Балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру

Бала мектепке дейінгі жылдарда күн сайын өзі үшін жаңа заттармен, құбылыстармен ұшырасады. Л. Н. Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық,қалған бүкіл өмірімде мен сонық жүзден біріне де ие болмаран шығар мын? Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жада туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық» деп жазды.

Алайда тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді: олар үстіртін, көбінесе жаңсақ болуы мүмкін. Бала «бұлтты — мақта», ал «жұлдыздарды электр шамдары» деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады. » К- И. Чуковскийдің «Екіден беске дейін» деген кітабында бала ақыл- ойының талапшылдығын дәлелдейтін көптеген балалардың сөйдеген сөздерін келтіреді.

kitap oku

Балалардық білім қорын дәйекті түрде ұлғайту, оларды ретке келтіру, нақтылау, жүйелеу тәрбиешінің міндеті болып табылады. Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, кейбір сапасы (түрі, көлемі, формасы) және қасиеттері (соғылу, сыну, үзілу, төгілу және т. б.) жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алуы керек. Сондай-ақ ол кейбір табиғат құбылыстары, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары (жыл мезгіліне тән белгілері және осы белгілердін өзара байланысы кейбір хайуанаттардың өздеріне тән ерекшеліктері жане олардың осы хайуанат-тардын өмір салтымен байланыстылығы) жайлы білім алады. Өлі табиғат құбылыстарын, өсімдіктердің, жәндіктердің, хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиеші балалардың бойында дүние жайлы ұғымдардың бастамасын қалыптастырады.
Мектепке дейінгі балаларды олар түсіне алатын қоғамдық құбылыс-тармен жәңе оқиғалармен: еліміздің астансы –Астанамен, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтің өмірімен, оның атқаратын қызметімен, елімізде болатын атулы мереке күндерімен таныстырады. Қоғамдық құбылыстармен, оқиғалармен танысу балалардың бойында еліміздін қоғамдық өміріне деген қызығушылыкты тәрбиелеуге, Отанға деген сүйіспенщілік сезімінің және интернационализм негіздерінің калыптасуына жәрдемдеседі .
Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында баланың дүниетанымын қалыптастырып, акыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел мектеп жасына дейінгі педагогика тарихына көз жіберетін болсақ, бұл мәселе қай кезеңде емір сүрген педагогтар болмасыи, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі болғандығын көрсетіп отыр. Тәлімгерлердің қайсысы болмасын өздерінің оқыту тәрбиелеу жүйесін жасау барысында, балаға қарапайым табиғат сырын 9ғындырудың қажеттілігін мойындай отырып, оның мазмұны мен көлемін анықтауға үлес қосқан.
Ғылыми жұмыстарға шолу жасап, табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдері ғалымдарының ебегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап-тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді.
Оның бастауы 20-30 жылдардан мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е. И. Водовозова (1913), Н. К. Крупская (1917), Е. И. Тихеева (1928), Л. К. Шлегердің (1930) педагогикалық еңбектері болған (30-35).
Ол кезеңдегі педагогика ғылымының бет бұрысы тәрбислей отырып оқыту бағытында болғандықтан, барлық білім балаға табиғат жайында ұғым беру ісіне негізделген. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру, оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды.
Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды .
Л. С. Выготский (1935) балабаша бағдарламасының жаңа талап бойынша қайта қаралып, құрылуына едәуір үлес қосты. Ғалымның тұжырымы бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек, себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байланысты болған жағдайда ғана баланың ақыл-ойының дамуы нәтижелі болатындығын көрсеткен.
Сондай-ақ аса көрнекті педагог В.А. Сухомлинский де өз тәжіри- бесінде баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында сәбиді жан-жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған. Әсіресе, «Балаға жүрек жылуы» атты еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп табалдырығын түңғыш аттаған күннен бастап, бастауыш мектепті бітіргенге дейін, өз тәрбиеленушілерін қоршаған ортаны танып, білу әлеміне ендіріп, ашық аспан аясында сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады.
В. А. Сухомлинский «Біз мұғалімдер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен — бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет»-дейді.
Сол кезеңдегі жүргізілген ғалымдардың педагогикалық-психо- логиялық зерттеулерінің көбі мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамыту үшін қоршаған орта, табиғат жайында жүйелі ұғым беру қажеттігін атап өтті.
Ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулер А. В. Запорожец, Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. А. Люблинская, В. И. Логинова, В. В. Давыдов.
Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл — ой тәрбиесі өте күрделі және жан-жақты құбылыс. Оның негізгі мектеп жасына дейінгі кезеңде қаланады. Себебі бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін ортасы ата-анасынан кейін сәби жасынан бастап үнемі танып білетіні қоршаған,орта, табиғат, оның заттары мен құбылыстары.
Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті балалармен жүргізілетін барлық педагогикалық процесстер, ақыл — ойын, тілін дамытуда пайдаланылатын ойындар, жұмбақ-мысалдар, әңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.
Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым ғылыми білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып олардың ой — өрісін, білім дәрежесінің деңгейін кеңейту, сана — сезім, таным, қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігінің қалыптастыру қажеттігін баса айтады ғалымдар.
Дегенмен қазірге кезде балалардың даму деңгейін, білуге, білімге ынталы екендігін педагогикалық психология саласындағы зерттеулер дәлелдеп отыр. Сол себепті балалардың теориялық ойлау операцияларын дамыту, олардың белгілі бір объектінің ішкі сырын ұғынып, оның себеп-салдарын, заңды байланыстырып таба білуге, қарапайым логикалық ой-қорытындыларын жасауға үйрету, баланың психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктерін барлық жағыннан дамыту, сезім, таным, ерік әрекетій жетілдіру мектептегі оқу ісіне, ой еңбегіне дайындау, тәрбиелей отырып, қарапайым білім негіздерін меңгерту, дамыта отыру ісіне баса көңіл бөлген.
Ол үшін бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алу қажет деген мәселені А. П. Усова, А. В. Запорожец, Н. Н. Поддъяковтар өздерінің ғылыми зерттеулерінде көтереді.
Сондай-ақ бүл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі С. А. Веретенникова, Н. Ф. Виноградовалар болды.
А. П. Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі теорияға бөліп қарады, біріншісі-қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнделікті ойын, еңбек іс-әрекеттерінде бақылау арқылы жүргізіледі. Екіншісі — балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйымдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуі де бір-бірімен байланысты жүргізіліуі керек. Бұлайша берілген білім нақты жүйелендІрілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланысты адамдар өмірінде болатын өзгерістер мен олардыңіс-әрекеті жайында, шынайы түсінікті қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болады деп көрсеткен.
«Умственное воспитание детей в процессе ознакомления с природой» атты еңбегінде Н. Ф. Виноградова баланың ақыл-ойын, тілін дамыту мәселесіне өте үлкен мән берген. Ол мектеп жасына дейінгі баланың ойының және тілінің дамуы қоршаған ортаны табиғатты қабылдауына, бала тілінің жетілгендігі ақыл-ойдың даму нәтижесінен туындайды және тіл мен ой байланысты. Сондықтан да балабақшада тіл дамыту ісін табиғатпен таныстырумен байланыстырып бақылау, серуен, топсеруен кездерінде жүзеге асыруды ұсынды.
Н.Н.Поддъяковтың психологиялық зерттелуінде баланың логикалық ойының дамуы заттар мен табиғи құбылыстарды тікелей ұстау, сезіну, көру әрекетіне байланысты екендігі көрсетілген.
Баланың мектепке жүйелі білім алуға жан-жақты әзір болуы үшін психолог ғалымдардың пікірінше оның сөздік қоры, сөйлем құру мүмкіндігі, сапалы ойлау қабілеті дамыған, нақтырақ айтқанда логикалық ойлану дағдысы жетіле бастаған болуы керек. Мұндай қабілеттердің біртіндеп қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайлардың бірі — балалараға өзін қоршаған орта, табиғи заттар мен құбылыстар туралы ғылыми ұғым беру деп көрсетті: Н.Н.Поддъяков, Л.А.Венгер, С.Н.Николаева .
Атақты психолог Л.С.Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде де баланы мектепке даярлау мәселесіне ерекше назар аударған. 5-6 жаста балалар табиғаттағы заттардың қайдан, қалай пайда болғандығына қызықтай қарап, олардың өсіп, дамуы жөнінде алған білімдері мен өздігінше бақылағандарын байланыстыра ой қорытындыларын жасауға тарасады. Себебі бұл шақта баланың көрнекі-бейнелік ойлау қабілеті жетіліп, логикалық ойдың алғашқы элементтері қалыптаса бастайды. Бала жеке заттарды және табиғат құбылыстарын біліп қана қоймай, олардың себептерін түсінуге тырысып, үлкендерге жиі сұрақтар қояды дейді.
Қазақстан Республикасында мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесінің жайына тоқталсақ.
Жоғарыда көрсетілгендей республика көлемнде, мектеп жасына дейінгі табиғат туралы жүйелі ұғым бару мәселесі түбегейлі зерттелмеген. Дегенмен де, педагогика және психология ғылымары мәселелерімен шүғылданушы ғалымдардың қандай да зерттеу жұмыстары болмасын, табиғат қа көңіл аудармай қойған емес. Бірақ, қазақ балабақшаларына арналған тыңғылықты әдістемелік-оқу құралдары, бағдарлама болған жоқ, болса да оның өзі санаулы 60-70 жылдардан бастап — ақ қолға алынды. Ш.Ахметов пен Қ.Шоназаровтың 1959 жылы жарық көрген «Мектеп жасына дейінгілерге арналған оқу кітабы» сол кезде қазақ балабақшалары үшін тиімді құралдардың бірі болды .
Онда мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстыруда қолданылатын үлгі әңгіме, ертегі, санамақ, ойын негіздері енгізілген. Кітап, «Ыбырай Алтынсарин», «Абай Құнанбаев», «Спандияр Көбеев», шығармаларымен таныстыру, «Дала аңдары мен жануарлары», «Жыл мезгілдері» тағы да басқа балаларды қоршаған дүниемен, табиғатпен таныстыруға арналған бөлімдерінен тұрады.
Сол кезде, балабақшаларда балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі құралдарының бірі — «Жыл он екі ай» кітабы болды. — «Жыл он екі ай» кітабы 1965 жылдан бастап, алғаш М. Гумеровтың, сосын А. Асылбеков, кейін әр түрлі авторлардың құрастыруымен жыл сайын жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбе. Кітап мектептің төменгі класс оқушыларына арналған, онда балалар қазақ жазушыларының жаңа әңгімелерімен, өлең-жырларымен танысады. Жинақталған әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар «Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз» атты бөлімдерге топтастырылған. Талай жылдардан бері жарық көріп келе жатқан бұл әдеби күнтізбеде табиғат құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында, түсінік қазақ балаларының ақыл-ойын, тілін дамыту мақсатында сәби қызығарлықтай етіп, кестелі тілмен шешен суреттеліп жазылған.
Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселелеріне арналған Б.Баймұратова, Ә.Әмірова, Т.Левченко, М.Сәтімбекова, т.б ғылыми-зерттеу жұмыстары бар. Ғалымдардың бұл жұмыстарын қалыптас- тырудың көзі табиғат құбылыстары екендігіне ерекше көңіл бөлгендігін көреміз.
Б.Баймұратованың 70 жылдары қазақ балабақшаларында жаппай қолданылып келген қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» деген атпен шыққан хрестоматиялық құралы болдығ біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін өнделіп 1984 жылы шықты. «Біздің кітапқа» енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық, оларды еңбекке баулу, қоғам табиғат құбылысымен, өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен таныстыру мақсатында берілген.
Табиғат құбылыстарын жыл мезгіліне қарай әр кезеңнің өзіндік артықшылығын білдіріп, жаз мезгіліне жеміс-жидек, көкөніс, бақша өсімдіктері, қызыл-жасыл гүлдер өсіп, сан түрлі көбелектер қалықтайтын, күз кезінде жиын-терін, табиғаттың өзгеруі, сары ала жапырақтар, еңбек адамдарының қуанышы, молшылық, қыс мезгілінде күн суытып, айналаны аппақ қар басып, ақ шағала түрге енетінін, балалардың шаңғы, шашамен ойнайтынын, көктемде күн нүрын төгіп, жылы жаңбыр жауып, бүкіл тіршілік түгел адамдарды шаттыққа бөлейтін көріністерін балалардың тілін дамыту, көркем әдебиет сабақтарында беру жолдарын қарастырылған.
Сол сияқты «Біздің кітапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгі күн», «Жазды күн» т,б балалардың жыл мезгілі жайында алған білімдерін бекіту мақсатында қолдануға тиімді, қазақ жазушыларының бір топ өлең-тақпақтары енген.
Сондай-ақ ғылымның «Балалар әдебиетінің хрестоматиясы» атты еңбегінде балалардың жалпы дамуы мен жас ерекшелігіне сай енгізілген шығармалар бірте-бірте күрделене түскен. Балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсініктерін әрі қарай кеңейтіп, тереңдетуді көздеген. Кітапқа халық ауыз әдебиеті нүсқалары, табиғат құбылысы мен жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты ауа райының өзгеруін шебер суреттеген Абай өлеңдерінен бастап, қазіргі авторларды да қамтыған біркатар шығармалар берілген. Мәселен «жыл басы», «жыл мезгілі», «әтеш пен ит», «аю, қасқыр» және тағы да басқа көптеген мысалдар мен әңгімелер енген. Әсіресе Ш.Ахметовтың «Бүл қай кезде болады?» деген өлеңі бхүкіл жыл мезгілдерін танып, болған соң, оларды бекіту, естеріне берік сақтау үшін берілетін танымдық мәні бар шығарма. Өзі жұмбақ сияқты жазылған әр мезгілдің несімен жақсы екенін, ерекшеліктерін көркем сөз өрнектері арқылы танытады. Балабақша тәрбиешілеріне арналған «Өзіміз оқып үйренеміз», «Суретті қазақ тілі» атты кітаптарында балаларға табиғат жайында түсінік беру сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгіме үлгілері берілген.
Мектепке дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданушы ғалым А.Меңжанованың зерттеу жұмыстары мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру мәселелеріне негізделген .
Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә.Табылдиев, А.Меңжановалардың «Әрқашан күн сөнбесін», А.Меңжанованың «әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру тәжірибесінен» атты еңбектерінде балаларға табиғат құбылыстары, өсімдік жануарларға арналған өлең-тақпақ жұмбақтар берілген.
Ғалымның пікірінше, баланың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой, және тіл сияқты танымдық психикалық процестерін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің басты міндетінің бірі. Осы міндетті шешудің негізгі құралы табиғат пен қоғам құбылыстарына бақылауды дүұрыс және жүйелі ұйымдастыру негізге алуды ұcынады.
«Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке және тәрбиелеу» атты монографиясында, баланы жақсылыққа баулып, адамгершілік қасиеттерді игеруге ықпалын тигізетін құрал — көркем шығарма туындылары деп қарады. Ал көркем шығарма туындыларының негізінде, балаларды айнала дүниемен, табиғатпен таныстыру мақсаты жүзеге асырылады. Табиғат аясында еңбек етуге үйрету үшін жыл мезгілдеріне байланысты, баланы табиғат құбылыстарының сан алуан қасиеттерін байқауға, түсінуге, өсімдіктер мен жануарлар әлемін танып білуге баулу керек. Осылайша жақсы көру, жек көру, аяу,аялау, қамқор болу сияқты карапайым адамгершілік сезімдері оянады және дамиды.
Жас бала өміріні біразы табиғат аясында (серуен, ойын, саяхат, еңбек кезінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның таңғажайып сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп карады тәлімгер.
А.Меңжанова мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру ісін жүйелі ұйымдастыру барысында, баланың дүниетанымын қалыптастыруға болады, сондықтан да балаларды табиғатпен таныстыру негізінде көркем әдеби шығармаларды кеңірек қолдануды ұсынады. Тек түсіндіріп, көрсетіп қою ғана емес, олардың әсемдігін образды сөздер, теңеулер, салыстырулар арқлы да ұғымын, танымын кеңейту іске асырылады. Көркем әдебиет шығармаларының барлық жанры түгел дерлік пайдалынады. Баланың тілін ұстартып, ақыл — ойын, адамгершілік талғамын дамытуда, әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ — ой гимнастикасы деп қарады.
1970-80 жылдан бастап ТМД ғалымдары мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында жүйелі білім беру ісіне арналған ғылыми зерттеу жұмыстарын жан — жақты жүргізе бастады .
К.В.Назаренко (1974), Л.И.Мыщик (1976), И.С.Фридкина (1973), Т.В.Зеленцова (1982) балаларға өлі табиғат жайында ұғым беру мәселесін зерттесе, К.Э.Фабри, С.Н.Николаева, П.Г.Саморукова тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісімен шұғылданады.
Бұл жұмыстардың барлығы мектепке дейінгі балаларды дамыту жолын қарастыратын, оқытудың тиімді әдістерін, бағыттарын көрсеткен зерттеулер. Ғалымдар балаларға табиғат жайында ұғым беру жолын жыл мезгілдеріне қарай топтастыра отырып, өлі және тірі табиғаттың, адамдар еңбегінің маусымдық өзгерістердің әсер ететіндігін ерекше қараған.
Ал С. Н. Николаева балаға тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісінің негізгі бағыттарын, былайша топтастырды:
а) белгілі бір территорияда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар жайында білім жүйесін қалыптастыру;
ә) осы өсімдіктер мен жануарларды сыртқы пішіні мен негізгі қасиеттеріне байланысты бөліп, топтастырып қарау және олардың өмір сүретін ортамен сабақтастығы ұғындыру;
б) жыл мезгілдерінің ауысуы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне тигізетін әсерін ұғындыру;
В. Г. Гербова (1969), А. Ф. Захаревич (1970), Н. К. Постникова (1968), И. А. Хайдурова (1974), Н. Н. Кондратьеваның (1985) ғылыми зерттеу жұмыстары мектеп жасына дейінгілерге өсімдіктер әлемі жайында жүйелі ұғым беру жыл мезгілдеріне байланысты топтай отырып, балаға өсімдіктің өсуі, дамуы және оның сыртқы ортамен байланысты жайында түсінікті меңгертуге болатындығын, оның тиімді жолдарын ұсынған .
Сондай-ақ Г. Ф. Лоза (1970), Е. И. Золотова (1973), С. Н. Николаева (1979), Е. Ф. Терентьева (1980), 3. П. Плохий (1983), А. М. Федотова (1986), Л. С. Игнаткинаның (1988) зерттеу жұмыстарында балаларды жануарлар әлемімен таныстыру арқылы олардың дүниетанымдьщ көзқарастарының қалыптастыру жолы қарастырылды.
Г, Ф. Лозаның ғылыми зерттеу жұмысында жеті жасар балаларға жәндіктер жайында жалпылама ұғым беруге болатындығы дәлелденген. Автор балаға ұғымды өте жеңіл түрде меңгерту жолын қарастырған: алғаш тірі және өлі табиғат жайында ұғымды меңгертіп, сонан соң тірі табиғат бөлігінің бірі, жануарлар әлемі екендігін, ал оның бір бөлігі ретінде жәндіктер туралы түсінік берген. Педагог қорыта келіп, мектеп жасына дейінгі ересек балаларға жәндіктер жайында жалпылама ұғым берудің жолын қарастырып, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеп көрсете білген.
Сондай-ақ республикамызда балалардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген ғалымдардың бірі Қ. Аймағамбетова болды.
Тәлімгердің 6 жасар және төменгі сынып балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғат танудың оқыту және бала тәрбиесі» және тағы да басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, оларға өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы алғашқы ғылыми ұғым беру жолдарын қарастырған. Әдіскер табиғатпен таныстыру бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек үрдісінде жүзеге асыруды, түрлі
әдіс-тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негізделе отырып жүзеге асыруды ұсынады. Сонда балалардың сөйлеу тілі дамып, ойлау қабілеттері ғана артып қана қоймай, көргендерінен қорытындылар жасау мүмкіндіктері, логикалық ойдың алғашқы элементтері қалыптасып, адам, табиғат, қоғамның біртұтастығы, өзара байланысы жайында қарапайым дүниетанымдық көзқарастары кеңейетіндігін дәлелдейді.
Осы жолда тәрбиешілерге нақтылы көмек көрсететін маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жүмыстарының үлгі жоспарлары мен бағдарламалары, көп іздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт мезгілі» (1981) диафильмі құнды құрал.
Сондай-ақ Қ. Аймағамбетованың балалар қарапайым дүние танымдық білімді мектепке дейінгі кезеңде меңгергенде ғана олардың «Дүниетаным» окулығын бастауыш сыныпта жеңіл қабылдап, ешқандай қиындықсыз алып кетуіне мүмкіндік туатынын, оның жолын талдап, білімді меңгерту формасы мен әдістерін анықтап қарастырғанын, ғалымның «Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты докторлық еңбегінен көре аламыз .
Е. К. Янакиева, Ш. К. Алиева, Г. Б. Карбушева, М. Ш. Сұлтанова, М. К. Ибрагимова, 3. П. Плохий, И. Л. Комаровалардың жұмыстары балаларға табиғат жайында ұғым беру, олардың тілін, ақыл-ойын, дүниетанымын, ғана емес қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарларға үлкен адамгершілік сезімін эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдарын қарастырады.
Онда балаларға табиғат жайында үғым маусымдык өзгерістерге байланысты қаралып өсімдіктер мен жануарлардың мекендеуі, қоректенуі, оларға камкорлық жасауда адам еңбегіыің рөлі туралы дүниетанымдық ұғым жүйелі түрде беріліп, бүлдіршіндердің эстетикалық талғамын, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру жолы талданған.
Зерттеу жұмысымыздың мазмұнына, қойылатын міндеттеріне сәйкес, жас ұрпаққа, оның ішінде мектепке дейінгі балалардың жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарымен таныстыру арқылы балалардың қалыптастыру мәселесіне байланысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдары, әр кезеңде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен тұжырымдарын зерделей, талдай отырып, мынадай қорытындыға келдік.
жас ұрпаққа табиғат құбылыстары арқылы тәрбие беру саласында жинақталған тәжірибе мол, әрі ол бүгінгі таңда бұл мәселенің мазмұндық жүйесін жаңарып, қайта қүру ісіне зор үлес қосаалады. Республикамызда мектепке дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесі ұзақ уақыт қолға алынбай, бүл орайда одақтық бағдарламалар, оқулықтар мен нүсқаулар пайдаланып келгендігі, арнаулы мамандардың жетіппеушілігі, нақтылы өлкелік приципке негізделген, үлттық дәстүрді ендіретін зерттеудің жоқтығы анықталды. Балабақша тәрбиешілерінің қолданып жүрген (Б. Баймұратова, А.Меңжанова, Ә. Әмірова, Ф. Жүмабекова ) әдістемелік құралдарында бір шама табиғат жайында ұғым беру материалдары бар, бірақ олар балалардың қоршаған дүниеден ғылыми түсінік беру мақсатын көздемеген, материалдың көлемі мен мазмұны қысқаша пән аралық байланыста берілген.

   
Пікірлер13
  1. Бони

    Мен мақала жібердім алайда керек мақаламды көшіре алмай отырмын

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелсеңізші

  2. бахтинур

    керемет

  3. Aigul

    Мақала толықтырылып жіберілсе

  4. айым

    жаксы

  5. Гульдана

    Керемеет

  6. маған ұнады

  7. Айым

    Жақсы жазылған

  8. Алия

    Керемет жазылған мақала

  9. асель

    КУШТИИИИИИИИИИИ

  10. неге сиздерден материалды көшіріп алу қиын

    1. Erketai (автор)

      Көшіру қиын емес. Осы сайттың тақырыбына сай мақала жіберіп hat@erketai.kz почтасына қандай мақала керектігін жазыңыз.Бір мақала жіберсеңіз қалаған бір мақаланы алуыңызға болады. Ескерту: Мақала интернеттен алынбаған болуы тиіс!

  11. Жұлдызай

    Өте жақсы жазылған.Маған қатты ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ