Қош келдің Жаңа жыл! (балабақшада өткен ертеңгілік сценарийі)

Кейіпкерлер:Буратино-жүргізуші:-
Қоян-жүргізуші:-
Аю:-
Қасқыр:-
Аязата:-
Ақшақар:-
Тауық жылы:-

 Кіші топқа арналған сценарий

Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу.
Зал әсем жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Әуен ойналып, ортада қоян шыршаны безендіріп жүреді. Сол сәтте «Ну погоди» әуенімен қасқыр кіреді.

Қоян: Ой қасқыр келіп қалды:-деп қаша жөнеледі, артынан қасқыр қуа жөнеледі, екеуі шығып кетеді. Жүргізуші мен балалар музыкамен билеп кіреді. (Буратино киімімен)
Би: «Буратино»
Буратино -Жүргізуші:

ертеңгілік сценарийіҚұттықтау сөз. Келді міне жаңа жыл сәуле шашып Құлпырады табиғат нұры тасып. Жаңа жылды ағайын қарсы алайық Шашу шашып би билеп ән салайық. Құрметті ата-аналар,әріптестер,бүлдіршіндер,келе жатқан жаңа жыл барлығыңызға құтты болсын! Жаңа жыл бізге құт-береке,қуаныш,жақсылықтар сыйласын!Отбасымызға амандық,саулық әкелсін! (Ұл балдар киінуге кетеді!!!)
 Қоян: -Оооо, мына жерге қонақтар келіп қалыпты ал мен болсам қасқырдан қашам деп жүріп қонақтарды қарсылап алуды ұмытып кетіппін-ау.

Қоян: Құрметті қонақтар,мерекеге қош келдіңдер! Сіздердің жанұяларыңызға бақыт,қуаныш,табыс тілеймін! Балалар мына жайнаған жарқыраған мерекеге қош келдіңдер! Кәне барлығымыз мерекені көңілді қарсалайық! Балалар сендер ойнағанды жақсы көресіндерме? қыс мезгілінде не жауады? Дұрыс,қар жауады,біз
қазір қар жинау ойынын ойнаймыз Ойын: «Қар жинау»

Қасқырдың әуені ойналады,ортаға қасқыр кіреді. Қоян қасқырды көре салып,шыршаның жанында тұрған арыстанның маскасын киіп алып шығады.
Қорыққан қасқыр алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
Осы кезде ортаға аңдар кіреді.Қасқырдың алданғанын көріп мәз болады.
Жүргізуші: Қош келдіңдер аңдарым Аю,түлкі,қояным Мерекеде тұрмайық Би билейік паңдарым.

Қоян: Иә,аңдар,буратинолар келіңдер қосылып би билейік бәріміз.

Би: «Қояндар биі»

Жүргізуші: Қоянжан сен әсем шырша безендіргенсін,бірақ оның шамдары жанбаған.

Жаңа жылҚоян: Иә,қасқырдан қашам деп жүріп шамдарын жағуын ұмытып кетіппін Балалар маған шыршаның шамдарын жағуға көмектесесіндерме. Бір,екі,үш шырша шамы жарқыра түс (свет сөніп,шырша шамдары жанады)

Жүргізуші: Қандай тамаша шыршамыз жарқырай түсті.

Енді шыршамызға арнап “Шырша”әнін шырқайық. Ән:”Шырша”

1.Шырша тауда туыпты,шырша тауда өсіпті,Енді бізге қонаққа жасыл болып келіпті Шырша,шыршамыз әнге қосылшы,Шырша шыршамыз биге қосылшы.

2.Ойыншықтар тізілген шырша бізге қарап тұр,Қандай жақсы керемет,мерекеміз жаңа жыл
(қыздар маша киінуге кетеді)(Барлық қыздар ұлбалалар киінуге кетеді)
Осы кезде қоян аяз ата киімін киіп ортаға шығып ән айта бастайды,дәл сол сәтте қасқыр ақшақар киімін киіп шығып әнге қосылып жүріп қоянды байлап тастайды. Қасқыр енді қоянға бас салып жегісі кеп жатқанда әуенмен ортаға қорбаңдап аю кіреді.
Аю: -Қасқыр сен мұнда не істегелі жатсың?

Қоян: -Аю тезірек мені құтқаршы көмектесші.

Аю: Кәне жібер қоянды Аюдың даусынан қорқып қасқыр қаша жөнеледі.Аю қоянды шешіп, құтқарып алады.
Қоян: -Аю саған көп-көп рахмет.Мені қасқырдың ауызынан құтқарып алдың.

Жүргізші: Қош келдің Аю! Сен мұнда қайдан жүрсің?

Аю: -Қарсы алғандарың үшін рахмет,бірақ мен өзімнің Машамды іздеп жүр едім жаңа жыл болса келіп қалды,ол үйдің бәрін шашып кетіпті,сендер көрмедіңдер ме?

Жүргізуші: Аю сен ренжіме бірақ Машалар көп. Осы кезде ортаға төрт Маша шығады.

Аю: -Менің Машам қайсысы екен?
Машалар: -мен,мен,мен,мен деп шулай бастайды.
Аю: -Мен Машамды тек биінен танимын.Кәнекей маған би билеп беріңдеші. Би:”Машалар” Аю:Міне менің Машам:-деп бір қызды көтеріп алады.Жүр Маша үйге,дос қыздарыңды да қонаққа шақыр!
( қыздар ақшақар киінуге кетеді)

Қош келдің Жаңа жыл!
Қоян: Балалар кәне ойын ойнап жіберейік.Ойынның шарты аққала құрастырамыз. Ойын:”Аққала құрастыру” Жүргізуші: Қоянжан Аяз-атамен Ақшақарды шақыруды ұмытып кетіппіз ғой кәнекеей бәріміз дауыстап шақырайық Қоян:

Барлығымыз бірге: Аяз ата, Ақшақар аууууу! Музыка әуенімен аязата, ақшақар және кішкентай ұлпақарлар келеді.
Ән: «Аязата мен ақшақар әні» (Амандасу)

1.Аяз-ата: Сәлем,сәлем балалар,сәлем,сәлем достар Ақшақар:Жаңа жылға келдік біз, қуанамыз бәріміз.

Қ-сын бірге: Қол шапалақтап қарсы алыңдар, Шетелден келдік аяз ата мен ақшақар Бүгін жаңа жылмен құттықтаймыз, Жақсы көңіл сіздерге сыйлаймыз.

Жүргізуші: Қош келдіңдер Аяз ата мен Ақшақар,біздің балалардың сендерге арнаған тақпақтарымен әндері бар. Келіңдер бізбен бірге қосылып ән айтып, шыршаны айналайық

Ән:”Аяз ата”

1.Жаңа жыл мереке,
бақшамызға келді,
Аяз ата бізге сыйлықтар әкелді
Әнде айтып бердік,
тақпақ айтып бердік,
Риза болып ата қалыпты.
2.Арқасында қапшық,
Ол қапшықта ойыншық,
Қапшығын пашады,
Балалар қуанады. Ақшақар:-Менің ұлпақарларым қайда екен? Аяз атаға арнаған билері бар еді. Би:”Ұлпақарлар” Осы кезде ортаға қасқыр кіреді. Қоянның қасқырды көріп қорқақтап тұрғанын аю байқап,себебін сұрайды. Қоян:-Мен қасқырдан қорқып тұрмынол мені ұстап алмақшы. Аяз ата:-Балалар менің қолымдағы сандыққа қараңдаршы,бұл сандықты ашайық.(музыка ойналады) Аяз ата сандығын ашқан кезде ішінен Тауық яғни Жаңа жыл шығады. Жүргізуші:Ей,жаңа жыл,жаңа бақыт ырысым Жақсылақтың жаршысыда нұрысын Адамдардың асқақтаған арманы, Ақындардың таусылмайтын жырысын!-Жаңа тауық жылы бізге қош келдің,саған арнаған құттықтаулар бар қабыл ал.
Аяз ата:-Аталарың сендерге, Шаршап келді алыстан Отырайын демалып Маған тақпақ арнаңдар Тақпақтар:Балалардың жаңа жылға арнаған тақпақтары. (Аяз ата балаларға сыйлығын таратады.)Аяз ата:Ал балалар мен басқа балабақшаларға барып құттықтауларымды таратайын,сау болыңдар!(ақшақар екеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:Осымен біздің Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды,Сау болыңыздар!
“Машалар биі” “Буратино биі”

Отшашуды тамашалаймыз!(видео)

   
Пікірлер1
  1. Аиша

    Жаңа жыл мерекесіне арналған керек материалымды таптым деседе болады. Себебі бұл мақаланы оқи отырып балалар былай тұрсын, өзім де тура бір Жаңа жылдық мерекеге қатысып келгендей күй кештім. Әр түрлі қойылымдар мен аңдарды кіріктіріп, оларды сөйлету арқылы бала бойын лезде баурап алар қажет материал екен. Бұл мақала арқылы балалардың мерекеге деген қызығушылықтарының артқандығын байқадым. Алда келе жатқан Жаңа жылдық мерекеге көп көмек болады сеніммен ай

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ