Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Ұлттық киімді әшекейлеу


Сабақтың мазмұны. Сәбилерге декоративтік суретті әшекейлеуде өрнек түрлерін қолдана білуге, түстерді таңдай білуге үйрету. Нақыш, ирекше, сызықша өрнектерін өз беттерімен қолданып, сала білуге бауу. Балалардың бояумен жұмыс істеуге техникалық әдіс – тәсілдерін бекіту.көркемдік талғаммен суретке қызығушылығын арттырып, қазақ халқының өнерін сүюге тәрбиелеу.
Қазақ қызының ұлттық киімді, қылқалам, бояу түрлерін, су құйылған ыдыс, алжапқыш, сүрткіш, қоржын, әшекей бұйымдар пайдаланады.
Сабақ басталардан бұрын балаларға қазақ халқының ұлттық киімдері таныстырылды. Не үшін қажет екені түсіндіріліп, өрнектердің түрлерін айыра білуге дағдыландырылады.

ұлттық киіммен танысу.

Сабақтың барысы:
«Ұшты-ұшты» ойыны ойнатылады. Ұшатын, ұшпайтын заттарды айыра білуге, киімдердің не үшін қажет екені сәбилерден сұралады. Ойын ойналып болған соң.
Тәрбиеші:
– Балалар, сендер жәрмеңкеге барғыларың келе ме? – деп сұрайды.
Балалар:
– Барғымыз келеді.
– Ендеше жәрмеңкеге түйеге мініп барайық,-дейді.
Балаларға өрнегі бар карточка таратып, сол өрнекпен өз түйелеріне барып отырады. Тәрбиеші сәбилерден керуеннің нешеу екенін, бір қатарда неше түйе бар екенін сұрайды.
Керуен келе жатқанда «Көш керуен» күйі ойнап тұрады. Жәрмеікеге жеткен соң тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
– Айнұр, саған не ұнады?
– Маған көк бүрмелі көйлек ұнады.
Сатушыға келіп:
– Көйлегіңіз қанша тұрады деп сұрайды.
– Көйлек 6 сом 20 тиын тұрады.
Бұл кезде балалардың математикалық түсініктері, заттың өрнегін, түсін ажырата білуге үйретумақсаты көзделеді, жәрмеңкедегі әшекей бұйымдары, оюлар, тұрмысқа қажетті заттардың атын айтқызып, ұлттық киімдердің түрлерімен таныстырылады.
Жәрмеңкеден алған заттарын қоржындарына салып, керуен қайтып келе жатқанда, көшті тезек теріп жүрген Қарашаш тоқтатады:
– Уа, жолаушылар, қайдан келе жатырсыздар?
– Жәрмеңкеден.
– Не сатып алдыңдар?
Балалар сатып алған заттарын көрсетеді.
Қарашаш:
– Айнұрдың бүрмелі көк көйлегі, Салтанаттың камзолы, Жазираның моншағы қандай әдемі! Мен де алғым келеді.
Ауылға келген соғ балалар Қарашашқа өрнектерді көрсетеді.
Қарашаш:
– Бұл қандай өрнектер?-деп сұрайды.
«Кім өрнектерді дұрыс айтады?» ойыны ойналады
Қарашаш өрнектерді көріп отырып:
– Мен білсем бұл нүктеше,-дейді№
Балалар:
– Бұл ноқат,-деп түзейді.
Ойын кезінде Қарашашқа, балаларға өрнектердің атын түсіндіріп, шатастырмай айтуға үйрету. Ойыннан соң балалар сурет салуға кіріседі.оңнан солға қарай сурет салып отырған Қарашашқа, солдан оңға қарай салу керектігі түсіндіріледі. Сурет салу кезінде тәрбиеші өрнектердің техникасын тағы бір көрсетіп, балаларды жұмысқа жұмылдырады. Қылқаламды қалай ұстау керектігі түсіндіріледі.
Сурет сала отырып «Еркем-ай» әнінің әуенімен тәрбиешінің өзі құрастырған өлеңін айту.
Қазағымның оюын бізде іздеп, қарайық.
Оюменен өрнектің әдемісін табайық
Киіміне Қарашаштың бәріміз
Қылқаламмен өрнектерді салайық.
Қарашашқа қарайық,
Көңілін де табайық,
Киімін оның кигізіп,
Тойға ертіп барайық,-деп бәрі қосылып әндетеді.
Сурет салу аяқталға соң, жұмыс талданады. Ұлттық өрнекпен әшекейленген тақия, камзолдың суретін балалар Қарашашқа береді.
– Пай-пай, жақсы болды ғой! Кешке тойға киіп баратын болдым дейді Қарашаш.
Сабақ аяқталып, жақсы сурет салған балалар мадақталады.

Ұлттық салт-дәстүр түрлері.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • «Алтын сақа» ертегісінен музыкалық қойылым
  • «Әже» Фариза Оңғарсынова
  • Туған жерімді сүйемін
  • Менің сүйікті кейіпкерім
  • Қысқы орман

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Увалиева Жанна 26.08.2021 күні 22:23 уақытында

    Сабақта ұлттық киімдерді насихаттау, ойындарды дәрiптеу жақсы үйлестіріп жасалған екен. Маған ұнады.

    Жауап беру
  • Гулайша 20.08.2020 күні 04:03 уақытында

    Сабақ ұтымды құрастырылған. Тақырып бойынша тың мәлімет алған бала, бұл пиоцесті жалғастырып, өзін практика жағынан көрсете алады.

    Жауап беру
  • Газиза 28.10.2019 күні 15:46 уақытында

    Ұлттық дəстүрде өткізілген жақсы сценарий екен.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.