Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Балалардың дүниетанымын қалыптастыру тәсілдері


Бүгінгі қоғам саясаты дамыған мемлекеттер қатарына енудің негізгі жолы – жас ұрпақтың білімді, саналы, бәсекеге қаблегп тұлға болуын талап етіп отыр. Осындай аса жауапты міндеттің баянды болуы мектеп жасына дейінгі шақтан яғни балабакша табалдырығынан басталатыны белгілі. Сондықтанда балабақшада оқыту және тәрбиелеу мэселелері дамыта оқыту мақсатын көздей отырып балалардың дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.

Әрбір ғылым мен оқу пэнінің негізгі мақсаты логикалык бірізділікпен дамитын ұғымдар жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды айналамен таныстыру сабағын оқытудағы міндет – олардың қоршаған орта, табиғат-туралы қарапаиым түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымдыж ұғымдарын «Адам – қоғам – табиғат» дүниенің үш үлкен бірлігі арқылы, олардың өзара байланысын күнделікті, жүйелі жұмыс жүргізу арқылы дамытуды көздейді

Бұл жағдайда білімді игерудің бірінші кезеңі жеке табиғат құбылыстарын немесе деректерін қабылдау болып табылады. Қабылдау баланың сезім анализаторлары арқылы жүзеге асып. танымға ұласады. Қоршаған дүниені білу танымға байланысты [20].
Дүниетанымның қалыптасуына адам, қоғам, табиғат туралы білімдер тірек болады. Адам, қоғам, табигат – біртұтас дүние. Адам – қоғам – табиғат арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын балалар мектепке дейінгі кезеңнен бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр.
Дүниетану – «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып – білу керектігін анықтауымыз керек. Балаларға танытқалы отырғанымыз – дүние. Сол дүниені танып -білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние – қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып – білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
balalar-dunietanimiАйналамен таныстыру сабағында балаларға тәрбиеші тапсырма береді. Нәтижесінде балалардың санасында объектінің немесе табиғат құбылысының сыртқы түрі туралы алғашқы түсінік туады.
Түсінік балалардың санасында көрнекі бейнелер түрінде туады және нақтылы сипатта болады, бірақ бүл бейнелер қарапайым қабылдауға қарағанда біршама жалпылама түрде болады.
Айналамен таныстыру сабағында дүниетанымдық ұғымдар биологиялық, географиялық болып бөлініп, мазмұны бойынша қарапайым және қүрделі, көлемі бойынша жеке және жалпы ұғымды қалыптастырады.
Балабақшаның оқыту – тәрбие үрдісінде балалардын алғашқы ғылыми дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастыруда айналамен таныстыру сабағымен қатар математика, тіл дамыту, бейнелеу өнері, еңбек т.б. сабақтардың да орны ерекше. Сондықтан да айналамен таныстыру сабағы пән аралық байланысты сақтап, кіріктіре оқыту мақсатын көздейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымдық ұғымдар жүйесін қалыптастыруда биологиялық, географиялық ұғымдар ғана емес математикалык (жазық, шар, сызық, кеңістік, көлем т.б.), химиялық (заттың күрамы, қасиеті, маңызы т.б.), физикалық ( салмағы, қозғалысы. жарық, жылу, жылдамдық т.б.), астрономиялық (теңелу, ғарыш, жүлдыздар, Жер, Күн, Ай т.б.), анатомия – физиологиялық (адам агзасы, қаңқа, жүрек, жүйке, тыныс, өкпе, ас қорту мүшелері т.б.) алғашқы қарапайым түсініктер де беріледі.
Бұл алғашқы қарапайым дүниетанымдық ұғымдар жүйесі балалардың білім дәрежесін, дүниеге көзқарасын жетілдіріп. кеңейтіп, дамытып отырады. Мектеп жасында дейінгі балалардын алғашқы ғылыми дүниетанымдық ұғымдарының қалыптасу жолы өте күрделі, ұзақ психологиялық процес.
Айналамен таныстыру сабақтарында жүмыстың әр түрлі әдіс -тәсілдерін қолдану, балалардың бұрыннан бар түсініктерін пайдалану, түрліше көрнекі құралдар қолдану тәрбиешіге жалпы табиғат туралы ұғымдарын қалыптастыруға көмегін тигізеді Дүниетанымдық ұғымдардыц қалыптасуында тәрбиешінін баяндауының белгілі жүйеде болуының үлкен мәні бар. Жүйелілік оқу процесінің барлық кезеңінде сақталуы керек.
Тәрбиешінің жүйелі әңгімесінде көрнекілік үлкен орын алады: балалар көрнекілікті көріп қабылдаудан қорытуға, ұғым құруға оңай барады.
Көрнекі кұралдар тек жеке нақтылы заттардың түсініктері мен бейнелерін туғызу үшін ғана емес, сонымен бірге ұғымды қалыптастыру үшін бастапқы материал ретінде де пайдаланады. Балалардың бақылаулары, көрген фильімі, тыңдаған әңгіме, оқиғалары, кітаптар бойынша жүргізілген әңгіме балалардың бағдарламалық материалды саналы түрде игеруіне көмектеседі. Бақылау балалардың табиғат, қоршаған орта туралы ұғымдарыи қалыптастырады. Бақылауды ұйымдастыруда объектінің негізгі ерекшеліктерін байқауға, мүқият ұғып алуға, бақылауға бағыттаймыз.
Тәрбиеші заттар мен құбылыстардың негізгі белгілері мен қасиеттерін таныстыруда әңгімеге жауапты қарауы керек. Балалардың тек есте сақтауын ғана талап ететін және бағдарламалық материалды саналы түрде емес, тек механикалық игеруін көрсететін сүрақтар қоймауы керек. Сұрақ балаларды ойландыратын өз ойымен бақылағанын байланыстыратындай болуы керек. Мысалы, сұрақтарды былай қоюға болмайды: Табиғат деген не? Жыл мезгілдері деп нені айтады? т.б. Алдымен балаларға илюстрациялардан, картинадан, суреттен табиғаттың бейнесін, суретін көрсету керек. Содан. кейін табиғат деп нені айтатынын сұрауға болады. Балаларға сілтеме сүрақтар мен шұбалаңқы сүрақтар қоюға болмайды, өйткені олар балалардың табиғат құбылыстарының мазмүлып түсінетіндігін айқындамайды, қайта оларды түсінбей жаттап алуға итермелейді.
Жалпы ұғымдарды қалыптастыру жұмысын жүргізе отырып, тәрбиеші балалардыц өз білімдерін қолдана білуіне көңіл бөлуі керек.
Естиярлар тобынан бастап балалар белме өсімдіктерін күтуді үйренеді. Оларда әрбір өсімдікке өсіп – өнуге қолайлы жағдайлар: жақсы топырақ, жеткілікті мөлшерде ылғал, жарық, жылу керек деген ұғым қалыптасады. Бөлме әсімдіктерін күту арқыпы балалар топырақты дұрыс қопсытуды, өсімдіктерге су қүюды, ірі жапырақтарды ылғалды шүберекпен сүртуді, өсімдіктерге тыңайтқыш дәрі себуді үйренеді. Тәрбиеші бірінші кезекте мұны барлық бала дүрыс жасай ала ма екен, соны тексеріп, жалпы үгымдарды сабақта және сабақтан тыс уақытта практикалық іс -әрекетпен байланыстыра қол жеткізеді.
Түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруда тиянақты жұмыс жүргізе отырып, ұғымдардың мазмұнын жете түсінуге көз жеткізу керек, өйткені тек осындай білімдер ғана сенімге айнала алады. Балалардың табиғат объектілерін мақсатты қабылдауын ұйымдастырудың маңызды шарты оны көрсетуді тәрбиешшің түсіндіруімен ұштастыру керек. Көрсету әдісі табиғатга немесе кинофильм, телехабар қою, суреттер көрсету, тәжірибе уақытында затгық сабақта өтуі мүмкін. Жұмыстың мұңдай әдісі балалардың санасындағы сөз бен табиғат құбылысының немесе объектінің нақтылы бейнесі арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Тәрбиеші мүнан басқа балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын суреттер, коллекциялар мен гербарийлерден көрсете алуына және сол құбылыстың сипаты, негізгі белгілеріне тоқтай отырып әңгімелейді.
Айналамен таныстыру сабақтарында практикалық жұмыстар мен табиғаттағы бақылауларға сүйене отырып, балалардың кеңістік жайлы түсініктері мен қарапайым ұғымдарын қалыптастыру қажет.
Сонымен, балалардың ғылыми білімдерді берік игеруі және дүниетаным- дық ұғымдарының қалыптасуы қабылдау, түсініктер қалыптастыру, олардың мәнін ұғу арқылы өтеді.
Айналамен таныстыту сабағының негізгі мақсаты адам, қоғам, табиғат туралы қарапайым дүниетанымдық ұғым қалыптастыру. Сабақта жоспарланған тақырыптың мазмұны қоршаған орта туралы түсініктер мен ұғымдардың өзара байланыста, сабақтастықта, мазмұндық бірлестікте, кіріктіріле оқытуды көздейді. Сондықтанда бағдарламада жоспарланған сабақ тақырыптары әр топта қайталанып, мазмүлы толықтырылып, кеңейтіліп отырылады. Дүниетанымдық ұғымдардың балалардың есінде ұзақ сақталып, басқа да ұғымдармен толығуын қадағалап отыруы қажет.
Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады. Алайда бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланыңбаланың психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады. Мысалы, қолына түскен зат пен қимылдар жасағанда немес үлкендердің үйреткендін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ, бала бір әрекетімен –екінші әрекетті, бір затпен-екінші затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті символикалық сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілі бір функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда ойынның маңызы өте зор. Мектеп жасына дейінгі балаланың негізіг іс-әрекеті – ойын болып табылады

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қуыршақты серуенге киіндірейік
  • Күзгі табиғат
  • Туған күнге сыйлық
  • Сюжеттік сурет
  • Қысқы ойындар

Пікірлер 2 Пікір қосу

  • айдана 17.01.2015 күні 23:09 уақытында

    өте жаксы жазылган

    Жауап беру
  • Айгерим 08.12.2014 күні 22:02 уақытында

    өте жаксы екен

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.