Қызыл телпек пен оның достары

Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыжаз орта мектебі жанындағы шағын орталық . Ертегі желісін құрастырған тәрбиешілер Орманова Құралай, Умбетжанова Нуржанат

Ертегілер елінде. «Қызыл телпек пен оның достары»
Шағын орталықтағы апталықтан үзінді.

Ортаңғы зал. Орман көрінісі. Шыршалар, гүлдер. Үйшік. Табиғаттағы үндер. Бақшада ата еңбектеніп жүреді. Үй ішінде апа дастархан жаса жүреді .

Жүргізуші:
Ерте ерте ерте екен, ешкі жүні бөрте екен. Қырғауыл жүні қызыл екен, балақ жүні ұзын екен. Сол кездерде орманда бір үйшікте ата мен апа тұрыпты. Үй маңында кішігірім бау-бақшасы болыпты. Ата күні бойы көкөніс, жемістерін баптап, күткенді ұнатады.
Әрине, атаның жасы келіп қалған, кейде шаршап та қалады.
Атасы:
-Апасы-ау, әдемілеп бауырсақ пісірші, дәмділеп шай ішейік , әлсіреп қалдым -ау , дейді.
Апа:
-Дұрыс айтасың, шалым, таңғы сауған сүтке, май қосып жұмсақтап бауырсақты пісіріп жіберейін»-деп апасы бауырсақ пісіруге дайындалады.
Орман табиғаты сондай керемет еді. Гүлдер жайнап өсіп, құстар сайрап, алуан-алуан көбелектер ұшып журген.
Атасы бақты суғарғанша , апасы бауырсақты пісіріп те үлгерді . Үйде қыздары бар еді.

қызыл телпек киген қыз.Апа:
-Қызым, дәмді бауырсақтан әжеңе апарып берші-дейді . Әжесі көрші ауылда туратын еді.
Қызы ең әдемі қызыл көйлегі мен қызыл телпегін киіп жолға шығады.
Әндетіп келе жатса алдынан қоян шығыды.
-Салем, сұлу қыз. Қайда бара жатырсың?
-Әжеме тәтті бауырсақ апара жатырмын.
-Мен де барайыншы, менде дәмді сәбіз бар, оны әжеңе апарайық.
-Сен маған өлең айтып берсең, апарамын
-жарайды/Қоянның өлеңі/
Екеуі келе жатса алдынан аю шығады.
-Салем , аю аға — дейді екеуі
-Сендер қайда бара жатырсыңдар?
-Әжеме, бауырсақ апара жатырмын.
-Мен де барайыншы, менде тәтті бал бар, әжеңе оны да апарайық
-Сен бізге өлең айтып берсең, апарамыз.
-жарайды /аю өлеңі/
Қорбаң –қорбаң басамын
Алты қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.

Үшеуі әндетіп келе жатқанда алдарынан қасқыр шығады
-Салем, Қызыл телпек, сендер қайда бара жатырсыңдар?
-Әжеме, қалын сұрауға.
-Мен әжеңе баратын қысқа жолды білемін. Сендер оң жақ жолмен бара беріңдер. Мен де сол жаққа бара жатырмын
Қасқыр басқа жолмен кетеді, әженің үйіне ертерек барып жеп қойғысы келеді.
Қызыл телпек достарымен келе жатқанда алдарынан түлкі шығады. —
-Бәрің жиналып қайда бара жатырсыңдар?
-Әжеме бауырсақ апара жатырмын, қалын сұрауға
-Ол қандай бауырсақ. Көрсетші
-Ой, қандай тәтті, дәмі мұрнымды жарып барады, қарным да шұрылдап барады. Ең болмаса иіскеп көрейінші.
Түлкі иіскей бергенде шыдамай жеп қояды.
Бәрі түлкіге ренжиді, «біз сені әжеге апармаймыз. Дос та болмаймыз»- деп кетіп қалады.
Түлкі өз ісінің дұрыс еместігін түсінеді, өкінеді. Доссыз қалғанына ….
Енді қалай кешірім сұрасам деп ойланады. Келе жатса алдынан қасқыр жолығады.
-Қасеке, асығып қайда бара жатырсың?
-Қызыл телпек барғанша әжесін жеп қойғым келеді.
-Олай етпе, қасқыр. Біз неге үнемі жамандық ойлаймыз. Біздің де жақсылық жасау қолымыздан келді ғой. Олар сондай көңілді. Мен олардан кешірім сұрап, қайтадан дос болғым келеді.
Екеуміз де әжеге арнап силық апарайық. Досың болмаған сондай жаман екен- дейді түлкі
-Дұрыс айтасың , түлкі. Менің де үнемі сүйкімсіз кейіпкер болғым келмейді. Менде бір қозы бар еді әжеге соны апарайық.
Екеуі қысқа жолмен әженің үйіне жетіп келеді. Қызыл телпектер де келген екен. Олар түлкіге ренжіп, сөйлескілері келмейді.
Түлкі
-Достар, кешіріңдер. Мен қатемді түсіндім. Міне қасқырды да ертіп келдім. Біз енді ешкімге жамандық жасамаймыз-дейді.
Қызыл телпек:
-Өз қатеңді мойындаған жақсы қасиет, біз сендерді кешіреміз.
-Достар, балалар түлкіні кешірейік-пе?

Сонымен бәрі достасып, көңілді әуенге ілесіп билей жөнеледі.

Олай болса, енді бәріміз әжемізге кіріп қалын сұрап, силығымызды берейік дейді.
Соңы.
Дастархан басында әжелерімен бірге тамақтанып отырады. Қалай дос болғандарын айтады.
-Балалар сендерде де әже бар ғой. Сендер оны қалай қуантар едіңдер?
-Кімге қай кейіпкер ұнады?
-Не үшін?
Құрметті әріптестер, сіздер не айтасыздар?

Қызыл телпекті қыздың саяхаты

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ