Өнерлі өрендер №3


Erketai / Мар.16.2015. / Пікірлер жоқ

onerli-balalar

Анаға

Еркелігім көп менің,
Мейірімің көп сенің.
Баға жетпес аялы,
Алақаның тек сенің.
Сен әлемде дарасың,
Мұңаймашы, анашым!
Табылсыншы жүзіңнен
Шаттық күлкі жарасым!
Жаның неткен шуақты,
Әрбір сөзің қуатты.
Менің анам ешқашан,
қартаймайтын сияқты,
Даналардың данасы,
Аман болшы,АНАШЫМ!

Жұмабаев Айдос

***

Соғыс өрті болмасын

Соғыс өрті болмасын,
Тыныштық мәңгі орнасын.
Ел қорғаған батырды,
Алла өзі қолдасын.
Соғыс сөзін естімей,
Бейбіт өмір кешейік.
Заманымыз тыныш боп,
Отан қорғап өтейік.

Пернебай Марғұлан
ОҚО, Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы
С. Қожанов мектебінің 2 сынып оқушысы

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!