Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін

«Жақсы бала — жанған шырақ» Халық мақалы

«Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген принціпті ұстанған ұстаз болу ұлы арман, десе де болашақта мен арқылы, менің ұстаздарым мақтана алатындай сонымен қатар шәкірттерім меннен алған білмдерін өмір жорлында пайдалана алса екен деймін.
Ендігі кезекте мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін. Неге?

Себебі мен алыстан арбалап отырмайын осынау көз көргенімнен бастасам. Жалпы ұстаз қауымы сол ұлағатты ұстаз, ұлы тұлға әр бір шәкірттің көшбасшысы болса деймін. Бірақ кей жағдайда ұстаздарда алалау мен басқа оқушылардан қалыспай кейбір ертегілердегі жағымсыз кейіпкер тәрізді мысалы күлше қыздағы өгей ана мен әпкелері тәрізді ұстаздар болады.

Бұл ұстаздардың арқасында жасық, жасқаншақ, өз ойын ашып білдіруден аулақ балалар тәрбиеленіп шығады.
Кейде байқасам сыныпта ең –ең бұзық, ең –ең нашар деген оқушыларды құлағым шалады да сыныпқа кіргенде әлгі оқушыны бірден бақлауға аламын. Тым қаталдық пен өктемдікті ұстанатын болсақ бірнеше баланың қаһарына ұшырап қана қоймай жүрегін жаралаймыз. Сондықтан баламен жұмыс барысында оны сізге ата –анасы сеніммен әкеліп тапсырдыма ендігі кезек сізде.

Қазіргі заманда ешбір баланы авториталлық қарым –қатынас стильінде бағындыру мүмкін емес одан да қызықтырып ол баланың сынып ішінде түсіп қалған беделін көтеру арқылы және кошбасшылық қызметін атқарту арқылы балаға жауапкершілік сезімін жүктеу керек. Оны өзіңізге жақын тартып оң қолыңыздай қажеттілікке жаратуыңыз керек. Мектептегі 9 айлық тәжірибемде кездесті 5 –сынып оқушысы не дәптер , не оқушы портфолиосы жоқ келетін еді сабаққа.

Бірден тәсілге көшуді жөн көрдім оның үстіне жұмыстағы бірінші жылым. Өзін –өзі тану пәнінде әдеттегіше топқа бөлінді топ басшыларды өзім тағайындадым бұл жолы бәрі күлді, оқушыларды тынышталдырып Досымжан бүгіннен бастап топбасшыларыңыз, ендеше бойындағы жақсы қасиеттерді айтуға шақырдым.

Сөйтсем әлгі оқушым өте бір жақсы суретші, ақкөңіл, достарына адал, тіпті жанындағы досында автобусқа тиыны болмай қалса оны мен бірге жаяу жүріп кетуге дайын сондай ізгі ниетті оқушы болып шықты келесі апта да топбасшым дәптер, өзіндік тапсырмалар орындалған оқушы портфолиосы мен келіп әбден қуанып қалдым. (Әрине енді толық болмасада солай талпынысының өзі мен үшін үлкен жетістік болды.)

бала тәрбиесі туралы

Міне сол кезде менің есіме ескі танысым оралды. Ол бірде маған өзінің оқиғасын қысқаша айтып берген еді. 5 –сыныпта болса керек ата –анамыз туралы жазған шығармасын бүкіл сыныптарға оқытып жүрді. Өзі оқып мені үлгі қылды сол сәтте мен жауапкершілікпен маған жүктелген үлкен үміт керуенін құлатып алмауға аманаттай қарауға дағдыландым.

Себебі оған дейін мен басқа мектеп тіпті қаладан келген оқушы болғандықтан жаңа ортаға оның үстіне өте бір тентек сыныпқа түсіп кеттім үйренісіп кету ол бір қиын болды. Енді ол кезде кейбір апайлар болды манағы күлше қыздың анасындай сынап не мектептен безіп кетуге шақ қалатынмын сонда ойлағам мен ұстаз болсам барлық оқушыны бір деңгейде ұстаймын олар түсінбесе бірнеше рет қайталаудан жалықпаймын деп. Қазір мен 10 жастағы құрбымның арманын жүзеге асырудамын сабақ уақытында ұстаз сабақтан тыс уақытта апа, сырлас дос, қамқоршы, кеңесші бола алам оқушыларыма.

Ұстаз болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сол талапқа сай болу ол парызың, міндетің деп білу керек. Ешқашан көпке топырақ шашпаймын дегенмен бір қарын майды бір құмалақ шіртеді деген бар емеспе? Сондықтан Ұстаз жолын таңдап сол жолда адал қызмет еткің келсе ешқашан білем деме , оқы ,оқы және оқы.

Құрметті ұстаздар жай тұрған күрішке барып сен жамансың, сен жамансың, қап қарасың деп талай күн айқайлап күрішті де қарайтып истендіріп жіберуге болатынын эксперемент арқылы дәлелдеген. Оның жанында кеудесінде жаны бар алдыңызға келген әппақ парақтай таза жүректі балаларға тек ізгілікпен , жақсылықты, жаны жайсаң, көкірегі ояу азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп жарқын еліміздің болашақ дүниенің кетігін тауып кірпішін қалау өз қолымызда.

Шұғлалы ұстаз болып шәкіртеріңіз нұр шашып тұрса ол үлкен жетістік!

   
Пікірлер1
  1. Молдир

    Өте жақсы тақырыпта жазылған пікір екен. Толық келісемін

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ