Технологиялық карта
Білім беру салалары: «Денсаулық», «Таным».
Бөлімі: Қауіпсіз мінез – құлық негіздері, валеология
Тақырыбы: Күн, ауа, су – біздің достарымыз.
Мақсаты: Күн, ауа, су, — табиғат сыйы және олардың маңызы туралы білімдерін кеңейту. Судың денсаулыққа пайдасы жайлы түсінік беру, ойларын дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға және тазалығын сақтау қажеттіліге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Әліппе – дәптер.
Сөздік жұмыс: ауа, су.
Билингвальді компонент: күн – солнце, ауа – воздух, су – вода.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің кезеңдері Педагогтің басқару іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық — қозғаушылық Шаттық шеңбері
Сәндетіп даламыз,
Сәулетті қаламыз,
Сәулеңмен құлпырды,
Сәлем Күн – анамыз! Балалар шаттық шеңберін орындап, өлең жолдарын бірге қайталайды.
Ұйыдастырушылық ізденістік Әңгімелесу:
– Күн, ауа, су табиғат сыйы екенін түсіндіру. Күн – жер бетіндегі тіршілік көзі. Адамдар, өсімдіктер, жануарлар жарық, жылуды күннен алады. Сондықтан бүкіл тіршілік атаулыға күнсіз өмір жоқ. Бірақ күнге тік қарауға, ұзақ күюге, баскиімсіз жүруге болмайтынын ескерту. Бөлмедегі гүлдердің неге терезе алдында тұрғандығына назар аударту.
Жұмбақ жасыру:
Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен,
Құйсаң шығар гүл өсіп,
Қатады қыста сіресіп,
(Су)
Тыныштық сәті:
Денелерін бос ұстап, өздерін өзен жағасында деп сезінеді. Судың шуылы құлақтарына естіледі. Күн қатты ыстық. Су денелеріңді жеңілдетіп, өздеріңді жақсы сезінесіңдер. Судың адам өміріндегі қажеттілігі туралы айту. Сусыз тамақ піспейді, тазалық та болмайды. Сусыз барлық тіршілік өмір сүре алмайды. Жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Су – түссіз, мөлдір.
Билингвальді компонент:
Күн – солнце, ауа – воздух, су – вода.
Тәжірибе:
1.Екі стақанға су құйып, оның біреуіне бояғыш салу. Екі стақанға қандай да бір затты саламыз. Бояғыш салмаған стақандағы судан зат көрініп тұрады, яғни мөлдір. Ал бояғыш салынған стақандағы судан зат көрінбейді.
2. Су құйылған екі стақанның біреуіне тұз саламыз. Енді екі стақанға да жұмыртқа салсақ, тұзы жоқ стақандағы суда жұмыртқа түбіне батып кетеді.
Судың пайдасы, сонымен қаар суды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамаса, адам денсаулығына қатерлі болатындығы түсіндіріледі.
Әліппе – дәптермен жұмыс:
Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Ауаға байланысты мынадай тәжірибе жасайды.
1.Парақты жерге тастасақ, ұшып, яғни жерге қалықтап барып түседі.
2. Шарды үрлеу, содан соң оның ішіндегі ауаны сыртқа шығару.
3. Мұрандарын жабу. Дем алуы қиын екенін түсінеді.
– Балалар, сонымен ауаны қолмен ұстай алмаймыз, өйткені ол көзге көрінбейді.
Оның түсі, дәмі болмайды. Таза ауа болу үшін өсімдіктерді көп отырғызып, бөлмені желдетіп тұру қажет. Біз таза ауамен тыныс аламыз.
Балалар күн, ауа, сусыз тіршілік жоқ екенін түсінеді.
Жұмбақтың шешуін табады.
Педагогті тыңдайды.
Қайталайды:
– Күн – солнце,
ауа – воздух,
су – вода.
Тәжірибені бақылап қарайды.
Берілген тапсырмаларды орындайды.
Балалар тәжірибелерді қызығушылықпен орындайды.
Рефлекциялық – түзетушілік Педагог қорытынды жасайды.
Тіршілік не үшін қажет? Балалар сұраққа жауап береді.
Күтілетін нәтижелер:
Орындайды: Күн, ауа, су барлық жерде бар екендігін анықтау үшін тәжірибе жұмысын педагогтің көмегімен.
Түсінеді: тіршілік үшін таза ауаның, судың күннің қажет екенін.
Қолданады: қоршаған орта мен табиғатқа қамқоршы болуды, бірін – бірі тыңдауды, өз пікірін білдіруді.