Баланы серуендетудің ережелері


Erketai / Сен.24.2012. / Пікірлер жоқ

Сәбидің серуендеу ұзақтығы оның туған кездегі салмағына байланысты. Егер 4,5 кг салмақпен туылса,күніне 2-3 сағат серуендетуге рұқсат.3,5 кг салмақпен  туылған сәбилерді ауа температурасы 16 С градустан жоғары болса  ғана далаға шығаруға болады. Ең бастысы ылғал және желді күндері шығармаған жөн.Қыста түскі уақытта, әсіресе күн шығып тұрғанда серуендеткен жақсы. Егер мазаланбаса, бетін  қалдырып,күн көзіне жатқызуға болады. Қалалық жерде тұрсаңыз, арба  қажет.
narestemen-kidiru

Мүмкіндігіңіз болса,таза ауада барынша жүріңіз.Жазда көбірек шығыңыз.Күн тым ыстық болса,сәл ғана көлеңкелі жер табыңыз.Жаз мезгілінде күн көзі аздау таңертеңгі және кешкі уақыт қолайлы.Бала үш рет тамақтануға көшкеннен бастап серуендеу уақыты өзгереді.Алайда кемінде 2-3 сағат болуы керек.Тура түскен күн сәулесі бала терісінде Д витаминнінің түзілуіне көмектеседі.Сондықтан аздап күн сәулесінде болған жөн.Дегенмен бала күнге біртіндеп үйренеді.Бірақ шамадан артық күн көзінде болмауын қадағалау қажет олай болмаған жағдайда баланың терісінің күюіне әкеліп соғады.Туылған кезде салмағы қалыпты болған сәбиді жылы күндері таза ауада бетін жұқа жауып серуендетуге болады.Қол аяғын ашық қалдырыңыз,күн тез үйренеді. Қыста да баланы күн сәулесінен айырмау керек. Егер бөлмеге жел соқпаса, жылы болса, терезені сәл ашып ішімен арқасын күн көзіне тосуға болады.Бірақ екі минуттан артық емес. Жаға жайға барғанда балаға күн көзі өтіп кетпеуін үнемі қадағалау қажет. Көлеңкеде болғанның өзіндеде нәзік терісі тез күйіп кетуі мүмкін.Сондықтан баскиім кигізіп,күн көзінде аз ғана уақыт жүргізіңіз. Күйіктің бірден емес бірнеше сағаттан кейін білінетінін есте сақтаңыз. Бала есейген сайын оның қоршаған ортаға қызығушылығы артады.Таңертеңгі серуен мезгілі сәбидің үйреншікті ұйықтау уақытына байланысты. Кей бала таңертеңгі астан кейін бірден ұйықтаса, кейбірі сағат 11-ден кейін жатады. Бұндайда баланы далаға шығарып ұйықтатуға болады.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!