Тіл – татулық тірегі

Тақырыбы: «Тіл – татулық тірегі».

Мақсаты: Балаларды өз ана тілінде таза сөйлеуге, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу. Балалардың үш тұғырлы тілді мегеруіне бағдар беру. Ана тілді білу арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жұмбақ айту, әңгімелесу, мақал-мәтел, тақпақтар айту.

Көрнекіліктер: Елбасының, Астананың суреті, нақыл сөздер, видеоролик

Барысы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалады.

— Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Неге екенін білесіңдер ме? Себебі біз Тіл мерекесін тойлағалы жатырмыз. Бүгінгі ашық оқу қызметімізде Тіл мерекесіне арналмақ. Олай болса қазір біз шаттық шеңберін құру арқылы, көтеріңкі көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық.

Шаттық шеңбер.

Бұл жанды тіл – менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Жыры — қуат, сөзі – ана уызындай, Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

— Тамаша, орындарыа жайғаса қойыңдар.

тіл туралы сценарий

— Балалар, бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын мен сендерге бір жұмбақ жасырамын. Сендер сол жұмбақтың жауабын табу арқылы бүгінгі Тіл мерекесіне арналған тақырыбызды аша түсетін боласыңдар. Олай болса жұмбақты мұқият тыңдаңдар.

Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл мен тіс)

— Дұрыс айтасыңдар. Мінекей көрдіңдер ме жұмбақтың жауабы да бүгінгі тақырыбымызбен тығыз байланысты екен я.

— Балалар, айтыңдаршы біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Ұлтымыз қандай?

— Біз қай тілде сөйлейміз?

— Біздің ана тіліміз қай тіл?

(Балалар сұрақтарға жауап береді)

— Балалар, сендер білесіңдер ме біздің «Тіл туралы» Заң қашан қабылданғанын?

1989 жылы 22 ыркуйекте «Тіл туралы» Заңымыз қабылданды. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл туралы көптеген ғалымдарымыз, ақын-жазушылырымыз өз ойларын айтып кеткен болатын. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге қысқаша құлақ асайық.

1 слайд: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».

Ғ. Мұстафин.

2 слайд: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов. 3 слайд: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.

Әрине, әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

Тіл туралы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ойын тыңдап көрейік (видеоролик)

Мінекей, бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Балалар, бүгін біз Елбасымыз айтқандай 3 тұғырлы тілді тілге тиек ете отырып 3 тілде амандасып үйренеміз.

3 тілде амандасу.

Қазақ тілінде – Сәлеметсіз бе?

Орыс тілінде – Здраствуйте?

Ағылшын тілінде – Неllo?

Балалар, есік қағылған сияқты. Бізге біреулер қонаққа келген сияқты.(Балалардың назарын есікке аударады). 3елдің ұлт өкілдері кіреді де өздерін таныстырады.

Бибінұр: Менің атым – Бибінұр. Мен қазақ қызымын. Мен Қазақстанда туылғанмын. Менің отаным – Қазақстан.

Нарқыз: Меня зовут – Наркиз. Я русская. Я родился в Казахстане.

Айша: Неllo, im an English girl. My name is Aisha. My homeland from Kazakhstan

Ендеше, біздің елге қош келдіңіздер.

Қане, балалар, келген қонақтарымызбен 3 тілде амандасайықшы.

Сәлеметсіз бе?

Здраствуйте.

Неllo?

Тамаша, балалар. Ендеше қонақтар төрлетіңіздер. Бізде бүгін айтулы мерекеміз Тіл мерекемізді тойлап жатыр едік. Балаларымыздың тапқырлығын, ақылдылығын танып, сіздерде сол мерекеміздің куәсі болыңыздар.

Ал енді балалар, тіл туралы кім тақпақ біледі?

Әсемай

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Анам тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Берекет:

Өсірген ой, білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді

Жұлдызай

Ана тілің — арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте… Айша бибі

Ана тілім бал тілім Өзің барда шалқыдым Өз тілімде ән шырқап Термелетіп балқыдым

Нұртас

Тілім барда мақтанам. Тілім менің аппақ ән Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған.

Раяна

Ана тілді білмесем Шат-шадыман күлмес ем Жер бетінде сайраңдап Қазақ болып жүрмес ем

Жансезім

Ана тілің біліп қой Еркіндігің, теңдігің

Ана тілің біліп қой Мақтанышың, елдігің

— Тамаша, жарайсыңдар. Ал енді балалар орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын орындайық.

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған.

Мынау мені басым

Бәрін өзі басқарқан.

Мынау менің – оң қолым,

Мынау менің – сол қолым

Барлық істі атқарған

Жарайсыңдар, орындарыңа жайғасыңдар. Ал енді балалар, бүгін бізге қонақтар келіп қалған екен тіл туралы қандай мақал мәлел білетінімізді де айтсақ қалай қарайсыңдар. Қане кім мақал-мәтел біледі. Қонақтар бізге риза болып отырсын.

Айзере: Адам көңілден азады, тілден жазады

Айсұлтан: Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Жансая: Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

Т. Айару: Бал тамған тілден у да тамады

Аякөз: Өнер алды – қызыл тіл.

Қорытынды.

Мінекей балалар, Тіл – халықтың жаны демекші әр халық өз ана тілін ешқашан ұмытпауы тиіс. Ертеңгі болашағымыздың иесі сендер болғандықтан өзіміздің ана тіліміз – қазақ тілі екендігін естен шығармаңдар. Тілімізді қадірлеп, қастерлей білесіңдер деген ниетпен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз. Келген қонақтарымызбен қоштаспай әрі қарай өз өнерлерімізді көрсететін боламыз. Сендерге рақмет балалар.

Пікірлер64
  1. Гизела

    Портфолио керек

  2. Гульмира

    Сабак жүйелі курастырылган,жан- жакты ойластырылған . Өте жаксы унады

  3. Мадина

    Атадан бала мирас болып қалған мұра .Мұраға ие болатын өсіп келе жатқан біздің сәбилеріміз.Осындай оқу қызметі көптеп ұйымдастырылса балаларға берері мол деп ойлаймын. рахмет мақаланызға

  4. арайлым

    тіл алтын қазынамыз! маған ұнады

  5. Камшат

    Тіліміз атадан қалған алтын мұрамыз, оны балаларға жеткізу біздің міндет!!!

  6. Увалиева Жанна

    Сабақтың мақсаты, өрбуі өте жақсы жасалған. Тiл әр елдің қазынасы деп ойлаймын.

  7. Увалиева Жанна

    Сабақтың тақырыбы бойынша жарияланған еңбек өте жақсы өрбіген. Тақырып ашылды.

  8. Мерей

    материал маған ұнады

  9. Тогаева Гулжайна Қайратқызы

    Тіл- татулық тірегі. Қазақ тілі- бұл біздің егемендігіміз секілді. Жақында қазақ тілі — ең ірі 40 тілдің қатарына еніпті. Бұл үлкен жаңалық. Қазір тіпті,орыс, еврей, қарақалпақ, өзбек, қырғыз халықтарыда Қазақ тілінде емін-еркін сөйлей алады. Біз ағылшынша дұрыс сөйлей алмайтын шығармыз, бірақ өз тілімізді білгенімізгеде риза болуымыз керек. Жеті жұрттың тілін біл. Жеті түрлі ілім біл, деген екен атам қазақ. Тілімізді, дінімізді ақшаға сатылмайтын асыл қасиеттерімізді көзіміздің қарашығындай сақтайық халайық.

  10. Гулдана

    Өзге тілдің бәрір біл,өз тіліңді құрметте демекші уш тұғырлы тіл туралы да жақсы айтылған,алайда төл тілімізді,салт дәстццвүімізді дәріптеуге көмекші дайын құрал,рахмет сіздерге

  11. Аитжамал

    сабақ жоспары жақсы құрастырылған. сұрақтар мен ойындар балалардың таным дейін арттыратын ойлау қабілеттерін жақсартатын мақсатта жасалған. Әрбір педогог маман білу керек мағұлыматтармен қамтылған

  12. Аитжамал

    Жақсы тақырып сабақта осыны қарастырамын. Тіл мәселесі қашан да өзекті. Осылай балаларымызды тілді қастерлеуге кұрметті бойларына сіңірулеріне таптырмас мағлұмат болып табвлалады. Осындац такврвпта сабақтарвныз кобие берсін

  13. Айдана

    сабақ жосары жақсы құрастырылған. сұрақтар мен сауалдар жақсы қойылған

  14. Лаура

    Тіл- таусылмайтын алтын қазына. Ата- бабамыздан мұра боп қалған тіліміздің құдіретін бала бойын сіңіру әр педагогтің басты мақсаты. Ал, үштілділік- заман талабы. Сабақ ұнады.

  15. Жанерке Ертайқызы

    Сабақ жоспары жақсы жасалынған. тілдің артықшылығын айтып жеткізе алмаспыз

  16. Аяулым

    Өте керемет. Осындай мақалалар жиі жіберілсе. Еркетайдың ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін! Қазақ тілінде керемет дүниелер

  17. Камшат

    Балаларды тіл мәдениетіне үйрететін өте керемет сценарий екен

  18. Айдын Қанатқызы

    Еліміз аман жұртымыз тыныш болсым. Тәуелсіздік мәңгі болсын. Алла жар болсын

  19. Салтанат

    Тіл – халықтың жаны демекші әр халық өз ана тілін ешқашан ұмытпауы тиіс деп толықтай ашылып жазылған

  20. Гулайша

    Сабақ көз алдыма үлгілі сабақ болып өткендей сезілді. Балалардың үш тілде сөйлеуі де ұнап отыр.Балалардың тілге деген құрметі, сыйластығы арта түсетін сабақ.

  21. Замзагүл

    Өте жақсы сабақ екен. Балалар тілімізді қазірден бастап құрметтеу қажет!

  22. Нигина Алимова

    өте қызықты тақырып ұйымдастыруы керемет тақырып ашылды. бұл оқу қызметінде балаларда тілге деген құрмет сезімін оята білді деп ойлаймын.

  23. Тогжан

    Жарайсыз өте кушті үш тілде қызықты екен

  24. Лиза

    Өте қызықты тақырып! Балалардың патриоттық сезімін арттырып, сабаққа белсенділігін арттыратын тақырып.

  25. Жанат Булекова

    Тіл туралы тәрбие сағатыңызбен, балаларды қазақ тілін құрметтеуге, таризын ашуға көздегенсіз. Тәрбие сағатына менің қосарым, балаларды қызықтырып алып кететін тапсырма болса, мысалы өлең шығару, ұйқастарын өзіңіз беріп, балаларға өлең шығарту. Әдеби тілдерді пайдалану арқылы хат жазу. т. б

  26. Шынар Акылаевна

    Тіл туралы өте керемет жазылған. Қазіргі кезде көп адамдар тілді кұрметтеуді білмейді

  27. Куралай

    Сабақтың жоспарыда, барысы да жақсы жазылған маған ұнады. Көп рақмет.

  28. Аружан

    Тіл туралы сабақ маған қатты ұнады. Балаларды тілімізді құрметтеуге кішкентай кезінен бастап үйретуіміз керек. Сонда ғана балалар тіліміздің қадірін біліп өсетін болады. Балалар біздің болашағымыз.

  29. Гулмира

    Тіл туралы өте жақсы жазылған маған ұнады

  30. Айгерім

    өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте дегендей өз тілімізд қәдірлеп ашық тәрбие сағаттар өткізген өте дұрыс

  31. Нұржайна

    Тіл мерекесіне арналған оқу қызметі жүйелі түрде құрылған!Білім саласы қамтылған.Балаларға жеткізе алатындай.Жас ұрпаққа тілін құрметтеуге баулуымыз қажет

  32. Жансия

    Өте жақсы сабақ екен. Балалар тілімізді қазірден бастап құрметтеу қажет!

  33. АРАЙЛЫМ

    Тіл мерекесіне арналған оқу қызметі жүйелі түрде құрылған!Білім саласы қамтылған.Балаларға жеткізе алатындай.Жас ұрпаққа тілін құрметтеуге баулуымыз қажет

  34. Жанерке

    Қазіргі уақытта қазақ тілінің мәртебесі шүкір көтеріліп қалды. Балалармен тек қазақша сөйлесеміз. Басқа тілді мультик тағы қосымшалардан да тез үйреніп алады. Осындай мақалалар көп болса екен!!!!!!!!!!!

  35. Данагуль

    Өте жақсы жазылған сабақ жоспары екен!!!

  36. Нұра

    Казак тилинин мартебесин котеру, кашан да сиз бен биздин басты назарымызда! Ал сол тилимизди курметтеуди кадир касиетин жас урпакка тусиндиру биздин миндетимиз! Осы бир туынды оте ерекше асерли! Озге тилдин барин бил, Оз тилинди курметте!

  37. Айкенай

    Тіл туралы оқу қызметі маған ұнады. Оқу құрлымында үш тілдік қамтылған. Балаларда әр бала өз ұлттары туралы және сол тілде сөйлеу арқылы өткізілген сабақты түсінді деп ойлаймын. Сабақ барысында менің қосатыным дидактикалық ойын немесе әр ұлттардың ұлттық ойындарынан кішкене түсінік ретінде ойын көрсетуі керек еді.
    Әріптесімізге жұмысына табыс тілейміз.

  38. Загира

    Рахмет. Маган унады. Тилимизге деген курмет балабакшадан басталады. Мунда уш тугырлы тилди де камтып отипти. Дегенменен де мемлекеттік тилге илтипат ерекше орын алып тур. Ойын тури енгизилу керек деп ойлаймын , ар уйымдастырылган оку кызметине .

  39. Саркытханова Ажар

    Қазақ болғандықтан, әрбір қазақ баласы қазақша сөйлеп, ана тілін құрметтеу керек деп ойлаймын. Ана тіліміз қазіргі жағдай нашар. Еліміздің жалғасы болатын жас ұрпақ бойына отан сүйгіштікке баулуға арналған тамаша сыныптан тыс шара. Өзіме түртіп алдым.

  40. Ақмаржан

    Күшті. Мен өзбалаларымды тек қазақша сөйлетем. Қазақтың салт дәстүрін тілін үйрету бізге ата анаға парыз деп ойлаймын

  41. Әсем

    Бұл өте маңызды мәселе, балалардың тілдерді құрметтеуге тәрбиелік маңызы бар мақала деп санаймын!

  42. Айжамал

    Балаларға, ертеңгі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа осындай сабақтар арқылы тілді құрметтеуге үйретуіміз керек.

  43. Эльмира

    өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте

  44. Бахтыгуль

    Сабақты құрылымы өте жақсы жасалған. Слайды ұнады.

  45. Айгерім

    Оте жаксы ой козгалган.меніңше тіл жайлы білімділікті жаксы кеңінен тараткан.бізге осы кезде тіліміздің маңыздылыгы оте зор болып тұр.3тілді бала жастан миына сіңіріп өскен оте жаксы.іс шараның жоспары маган катты ұнады

  46. Айдарбайқызы Ақмарал

    Балаларымызға өз тілімізді, таза қазақ тілін үйрету керек. Білімді ұрпақ жарқын болашақ демекші, өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз сауатты, білімді, өз тілінде таза, еркін сөйлеп өскей! Мақала ұнады. Осындай мақалалар көп жазыла берсін. Еңбектеріңізге табыс иілейміз! Рахмет!!!

  47. Женис

    Қазіргі таңда осындай ашық сабақтардың көп болғандығы өте тиімді деп есептеймін. Балалардың заман ағымына сай үш тілді бірдей алып жүруі, жетік меңгеруі өте дұрыс.

  48. Арайлым

    Тіл туралы оқу қызметі өте керемет жазылған. Үш тілділік қазіргі таңда кеңінен қолданылып жатыр. Тілімізді дәріптеп жазған. Тақырып ашылған. Балаларға түсінікті.

  49. Айнагуль

    Тіл туралы жазылған тәрбие сағаты тартымды екен. Тіл туралы тақпақ, жұмбақтар өте жақсы. Осындай сабақ жоспарлары бола берсін.

  50. Аяжан

    Қазіргі таңда осындай ашық сабақтардың көп болғандығы өте тиімді деп есептеймін. Балалардың заман ағымына сай үш тілді бірдей алып жүруі, жетік меңгеруі өте дұрыс. Сол себептен де Қазақстанның болашағы жастар деп бекер айтылмаса керек.

  51. Алия

    Тіл қай кезде құдіретті. Біздің тіліміз алтын тіл. Маған ұнады

  52. Гулгул

    жаксы

  53. Карлыгаш

    Жарияланып отырған сабақ жоспары қазіргі таңда көкейтесті тақырыпқа айналған тіл мәселесіне сай келеді. Үш тілді қатар меңгеруге және ана тілін жетік меңгеруге септігі тиеді деп ойлаймын. Балалармен нәтижелі жұмыс жасау үшін көптеген әдіс-тәсілдер қолданылғаны көрініп тұр. Өте қызықты жоспар.

  54. Bekzada

    Сыныптан тыс іс — шара жоспары жақсы, мағыналы, ауұымды құрылған. Және де түсінікті. Мұғалімдерге көмек ретінде жақсы жоспар

  55. Райгүл

    Өте жақсы Құнды сабақтарды өткізу мұғалім ізденісі емес пе? Осындай сабақтар өте берсін

  56. Алмагул

    Тіл қай ұлттада ,қай елдеде қастерлі,құдіретті.Тіл тіршіліктің бастауы.Себебіадам баласы ес білгеннен бастап жаңа ұғымдарды тіл арқылы қабылдайды.Сондықтан тілімізді қастерлеп бағалап өтуге ат салысып жатқан ұстазымыздың тақырыбы өте тамаша,тәрбиелеп жатқан ұлт жанашырларыныз өркендеп өсе берсін.

  57. Омар Айзада Жолмұрзақызы

    кушти керемет

  58. Ильясова Азима

    Тіл мен сөз көңілдің айнасы.
    Адамға екі нәрсе тіректегі
    Бірі-тіл,бірі-ділің жүректегі Әрбір саналы,мәдениетті азаматқа ана тілңі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қәдірін білмеу мәдениетсіздік деп ойлаймын.

  59. Шаттық Мырзабековна

    Сыныптан тыс іс — шараның жоспары жақсы құрылған, дегенмен, орфографикалық қателер кездеседі екен. Үш тілділікті насихаттау, меңгерту және жүзеге асыру әрекеті сәтті. Іс — шараның жоспарын оқи отырып, өзім қатысып, тамашалап отырғандай әсерде отырмын. Еңбегіңіз жансын, шығармашылық табыстар тілеймін.

  60. Апайтөсова Бекзат

    Тіл алтын қазынамыз. Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте демекші, елбасымыз айтқандай 50 дамыған елдің қатарына ену үшін өз тіліңді ұмытпай өзге тілді де жетік меңгеру қажет. тілді құрметтеу, дәріптеуіміз керек. Ол жұмыс бастауыш сыныбынан басталады. Мен бастауыш сыныбының мұғалімі ретінде балаларға үнемі түсіндіріп, насихаттап отырамын.

  61. Апайтөсова Бекзат

    Тіл — халық қазынасы. Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте демекші 50 елдің қатарына кіру үшін 3 тұғырлы тілді меңгеру керек. Десекте өз ана тілімізді сыйлап, құрметтеу керек. Сабақтың мақсаты да соған құрылған. Бастауыш сыныбынан бастап осыны дәріптеуіміз керек. Ел болып бірігіп өз тілімізлді жоғары қойып, насихаттауымыз керек. Тіл өлмейтін алтын қазына.

  62. Асем

    Сабақтың тақырыбы қазірде өте маңызды мәселе болып келеді. Сондықтан тақырып маған ұнады және тақырып өте жақсы ашылған. Оқушыларға өте орынды,жақсы сұрақтар қойылған. Сабақта қолданылған көрнекіліктер өте жақсы. Келер ұрпаққа қажет,маңызды тақырып деп ойлаймын.

  63. Сания

    Сабақ жоспары жақсы жалған. Иә, әрине тіл таусылмас қазына. Балаларға, ертеңгі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа осындай сабақтар арқылы тілді құрметтеуге үйретуіміз керек.

  64. Сәуле

    Тіл туралы оқу қызметі маған ұнады.Себебі тақырып толық ашылған, пән аралық байланыс сақталған, ақпараттық технологияны да дұрыс қолданған. Тіл әр елдің мақтанышы.Атадан бала мирас болып қалған мұра .Мұраға ие болатын өсіп келе жатқан біздің сәбилеріміз.Осындай оқу қызметі көптеп ұйымдастырылса балаларға берері мол деп ойлаймын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ