...

Үй жануарлары (технологиялық карта)

Ұйымдастырушылық  оқу қызметінің технологиялық картасы

Көктал орта мектебінің тәрбиешісі :Рахметова М

Білім беру саласы: Коммуникация

Кіші сала: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты:  Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары жайлытүсініктерін, ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Әңгімелеу арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркінғ әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойын арқылы сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілі: Жұмбақ шешу, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, интерактивті тақтадан көрсету.

Көрнекіліктер: Үй жануарлардың суреттері, интерактивті такта.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Үй жануарлары және олардың төлдері

Сабақтың барысы Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер

Сәлеметсіндерме балалар!

Амансын ба алтын күн

Амансын ба көк аспан

Амансындарма достарым

Сендерді көрсем қуанамын

-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?

— Қандай?

-Ал, қазір бізде қандай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қандай?

-Қыс мезгілінң ауа райы қандай болады?

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсындар?

Шаттық шеңберге тұрып амандасады, тірбиешімен қайталайды.

 

 

-Бір жылда 4 жыл мезгілі бар

-жаз, күз, қыс, көктем.

-қыс мезгілі

 

-3 ай бар

-желтоқсан, қаңтар, ақпан

— аяз, боран, жел, қар жауады.

— қар атыс, шанамен жүреміз, шаңғы мен коньки тебеміз.

Ұйымдастырушы-ізденуші -Балалар біздер қайда тұрамыз?

 

-Ауданның аты қалай?

-Ал сендер ауылға барғыларын келе ме?

-Ауылға немен баруға болады?

-Иә, әртүрлі көлікпен баруға болады екен, ал біз ауылға автобуспен барамыз.

-Балалар ауылға автобуспен бару үшін мен сендерге билет алып келдім.

1. Ауылға саяхат.

-Жолда көңілді болу үшін «Қошақаным» әнін айтайық.

-Міне балалар , біз ауылға келдік.. Ауылдың ауасы қандай таза, әдемі. Қане иіскеп терең тыныс алайық.

-Ауылда үй жануарлары тіршілік етеді.

-Қандай үй жануарларды білесіндер?

 

Тыңдап қарасақ олардың дыбыстары естіледі.

1.     Жануарлардың дауыстарын тыңдап, қай жануар екенін айтады, интерактивті тақтадан сол жануардың суреті шығады.

-Қане, мынау ненің суреті?

2.Жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріндерші.

 

1.Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар

 

2.Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар

 

3.Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы, сақалы бар

 

4. Өріске ерте өреді,

Біздерге сүт береді.

 

«Төлдерін ата» ойыны

-Балалар, үй жануарлардың төлдерін білесіндер ме?

-Қазір мен сендерге мынадай карточка беремін, сендер үй жануарлардың төлдерін тауып енесінің қасына қою керексіндер.

Екі баланы ортаға шығару

Сергіту сәті

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады

Бойын жазып, керіліп

Беті-қолын жуады

 

4. «Не артық?» ойыны ойналады

-Балалар сендердің алдарына үй жануарлары мен жабайы жануарлардың суреттерін беремін. Сендер үй жануарларды қызыл дөңгелекпен жабындар, ал жабайы жануарларды жасыл дөңгелекпен жабындар.

Үй жануарларды бір-екі сөзбен сипаттаңдар.

-Үй жануарлардан адамдарға қандай пайдасы бар?

Сиыр-сүт, қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, құртжасаймыз.

Жылқы- жүк тасиды, қымыз, ет, терісінен киім тігеміз.

Қой – жүнінен киім тоқиды, ет.

Ешкі- түбітінен киім тоқиды, ет.

Түйе-жүк тасиды, шұбат, жүнінен киім тоқиды, ет.

Ит-үйімізді, малымызды күзетеді.

Мысық- тышқан аулайды.

5. «Ненің көлеңкесі» ойыны

 

Ауданда

 

-Әулиекөл ауданында

-барғымыз келеді

 

-машинамен, автобуспен, поездбен

 

 

 

 

 

Автобусқа мініп отырады

 

 

Тыныс алу жаттығуын жасайды

 

 

 

-сиыр, қой, ешкі, жылқы, мысқ, ит, түйе.

 

Балалар жауп береді, әрі өарай жалғастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

-қой

 

 

-түйе

 

 

-ешкі

 

 

-сиыр

 

 

Ойын ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды

 

 

 

 

Ойын ойнайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ойнайды

Рефлексті-түзету кезеңі Енді балалар осы үй жануарларға айтылатын тыйым сөздер бар.

-Қане, тыйым сөздерді айтайық.

-Малды тебуге болмайды.

-Таяқпен маңдайына ұруға болмайды.

-Малдың сүтіне түкіруге болмайды.

-Ал, балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Қандай үй жануарларды білесіндер?

-Адамдарға қандай пайдасы бар?

-Үй жануарлардың төлдерін айтып беріндерші.

-Қане балалар ауылдан шығып , балабақшамызға барайық.

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Бүгінгі келген қонаққа

Сау болыңыз деп айтамыз

 

Күтілетін нәтиже: 

Білуі тиіс:Үй жануарларының аттарын.

Меңгеруі тиіс: Әр жануардың өзіне тән ерекшелігі мен бере пайдасын.

Үйренуі тиіс: Тақырыпқа сай жұмбақтар, әндер.

 

Тәрбиеші: Рахметова Мадина Тулендыевна

Мектепалды даярлық сынып.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебі»

   
Пікірлер7
  1. Гульмира

    Жаксы жоспарланған сабак . Балалардын түсініктеріне сай жазылған.Керемет

  2. Байталасова Данагул

    өте жақсы ашық сабағым жақсы өтетініне сенімдімін

  3. Сагила

    Жоспар жақсы жасалған екен. Керегімді таптым

  4. Тогаева Гулжайна Қайратқызы

    Жалпы жануар керемет қой. Мен үшін ең киелі жануар мысық. Себебі, біздің мұсылмандардың үйі мешітке кіруге рұқсат етілген жалғыз жануар. Тақырып керемет қойылған. Сценарий жақсы. Менің сізге алып қосарым бар. Бұл жерде жылқыны кеңірек айтсаңыз. Себебі, жылқы қазақ халқына киелі жануар. Ежелгі қазақ халқымыз жылқының етін жеп, терісін киім қылып, сүйегінен сабын жасап, керек десеңіз тезегін отқа жағып, жылу алған бұл таңғажайып нәрсе ғой. Осыны оқушыларыңызға кеңірек ұғындырсаңыз. Балалар білсе екен деймін.

  5. Куралай

    Балаларға сабақ өте түсінікті. Үй жануарлан ажыратуға жақсы ойындар ойнатқан. Өте жақсы.

  6. АРАЙЛЫМ

    Үй жануарлары тақырыбы жақсы құрылымы! Қалада өсіп жатқан балаларға түсінікті, қабылдауына ыңғайлы етіп құрылған!

  7. Фатима

    Балдарға үй жануарын ажырата білуде көп септігін тигізері анық. Әр жанауадың маңыздылығы мен адамға тигізер пайдасы анық түсіндірілген.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ