Жөтелге қарсы емдік шаралар


Erketai / Ноя.23.2015. / Пікірлер жоқ

Негізінде жөтел өздігінен ауру болып саналмайды алайда 50(елуден) аса аурумен, аллергиялық реакциялардың белгісінен хабар береді. Бұл белгілердің ішінде болмашы суық тиюден бастап адам денсаулығына аса қауіпті туберкулез,онкологиялық аурулар, демікпе, жүрек аурулары кездеседі.

Жөтел есту жолдарының шырышты қабатының және де алыс орналасқан рефлекстік аймақтардың (бауыр мен өт жолдары, жатыр,ішек, аналық безі) тітіркенуінен пайда болады.Сондай ақ тыныс алу жолдарының шырышты қабатының тітіркенуінің нәтижесінде орын алатын рефлекторлық акт болып саналады, мұндай кезде адам қарқынды үдемелі «жарылғыш» дем шығарады.

жөтелге қарсы халық емі

Негізгі себептері

Тыныс алу мүшесінің шырышты қабатының қабынуы (ринит, синусит, аденоидит, фарингит, ларингит, трахеит, бронхит және басқа да)ағза ұлпалары мен жасушаларына кіріп кеткен бөтен заттардың шоғырлануы. Ринит, синусит, аденоидит, бүртікті фарингит кезінде мұрынның қосалқы қуысы және көмейдің тітіркенуі нәтижесінде туындайды.

  • Жөтелдің негізгі түрлері: құрғақ, көк, аллергиялық т.б 

Құрғақ –әдетте науқаста өте ауыр өтеді, әсіресе ол күтпеген жағдайда орын алуы мүмкін. Мысалы:  түнде ұйықтап жатқанда, қоғамдық көлікте, жұмыс орнында адамға үлкен ыңғайсыздық тудырады.Өйткені бір басталса тоқтауы өте қиынға соқтырады.

 

Көк — өте күшті жұқпалы ауру. Жоғары тыныс алу жолдарының қабыну нәтижесінде науқаста ұстамалы булығып жөтелу пайда болады. Ең жиі бұл аурумен 5 жасқа дейінгі балалар аурады, әсіресе сәбилерге өте қауіпті. Алайда ересек балаларда әлдеқайда жеңілірек өтеді.

 

Аллергиялық —  бронхының ағзаға түскен заттың, иммундық жүйеге шамдан тыс күш түсіргеніне жауап реакциясы. Тағы да қайталап еске салсақ бұл ауру емес, мұндай жағдай жоғарыда атап айтқандай әр түрлі денсаулыққа қатер төндіретін аурулардың белгісі болуы әбден мүмкін. Әдетте мұндай жағдай ауадан түскен аллергендердің(аллергияны тудыратын заттардың) себебінен болады, осындай кезде қарқынды жөтел бронхтың(кеңірдек) тармақтарын тазалауға негізделген қарсы қорғаныш механизмі болып табылады.  

Сүттің жөтелде пайдасы

Емдеу жолдары

  • Сүт және бал

Жөтелге қарсы үй жағдайында қолданылатын емнің кең таралған түрі қатты ыстық емес бал қосылған сүт. Бұл сусынды әсіресе ұйықтар алдында қабылдаған жөн. Бұл өз кезегінде ұйқының тыныш болуына, тамақтың жыбырлап қозбауына өте жақсы көмегін тигізеді.

 

Дайындалуы: бір стакан қатты ыстық емес сүтке 1-2 қасық бал және бір шымшым ас содасын қосыңыз. Сусын  қақырықпен тер арқылы ағзадағы уландырғыш заттарды шығарады.

  • Сүтпен сары май

Үй жағдайында қолданылатын тағы бір тамаша әдістің бірі сары май қосылған сүт.Бұл әдісте қолданылатын компоненттер тамақтың тітіркенуін және құрғақ жөтелді жақсы жұмсартады және де мұнымен қоса тамақтағы жағымсыз тітіркену сезімін жояды. Осы әдіспен ем қабылдау барысында белгіленген мөлшерді сақтаған абзал.

 

Дайындалуы: бір стакан қатты ыстық емес сүтке 50 грамм сары май қосылады. Ұйықға жатар алдында қабылдаңыз.

Жөтелді емдеу

  • Зімбір(Имбирь) және сүт

Зімбір өзінің көптеген пайдалы қасиетімен сарымсақ пен адамшөпке(женьшень) жақынырақ. Зімбірдің құрамына С дәрумені кіреді.Зімбірді вирустық аурулардың қозуында қолдануға ұсынылады. Зімбір мен сүт балаларға суық тигенде, бронхының қабынуының алғашқы белгілерінде аурудың алдын алуға көп көмегін тигізеді.

 

Дайындалуы: бұл емдік сусынның құрамына 1/5 стакан сүт, 2 шәй қасық көк шәй және майдаланылған зімбір тамырының кішкене бөлігі кіреді. Қайнатпаны үш кезеңмен баяу жанған отта дайындаған дұрыс. Әр кезең 2 минутқа созылады.Қайнатпаны әр кезеңде 5 минутқа тұндырып қояды. Содан соң сүзгіден өткізіледі. Қайнатпаның дәмін жақсарту үшін қант немесе бал қосуға да болады.

Егерде басқада өздеріңіз білетін жөтелді емдеудің халықтық әдістерін білсеңіздер, пікір жазу формасы арқылы жазып бөлісіңіздер.

Өз денсаулығыңыздан қандай да бір ауру белгісін байқаған жағдайда, ең алдымен дәрігерден кеңес алғаныңыз жөн. Аурудың толық себебін білмей, өзіңізге ем жасау сіздің денсаулығыңызға зиянды болуы мүмкін!
smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!