Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Шегіртке мен Құмырсқа


Сабақтың тақырыбы: Шегіртке  мен Құмырсқа

Сабақтың мақсаты:  Мысал мазмұнын түсіндіру. Автор туралы мағлұмат беру. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді танып, баға беруге үйрету.

 

Ашық сабақ, Шегіртке мен Құмырсқа, Еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге,жақсы қасиеттерге тәрбиелеуСабақтың міндеттері:

                                     Білімділік: Мысалдағы жіндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам

бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді танып,баға беруді үйрену.

                                     Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге,жақсы

қасиеттерге тәрбиелеу.

                                     Дамытушылық: Мысалды талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе

білу дағдылырын дамыту. Оқушылырдың шығармашылық қасиеттерін

шыңдау.

Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап,ой қозғау,топтастыру,әңгімелеу.Венн диаграммасы.Инсерт әдісі.

Сабақтың көрнекіліктері: А.Құнанбаев, И.В. Крылов суреті. Шегіртке мен құмырсқаның макеті. Интерактивті тақта. Оқулық,бор.дәптер, үлестірмелі карточка.

Сабақтың  барысы: Оқушылардың назарын сабаққа  аудару.

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Қайырлы күн, қонақтар

Қайырлы күн, достым,

Ашық аспан болсын!

Бейсенбінің күні, сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

ІІ.Үй тапсырмасы тексеру.

Доп лақтыру ойыны арқылы ойналады.

1.Жазушы қысқы Нұра өзенін қалай суреттеген?

2.Эдуард қандай бала?

3.Эдуарттың ұлты кім?

4.Достық туралы мақал айт.

5.Досын құтқару кезінде оның қандай қасиеттері байқалды?

6.Қауіпті жағдайда Эдуард жылап қашса немесе қорқақтық жасаса,баланың жағдайы не болар еді?

7.Эдуардтың анасы туралы не айтуға болады?

Балалардың басты қатесіне болды деп ойлайсың?

Балаларға қандай ескерту ереже айтар едіңдер?

ІІІ.Үй тапсырмасын  бекіту,бағалау.

 

ІV . Жаңа сабақ

Биік болсын біздің санамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер білім көп оқып,

Біздер өсіп толамыз.

VI.Қызығушылығын  ояту.

1.Ине бел,қылқа мойын,қара батыр.

Қара тауды арқалап бара жатыр. Бұл не?  (құмырсқа)

2.Ат басты,арқар мүйізді,бөрі кеуделі, бөкен санды, қос қанатты, құмырсқа ізді,бота тірсекті.

(шегіртке)…

-Кейіпкерлері жан-жануарлар болатын шығарманың түрін қалай атаймыз?

Мысал.

Мысал дегеніміз-адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез-құлқын жан-жануарлардың іс-әрекеттерімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.

-Мысал арқылы бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуымыз керек.

VІ.Мағынаны тану

Ал бүгінгі сабағымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма?

Бүгінгі күннің жадын және сабақ тақырыбын  жазамыз.

abaj__f1370498412_640x480

 

Балалар мына суретке қарай қояйық кім екенін білеміз бе?

Қане кім айтады Абай кім болған? Ақын, кемеңгер, данышпан,сазгер,

Абай Құнанбаев жиырма екінші тамызда.мың сегіз жүз қырық бесінші жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген –  мың тоғыз жүз төртінші жылы бесінші  шілдеде 59 жасында  қайтыс болған.

 

Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген

. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы сазгер, аудармашы. Ол орыс жазушыларының шығармаларын аударған.

Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда  Абай Құнанбаевтың аудармашылығына тоқталамыз «Шегіртке мен құмырсқа»мысал өлеңімен танысамыз .Бұл өлеңді ақын орыс жазушысы Иван Крыловтан аударған.

image001

 

Иван Андреевич Крылов – белгілі орыс жазушысы, мысалшы,журналист, академик . И. А. Крылов 13 ақпанда 1769 жылы Мәскеуде  офицердің отбасында дүниеге келген.

Өлеңмен таныспас бұрын құмырсқа мен шегіртке туралы не білесіңдер.Соны қағазға жаза қойыңдар.

  Құмырсқа  Шегіртке

Жарайсыңдар балалар, енді өлеңмен танысайық мен мәнерлеп оқимын сендер жақсылап тыңдап отырыңдар.

1.Құмырсқаның  орнында болсаңдар,сендер не істер едіңдер?

2.Шегіртке мен құмырсқа бейнелері арқылы адамдардың қандай қасиеттерін көріп,байқауымызға болады?

3.Біздің ортамызда немесе өмірде сендерге сондай адамдар кездесті ме?

VІІ. Оқулықпен жұмыс

shegirtke

Сұрақ жауап арқылы талдау жүмысы

1.Шегіртке жазды қалай өткізді?

2.Шегірткенің жазды күні жағдайы қалай болды?

3.Ол құмырсқаға неге келді?

Шегірткені ақын қандай адамға теңейді?

Құмырсқаны ше?

ІХ.Қорытынды: Топтасып ой қорыту. Ойлау  қалпағы

Ойынның мақсаты балаларға  өз беттерімен сақты қорытға мүмкіндік беру.

Ақ  қалпақ.  Мысал  мазмұнын баяндап айт.

Сары қалпақ  Шегірткенің  рахат өмірі туралы айт.

Жасыл қалпақ Құмырсқаның шегірткені үйіне

Көк  қалпақ  Шегіртке мен құмырсқа қандай мінез құлықтарды байқауға болады?

Қара қалпақ- Шегіртке мен құмырсқаның жаман жағымсыз мінез-құлықтары туралы айт

«Инсерт»әдісі.

 Не білемін ?

Не білдім ?

Не білгім келеді?

 

Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер?

Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті» мақалының мағынасын сұрау. Олай болса Абай атамыз айтқандай, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп еңбекті сүю керек екен.

Х.Бағалау. Үйге тапсырма беру,Өлеңді рольге бөліп оқу.Құмырсқа мен шегірткенің  суретін салып келу

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ел қорғауға әзірміз
  • Ұлттық киімді әшекейлеу
  • Әуе шарларының саяхаты
  • Жаңа жыл кешінде
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымы

Пікірлер 14 Пікір қосу

  • Жанар 06.08.2021 күні 20:40 уақытында

    Қанша жыл өтсе де, берер тәлімі мол аударма…

    Жауап беру
  • Ира 03.08.2021 күні 15:29 уақытында

    Өз басым алары көп деп ойлаймын.Керемет жазылған.

    Жауап беру
  • Сауле 16.10.2020 күні 22:11 уақытында

    Сабақтың тәрбиелік мәні зор.

    Жауап беру
  • Лаура 08.10.2020 күні 16:43 уақытында

    Сабақтың тәрбиелік ролі үлкен. Өз қоржынымызға аларымыз көп. Оқушыларды ойландыратын сәттері көп екен

    Жауап беру
  • Аманкелді Жайлыханұлы 18.02.2020 күні 09:27 уақытында

    Балаларға айтары бар тақырып болып саналады.Сол себепті әдебиеттік оқу пәніне өте қажетті материал деп қараймын.

    Жауап беру
  • Аманкелді 01.01.2019 күні 14:22 уақытында

    Шегіртке мен құмырсқа мысалы тек балаларға ғана емес ересектерге де тәлім тәрбиесі мол туынды, сондықтан да тәрбиелік мәнді
    ашық сабаққа осы мысалды алу ұтымды, әрі балаларға да түніндіру жеңілірек

    Жауап беру
  • Гульжихан 17.12.2018 күні 17:08 уақытында

    Шегіртке мен құмырсқа ашық сабағы жақсы деп баға беруге болады . Жаңа сабақ проблемалық сұрақтан басталып, оқушыларды ойландыруға жетелейді. осылайша балаларға жәндік тірлігінен де дам бойындағы қасиетті көре білуге жетелейді. «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы тапсырма түрі тереңдетілген. Қосарым «Инсерт» әдісінде Не білемін? сұрағына жауап сабақтың басында жүргізіледі. Әрине не білемін сабақтың басында жүргізілген, бірақ «Инсерт» әдісі екендігі көрсетілмеген

    Жауап беру
  • Гулдана 21.12.2014 күні 17:49 уақытында

    Сабағыңыз ұнады. Слайдтары бар ма

    Жауап беру
  • Меруерт 18.12.2014 күні 23:23 уақытында

    сабақ ұнады

    Жауап беру
  • Меруерт 18.12.2014 күні 22:14 уақытында

    сайтқа тіркелуге көмектесіңідерші , ошибка болып жатыр

    Жауап беру
  • Меруерт 18.12.2014 күні 20:09 уақытында

    Салеметсыздер ме? мен сайтқа тіркеле алмай жатырмын. Ошибка деп шығады…Не ыстеймын?

    Жауап беру
  • Меруерт 18.12.2014 күні 19:04 уақытында

    Салеметсыздер ме? Керекты мақаламды қалай жүктеп алам?

    Жауап беру
  • Толқын 28.04.2014 күні 17:14 уақытында

    Сәлеметсиз! Мен осы сайтка тіркелгім келген, бирак дурыс болмай жатыр. Көмектесіп жібересіздер ма?

    Жауап беру
    • Erketai 28.04.2014 күні 18:29 уақытында

      Салем! Сайтқа тіркелу үшін сайттың астыңғы бөлігіндегі «Сайтқа тіркелу» батырмасын басыңыз!

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.