Педагог, тәрбиешілердің тиімді қолданатын тәрбие әдістері

Мектепке дейінгі мекемеде, яғни балабақшадағы негізгі бала тәрбиелеуші, оқытушы – тәрбиеші, педагогтар. Олар қай кезде болмасын, режимдік процестерде, таңғы жаттығуларда, оқу іс-әрекеті барысында, түрлі ойындарда, сонымен қатар, оқу іс-әрекетінен тыс уақытта да өздерінің қолданатын әдіс-тәсілдері сан алуан болып келеді. Ал, әдіс-тәсілдердің туындауына арқау болған себеп: балаларды дұрыс бағындыра алу, зейіндерін аударту. Жалпы тәрбие әдісі – балалардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері ретінде саналады. Тиімді әдістер ата-аналармен, жалпы педагогтармен байланыста, олармен жақсы тәжірибе алмасу барысында жинақталатыны белгілі.

тәрбие әдістері, тәрбиешілердің әдістері , тәрбиешілер қолданатын әдістер

Сипатына қарай тәрбие әдістері мынадай түрде топтастырылған: сендіру, жаттықтыру, мадақтау, жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету. Және де бұл әдістерді күнделікті қолдану қажет етіледі. Бұл әдістерді уақытында қолданып, нәтижелі болса, бала бойына адамгершілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекетіне үнемі бақылау жасау арқылы өзін-өзі бақылауын ұйымдастыру және өз-өзіне баға бере білуге дағдыландырған жөн. Жалпы, тәрбие тәсілдері – әдістің негізгі бір бөлігі іспетті.

         Соның ішінде бағалау тәсілі арқылы балалардың қимыл іс-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп-бағыттарып айқындауға, өз еңбек, жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйрене бастайды. Тәрбиеге жалпы көзқарасты қалыптастыру мақсатында пеадгогтардың жұмысы отбасымен ынтымақтастық орнатуға бағытталуы тиіс. Ата-ана өз балаларының тәрбиесіне және дамуына жауапты және педагогтар да оқытуына, білім нәрімен сусындатуына міндетті тұлғалар.

Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілер қолданатын осы бірнеше  әдістер арқылы бала бойына көптеген жақсы қасиет-дағдылар белгісін жинақтап, сапалы түрде ұлғайта түсуіне әбден болады. Сонда біздің еліміздің келешек ұрпақтары тәрбиелі де мәдениетті, білімді ұрпаққа айналары сөзсіз.

Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі,
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Өтегенова Әйгерім Жаналықызы

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер7
  1. Гулнора

    Жақсы болды өзіме керекті барлық деректерді ала білдім .Өте тамаша сайт

  2. Самал

    Біз секілді балабақшада жасайтын тәрбиешілерге керек ақпарат екен

  3. Акбота

    Сəлеметсіз бе!
    Тəрбиешілер арасында жаңартылған оқу бағдарламасы «Зерек жобасы» бойынша қандай шебер сынып (мастер класс) немесе тəжрибемен бөлісу т.б. өткізуге болады

  4. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    Бұл «Педагог, тәрбиешлердің тиімді қолданатын тәрбие әдістері» атты мақала маған ұнады. Мақаладан өзіме азық ала алдым деп айтуыма болады. Өте тамаша жазылған! Бұл мақаланы жас мамандарға оқуға кеңес беремін. Мақалада тәрбие әдістерінің көптеген түрі туралы жақсы айтылған. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ. Балаларымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, олар Қазақстанның саналы да салауатты ұрпағы боларына кәміл сенемін.

  5. Шолпан

    рахмет

  6. laila

    салем сурагым макала авторы Айгеримге мектеппен калай байланыс жумыстарын жургізесіз.Қандай стандарттпен журесіз.

  7. Баян

    Оте тамаша тагы да коптеген кызыкты ангиме такпактар керек толыктыр кажет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ