«Еркетай» сәбилер балабақшасы Коммуналды Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын
Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік ересектер тобында
Тақырыбы: «Сүйікті Отанымыз – Қазакстан»!
Дайындаған тәрбиеші: Бектурсунова Сагадат Ергалыевна
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы
Сүйікті Отанымыз – Қазакстан (слайд)
«Қазақстан» әуенімен балалар залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қадырлы қонақтар бүгін бізге үлкен мейрам – отанымыздың тәуелсіздік күні. Өз халқыммен бірге ғұмыр кешу ол мереке деген қазақ халқының нақыл сөзі бар. 1991 жылы 16-шы желтоқсанда қазақ халқы өзінің егемендігін жариялап, дербестікке талпынды. Биыл қазақстандықтар егеменді еліміздің мерей тойын атап өтуде. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Әнұран орындалады. (Слайд)
Балалардың тақпақтары.
3 бала айтады
Ән: «Біздің отан»
4 бала тақпақ айтады.
(балалар орындыққа отырады)
залға күй ырғагымен қолында домбырасы бар Күнкей кіреді:
Мен сұлу Күнкеймін
Дауысым менің бұлбұлдай
Домбырамды қолға алсам,
Жадырайды Жер-Анам.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Күнкей! Бізге келгенің қандай жақсы болды.
Сенен ерекше бір жылылық сезіледі. Ал бізде бүгін үлкен мереке – ҚР Тәуелсіздік күні.
Күнкей: Ия, бұл мереке жайында мен де көп естідім, ал сендер не білесіңдер?!
Жүргізуші: Әр мемлекеттің белгісі болады. Бұл белгілерді рәміздер дейміз.
Қанекей балалар ҚР рәміздерін атаңдаршы?!
Балалар: Елтаңба, Ту, Әнұран. (Слайд)
Елтаңба туралы тақпақ: 2 бала
Ту туралы тақпақ: 2 бала
Ән: «Елтаңбасы елімнің»
Жарайсыңдар балалар! Мемлекетіміздің рәміздерін жақсы біледі екенсіңдер. Ал осы біздің елбасымыз кім?
Балалар: Н.Ә. Назарбаев (слайдта Н.Ә.Назарбаевтың ант қабылдау бейнесі көрсетіледі)
Жүргізуші: 1992 жылы 4-ші маусымда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып, «Қасиетті ту желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!»- деген.
1 бала елбасы туралы өлең оқиды. (слайд)
Балалардың назарын Күнкей экранға аударады: Балалар мынау қандай қала таныдыңдар ма?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Отанымыздың жүрегі тәуелсіздігіміздің тірегі астана-қазақстанның жаңа бейнесі, жарық келбеті. Дүние жүзіндегі астаналардың ішіндегі ең жас қала – Астана.
Астана жайлы 3 бала өлең оқиды.
Күнкей: Ал тағы Қазақстанның қандай үлкен қалаларын білесіңдер?
Балалар: Алматы, Қарағанды, Ақтау, Атырау…..
Күнкей: Жарайсыңдар
Жүргізуші: Қазір балалардың орындалуында Қазақстан қалаларының тұсау кесері өтеді. («Презентация городов»)
(Слайд қазақстанның табиғаты»)
Жүргізуші: Қазақ жері – кең байтақ, ұлан – ғайыр дала. Оның табиғаты
Алуан түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, көл де, шөл де, аймақ та бар.
Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар көптен кездеседі.
Ал келесі балалардың орындайтын әсем әні де осы жайында.
«Қазақстан» әні
(слайд қазақстан өзендері, судың сылдыр дыбысы естіледі)
Күнкей: Балалар, судың сылдырын естіп тұрсыңдар ма? бұл көлдегі судың дыбысы ғой. Сендер білесіңдер ме қазақстанда 5 мыңнан артық көл бар екен. Олардың суы таза, мөлдір қанша ішсең де шөлің қанбайды. Ал сендер суда жүзетін қандай құстарды білесіңдер?
Балалар: аққу, қаз, үйрек……
Күнкей: Киелі құс деп қандай құсты атайды?
Балалар: Аққу.
«Аққу» биі.
Күнкей: Мен білемін балалардың бәрінен де ойын ойнауды жақсы көретіндерің. Ал сендер ұлттық ойындарды білесіңдер ме?
Жүргізуші: Білеміз, ойнап көрсетеміз.
- «Киіз үй» ойыны
- «Шапшаң жігіт» ойыны
Күнкей: Тамаша! Ұлттық ойынды ойнадық, ал енді қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?
Балалар: домбыра, қобыз, асатаяқ, жетіген, сыбызғы т.б.
Күнкей: Жарайсыңдар ал осы домбыра аспаббында кім ойнай алады?
«Кішкентай домбырашылар ансамблі»
Күй: «Түркімен»
Күнкей: Отанымыз туралы көп біледі екенсіңдер, ал мақал – мәтел білесіңдер ме?
(балалар мақал-мәтел айтады)
Жүргізуші: Би «Отан»
Күнкей: Ал, балалар осындай керемет ертеңгіліктеріне көптен көп рахмет, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, сендердің шаттық күлкілерің жиылмасын, еліміздің қалаулы үлкен азаматы болыңдар! Ал енді мен кетейін, сау болыңдар!
Жүргізуші: Рахмет, Күнкей сау бол! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.
Рахмет!
Жақсы мақала .Ұнады.