөн көріпті. Содан ол өзінің тағына немерелерінің арасынан біреуін тағайындайтынын жария етеді, сонымен қатар, ол мұрагері  білімді, өнерлі, халыққа қызмет етуі керектігін де айтып өтеді. Барлық немерелеі Жыл патшаның алдына келіп, білімдерін, талантын көрсетеді, барлығы бірінен- бірі асып түседі. Немерелерінің бұл өнері мұрагерді таңдауда патшаға қиыншылық түсіреді. Әрі ойланып, бері ойланған патша мынадай жарлық етеді:

— Менің мына «Уақыт» патшалығым тұрғанда менің немерелерімнің барлығы да патша болады. Олардың барлығы халық үшін өздерінің жайлылығын, еңбектерін ұсынып отыр. Сондықтан немерелерімнің әрқайсысы отыз күннен патшалық етсін!

Міне, осы жарлықтан кейін патшалықта әр отыз күн сайын халыққа Жыл патшаның он екі немересі үлкенінен кішісіне қарай заңдылықпен патшалық етіп отырыпты деседі.

Пікірлер2
  1. Ырысжан

    Бұл ертегіні өзім кішкене кезімде оқыған болатынмын.Өте қызықты ертегі Балаларға оқып беруге өте жақсы

  2. Набира

    қажетті,қызықты ертегі екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ