Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Үй жануарлары мен оның төлдері


Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Үй жануарлары мен оның төлдері

Мақсаты:Сөйлеу барысында үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін қолдана білулерін дамыту. Балаларға сөйлеу барысында зат есімдердің (үй жануарларының) топтарға қалай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

Көрнекілігі: Үй жануарлары  мен олардың төлдерінің суреттері. Олардан алынатын өнім түрлері т.б.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, сұрақ – жауап, ойын, сәйкестендіру, сөздік жұмысы, Бес жол өлең т.б.

Қоршаған ортамен таныстыру, балабақшада, Үй жануарлары , төлдері

Жүрісі:

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне жақсы тілектерін арнайды. Осы кезде топқа керуен келіп кіреді. Керуен басы жылқыға мінген, жетегінде түйелері бар. Керуен басы тәрбиешімен, балалармен амандасады.

Тәрбиеші керуен туралы түсінік береді.

Біздер қазір бір жерден екінші жерге бару үшін әр түрлі көліктерді: ұшақ,

кеме,  автомобиль  түрлерін пайдаланамыз. Ертеде техника жоқ кезде ата – бабаларымыз көлік ретінде түйе, жылқы, өгізді пайдаланған.Ел қыстаудан жайлауғакөшкенде, базарға барып зат әкелгенде жылқы және түйелерден құралған керуендермен жүрген.Түйелердің күші көп болғандықтан оларға ауыр жүк тиеуге болады.Түйе шөлге де төзімді келеді.Ал жылқы малы жүйрік келеді т.б мәліметтерді айту.Сұрақ – жауап арқылы жылқы мен түйе туралы, олардың төлдері , олардан алынатын өнімдер туралы әңгімелеу.

Картамен жұмыс: Түйе мен жылқының әрқайсысының тұсына төлдері мен олардан алынатын өнімдердің суретін тауып ілу.

Керуен басы: – Балалар, мен туралы мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын.Мен көшті ілгері (алға) жүргізу үшін сендерге тапсырмалар мен сұрақтар әкелдім.Сол тапсырмаларды орындап маған көмектесулеріңді сұраймын.

Балалар келіседі.

№1 Түйенің қоржынындағы тапсырма. Сурет құрастыру.

Жауабы: Сиыр.

– Балалар, ненің суреті шықты. Ол туралы не білеміз.Айтайықшы.

Жангүл: Сиыр пірі – Зеңгібаба,

Сиырға сүтті жетпес баға.

Сиыр барда өсіп – өнер,

Аққа тойып бала – шаға.

Сөздік жұмысы: Зеңгібаба – Сиыр малының пірі (атасы).

Ақ – сүт, айран, қаймақ.

Саят: Әукім, әукім, әукешім,

Қасиыншы әукесін.

Сүйсінсін маған сүйеніп

Қасы деп тағы әукесін.

Сиырдан алынатын өнімдер: сүт, қаймақ, ірімшік, май, айран, ет т.б. туралы айтып түсіндіру.

Картамен жұмыс: Сиыр суретінің тұсына төлі мен одан алынатын өнімдердің суретін тауып ілу.

Ерасыл:Балдан тәтті қаймақ,

Жегенім жоқ айлап.

Жүрген шығар сақтап,

Апам мені ойлап.

Несібелі: Май алады сүттен,

Құрт алады сүттен.

Сүт алады молырақ

Малын баптап күткен.

№2 Түйенің тапсырмасы: Жұмбақ  шешу.

Жұмбақ: 1.Терісі тон,

Жүні шапан.

Отарымен

Баққан атам.

Мінезімен

Көпке жаққан.

Шешуі: Қой.

Жұмбақ: 2. Бойы қойдай баяғы

Оның да төртеу аяғы.

Қос шырағы тағы бар

Маңдайда екі таяғы.

Шешуі:Ешкі.

Тәрбиеші қой мен ешкі малдары туралы балаларға түсінік береді және балалардан ол туралы не білетіндерін сұрайды.

Асылжан: Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың?!

Диана:        Мынау тұрған лақ,

Салпаңдаған құлақ.

Су ішетін жері

Сылдыраған бұлақ.

Керуен басы балалардың жауаптарына  риза болып, енді  керуеннің алға жүруге болатын айтады. Келесі түйе қоржынындағы сыйлықтарды (құрт, ірімшік т.б.) алып, жауаптары көңілінен шыққан балаларға тарту етеді. Қоштасып шығып кетеді.

Картамен жұмыс: Қой мен ешкінің суреті тұрған қатарға олардың төлдері мен өнімдерінің суретін ілу.

Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»

Шарты: Тәрбиеші түліктің атауын айтқанда балалар сол түліктің қалай  дыбыстайтынын тауып айтулары және дыбыстаулары керек. Мысалы: Түйе – боздайды т.б.

Сергіту.Қаражорға биі. Балалар  орындарынан тұрып, музыка ырғағымен би қимылдарын орындайды.

Дидактикалық ойын: «Адаспай тап».Сәйкестендіру тесті.

Шарты: Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосу, сәйкестендіру.

Қорытынды: Бес жол өлең.

1.Атауы (Зат есім): Үй жануарлары

2.Қайтеді?(Етістік): Төлдейді, көбейеді, дыбыстайды

3.Қандай? (Сын есім): Түсі, пішіні т.б.

4.Ойды білдіреді:Мал – баққандікі, отын шапқандікі

5.Синоним сөз:Мал.

Карта және суреттер бойыншаіс – әрекетті қорытындылау.

Қазақ халқы төрт түлік малды көлік ретінде мінді, тамақ есебінде етін, сүтін азық қылды. Жүні мен терісінен киім – кешек тігіп киді.Тұрмыстық бұйымдар жасап пайдаланғандығын айту арқылы бекіту.

Іс – әрекетке белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Үй жануарларын бір – бірінен ажырату және оларды жекеше және көпше түрде айта алуы.Төлдерін танып, жаттаған тақпақтарын айта  алуы.

Түсінуі: Жұмбақта айтылған ойды түсініп, шеше алуы, тапсырманы орындай білуі.

Қолдануы: Төрт түліктен алынатын  өнімдерді біліп, олардың қалай дыбыстайтынын білуі.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Геометриялық пішіндерді топтау
  • Дидактикалық ойындар жинағы
  • Тасбақаны бақылау
  • Мен және менің қалам
  • Сабақ «Ағаштар»

Пікірлер 13 Пікір қосу

  • Орынгүл 26.05.2021 күні 11:10 уақытында

    Еркетай ұжымына мың алғыс! кешегі үй жануарларының төлдері атты ашық сабағымды осы жоспар бойынша өткіздім.

    Жауап беру
  • Инкар 30.09.2020 күні 18:16 уақытында

    Жақсы жазылған материал.Рахмет улкен

    Жауап беру
  • Гулмира 08.05.2020 күні 23:12 уақытында

    Сабақты жақсы жоспарлаған маған ұнады

    Жауап беру
  • Гульбарам 30.03.2020 күні 16:37 уақытында

    Бұл сабақта «картамен жұмыс» деген бөлімі өте ұнады.

    Жауап беру
  • Акнур 26.01.2020 күні 01:41 уақытында

    материал түсінікті, нақты, көркем жазылған. үй жануарларының адам өімірінде алатын орны нақты айтылган. Тқрт түлік малды қастерлеп ұстағандығын. оның кисе киім, мінсе көлік, жесе азыө болатындығын балаларға ұғынықты тілмен жеткізілгендігі көрініп тұр. рахмет.

    Жауап беру
  • Актоты 25.10.2019 күні 00:44 уақытында

    Үй жануарларыың пайдасын және төлдерін ажырату, қалай дыбыстайтынын білу үшін балаларға қызықты дидактикалық ойындар, картамен жұмыстар, жұмбақтар жақсы пайданылған. Бұл оқу қызыметі мектепке дейінгі балаларға жақсы ұйымдастырылан.

    Жауап беру
  • Aidana 24.06.2019 күні 12:48 уақытында

    Сайтқа көп – көп рахмет,материалдар түсінікті әрі нақты.

    Жауап беру
  • Аслан 24.08.2016 күні 11:21 уақытында

    Толдери кайда???! Сайттын Аты толдер туралы. Ештене жок

    Жауап беру
  • фарида Қызылорда 13.02.2015 күні 09:29 уақытында

    өте тамаша! рахмет

    Жауап беру
  • Indira558802 07.02.2015 күні 17:28 уақытында

    құрылымы керемет

    Жауап беру
  • Жандос 02.11.2014 күні 11:22 уақытында

    сайтка рахмет

    Жауап беру
  • Айзада 11.03.2014 күні 00:55 уақытында

    сабақ ұнады сабақ мақсатына жетт деп ойлаймын

    Жауап беру
  • Дина 10.03.2014 күні 21:29 уақытында

    САЙТҚА көп-көп рахмет

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.