Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Наурыз – жыл басы


Білім беру саласы: Қатынас
Кіші сала:Тіл дамыту
Тақырыбы: Наурыз – жыл басы

Мақсаты:Балалардың жыл мезгілдері туралы түсінігін, Наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту.Халықтық салт – дәстүрді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі:Киіз үй, ұлттық ою – өрнектермен әсемделген сырмақ, сандық, құрақ көрпе, қоржын, торсық, жозы, ұлттық тағамдар, Алтыбақант.б бұйымдар.
Әдіс – тәсілдері: Көрсету, сұрақ – жауап

Жүрісі:
Шаттық шеңбері:
Жарқырап бүгін атты күн,
Шашып бізге шапағын.
Тілеймін сіздерге ақ таңның
Қуанышын, шаттығын.
наурыз сценарий, Наурыз – жыл басы, наурыз тәрбие сағаты, балабақшада

Тәрбиешi: -Балалар, терезеден күн нұрын төгіп тұр екен. Күн көзінен қуат алып, бір – бірімізге ыстық лебіздерімізді арнайық.
Топқа Тазша бала келіп кіреді. Тәрбиешімен, балалармен амандасады.
Тәрбиеші балалардан Тазша бала туралы сұрап, таныстырады.

Тазша: — Балалар, елге көктем келді, Наурыз мерекесі жақындады.Наурыз – жыл басы ретінде тойланады. Қазақ халқы наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп есептейді. Бір – біріне жақсылық тілеп, «Ақ мол болсын», «Ұлыс оң болсын» деп тілек айтады. Наурыз мерекесі туралы сендер не білесіңдер?
Әмір: Наурыз тойы – тамаша,
Наурыз тойы – жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Назым:Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне.

Тазша: — Бәрекелді, балалар! Ал, енді мен сендерді ауладағы киіз үйге шақырамын, менімен бірге жүріңдер.
Тәрбиеші мен балалар Тазшаға ілесіп киіз үйге барады.Есік алдында балабақша қызметекрлері қарсы алып, бәрінің қолдарын алып, құшақтасып көріседі.

«Ұлыс оң болсын», «Ақ мол болсын», «Наурыз мерекесі құтты болсын» т.б. тілектерін айтады.
Тәрбиеші «Көрісу» дәстүрі туралы түсінік береді.Қыстан аман шыққан халық бір – бірімен құшақтасып көрісетін дәстүр ел ішінде әліде сақталған.
Балаларды үстел басына жайғастыру. Наурыз көжеден дәм тату.

Әжейдің әңгімесі: «Наурыз көже».
Наурыз көже Наурыз мерекесінде дайындалатын негізгі тағам.Оған жеті түрлі дәм қосылады. Бидай, ет, тұз, сүт, бұршақ, сары май, құрт немесе айран қосылады.«Жеті» қасиетті сан.

Жұмада жеті шелпек пісіріледі. Жауыннан кейін шығатын кемпірқосақ та жеті түстен тұрады.Аптаның күндері де жеті күн. Осы жеті күнді айтып бере алатын бала бар ма?

Балалардың жауабы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі.
Айкөркем:Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүт пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.

Тазша: — Балалар, Наурыз туралы көп біледі екенсіңдер.Наурыз көжеден дәм таттық, енді сырттағы ойын – сауықты көруге шығайық.
Тәрбиеші мен балалар тысқа шығады.
Тәрбиеші: — Наурыз мерекесінің сәні ұлттық ойындар. Сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Балалар: — «Бәйге», «Алтыбақан», «Арқан тартыс», «Қыз қуу», асық ойындары, «Көкпар» т.б.
Олай болса сендер екі топқа бөліне қойыңдар. «Арқан тартыс» ойынын ойнаймыз.

Қимылды ойын: «Арқан тартыс».

Тәрбиеші: — Мынау біздің күндегі ойнайтын әткеншегімізге ұқсас «Алты бақан» ойыны. Бұны да ойнап көрелік.Бұл ойынның ерекшелігі «Алты бақан» тепкен адам өлең айтып тербеледі.Балалар «Алты бақан» теуіп, «Наурыз думан» әнін орындайды.
Балалардың қасына «Қыдыр ата» келеді. Балалар атаймен амандасады. Атай бата береді.
Бата:
Уа, құдайым, оңдасын,
Еш жамандық болмасын.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қыдыр баба қолдасын,
Аман сақтап мал басын,
Еккен егін солмасын.
Балалар Тазша, «Қыдыр ата» және басқалармен қоштасып, топқа келеді.
Қорытынды:Іс – әрекет барысындағы көрген – білгендерін әңгімелеп,Наурыз мерекесінің мәні, онда жасалатын жөн – жоралғылар туралы айтып, сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

 

ttt

Бағалау: Балалар өз көңіл күйлеріне сәйкес келетін жапсырмаларды (смайлик) тақтадағы өз ұяшықтарына жапсырады.
Нәтиже:
Білуі:Жыл мезгілдері, көктем туралы түсініктері бар.
Түсінуі:Наурыз мерекесінде орындалатын жөн – жоралғылар туралы түсініктері қалыптасты.
Үйренуі:Наурыз көженің жеті түрлі дәмнен дайындалатынын білді.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қош келдің Жаңа жыл! (балабақшада өткен ертеңгілік сценарийі)
  • Сергіту жаттығулары
  • Өзін-өзі басқару
  • БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭТНОСТЫҚ ӨЗІНДІК САНАСЫ
  • «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

комментария 15 Пікір қосу

  • Риза 13.10.2021 в 14:47

    Наурыз- мерекесіне дайын ақпарат екен.Рахмет сізге

    Ответить
  • Асел 27.04.2020 в 15:52

    Наурыз жыл басына тамаша ұйымдастырлған іс-шара деп ойлаймын, шығаршылық табыс тілеймін

    Ответить
  • Жанар 04.03.2020 в 14:23

    Наурыз мерекесіне ізденістер көбейіп кетті бұл сайтқа келіп осындай қажетті мақалаларды алғаныма қуаныштымын жұмыстарыңызға тек табыс тілеймін

    Ответить
  • Инкар 25.01.2020 в 13:01

    Қазірден бастап Наурыз мейрамына дайындалып ,қарап жатырмыз.Көп рахмет,осы сайттан керектінің бәрін табамыз

    Ответить
  • Жаныл 23.01.2020 в 17:40

    Өте керемет. Өзіме керекті деген мәліметті алдым.

    Ответить
  • Жаныл 23.01.2020 в 17:33

    Наурыз мерекесінің қарсаңында жақсы табылған сценарий болды.

    Ответить
  • Бибігүл 25.11.2019 в 22:55

    Наурыз – жыл басы атты керемет тақырыпта менде осындай шара ұйымдастырғалы жатыр едңм өте керемет іздегенім осы сайттан таптым үлкен рахмет. бәрі өз ретімен орындалған мағынасы кең

    Ответить
  • Бахтыгуль 03.07.2019 в 17:38

    Өте жақсы жазылған. Өзіме керекті деген жерін алдым. Рақмет.

    Ответить
  • Мадина 18.03.2014 в 10:34

    cіздің мақаларыңыз маған ұнады

    Ответить
  • erdos 17.03.2014 в 03:01

    осы макаланы калай алсам болады екен

    Ответить
  • Бектас 13.03.2014 в 12:12

    Ұнады!!

    Ответить
  • Анелья 12.03.2014 в 19:29

    jaksy

    Ответить
  • Тоты 11.03.2014 в 16:39

    cіздердің мақалаларыңыз маған ұнады.

    Ответить
  • Dinka 11.03.2014 в 10:31

    көп рахмет! маған ұнады.

    Ответить
  • Utegenova 09.03.2014 в 12:28

    Көп-көп рахмет!

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.