балабақша циклограммасы

Отбасы мен шағын орталықтың ынтымақтастығы

«Ата – анамен шағын орталықтың ынтымақтастығы»
семинар — треннингі.
Мақсаты: тәрбиешілермен ата – аналарарсындағы өзара қарым қатынасын жақсарту, ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу.
Қажетті құралдар: лента, ақ парақ, түрлі түсті қарындаштар.
1. «Танысу» жаттығуы.
2. «Көңіл күй» жаттығуы.
3. «Бала мен үшін қандай» жаттығуы.
4. «Сұрақ – жауап» жаттығуы.
5. «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы.
6. «Тілек шамы» жаттығуы.
Семинар тренинг Барысы:
1. «Танысу» жаттығу. Ата – аналар ортаға шығып, шеңбер болып дөңгелеп тұрады. Лентаны ұстап аты жөндерін айтып, мамандығының бала тәрбиесіне ықпалы қандай екенін айту.
— Міне осындай достықта, татулықта, бірлікте, лентадай берік болайық.
2. «Көңіл күй» жаттығу. Әр бір ата – анаға ақ бет үлестіріледі. Ақ беттен жұлу арқылы үй құрастырады. Үйді бояйды.
Сары – төмен деңгейде көңіл күй.
Сәбіз түстес – орташа деңгейде көңіл күй.
Қызыл – жоғары деңгейде көңіл күй.
3. «Бала мен үшін қандай» жаттығуы. Анасы салған үйдің – шатыры, терезесі және есігі болуы керек.Үйдің бір жеріне ата – анасы өзіңнің баласының есімін жазу керек.Шатырға салса – баласын өзінен жоғары санайды, терезеге – бірдей, есікке – өзін жоғары ал баласы төмен санайды.
4. «Сұрақ – жауап» жаттығуы.
1) «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
2) «Анамның үйі – ақ жайлау» дегенді қалай түсінесіңдер?

5. «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы. Ата – аналар қағазға салынған үйдің артына сөйлемді аяқтап жазады.
Сәби бақыты, ол –
Әйлел бақыты, ол –
Ер азамат бақыты, ол –
6. «Тілек шамы» жаттығуы. Бір біріне жағылған шамды жалғастырып, жылы лебіз айту.

Loading...
Бағасын беріңіз
( Пока оценок нет )
Пікірлер2
  1. Айгерим

    Ата аналармен шағын орталықтың ынтымақтастығы тәрбиешілерге байлынысты. Ата ана мен тәрбиші тығыз байланыста болса баланы тәрбиелеу жеңіл болады деп білемін.

  2. Арай

    Тәрбие отбасынан бастау алады. Ата аналармен қарым қатынасты нығайту керек. осындай шаралар өткізілсе жақсы емеспа.

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ